Кедендік кодекс: Беларусь неден қитықты?

384 рет қаралды
1

тс Бүгін, яғни шілденің бірінен бастап, Кедендік одақтың кедендік кодексі жұмыс істей бастады. Түу баста үш мемлекет – Қазақстан, Ресей және Белоруссия бірігіп, жасақтауды мақсат еткен еді. Бірақ, Белоруссияның бұл тұрғыда ұстанған бағыты әлі айқын емес. Ол Ресейден арзан газ алмайынша, Кедендік одаққа енуге көне қоятын түрі байқалмайды.

ЛУКАШЕНКО БЕЛАРУСЬТІҢ МҮДДЕСІ ҮШІН КҮРЕСУДЕ

Кремль мен тс3Минск арасындағы дау-дамай «Газпром» мен Беларусь арасындағы даудан туындап отыр. Белоруссия жаңа жылдан бері Ресейден алатын газға былтырғы жылғы бағамен есептесіп келеді. Ал, «Газпром» бұл бағаны биыл 20 долларға қымбаттатқаны белгілі. Сонда жыл басынан бергі Беларусьтің «Газпромға» берешегі – 190 миллион долларды құраған екен. Керісінше, Лукашенко газ транзиті үшін «Газпромның» 260 миллион доллар қарыз екендігін айтып бағуда.

Әлемдік сарапшылардың жазуына қарағанда, Белоруссия батькасының Кремльдің қырына іліккені Қырғызстанның тақтан тайдырылған президенті Құрманбек Бакиевті паналатқаннан басталған көрінеді. Оның үстіне Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындамауы онсыз да қалың қатпарды қалыңдата түскендей.

Euronews телеарнасына сұхбат берген Беларусь президенті Лукашенко:
“Ресей саясаткерлеріне біздің мемлекеттік жеке меншігіміз керек. Олар оған тегін қол жеткізгісі келеді” деген.

«Белорусская Нива» газетінің мәлімдеуі бойынша Лукашенко Ресейдің Украинаға газды 30%-ға арзандатқанын, Венгрияға да уәде бергенін айта келіп, олар газды былтырғы бағамен алғысы келетіндіктерін айтады. Бұл олардың экономикасын аяғынан тұрғызу үшін қажет екен.

Жалпы, Лукашенконы цитаталарына қарап отырсақ, ол Ресей Беларусьтің жеке тәуелсіз саясат жүргізгеніне наразы деген пікірде. Сол үшін де ең жақын, қандас туысы, стратегиялық әріптесі Минскіден теріс айналып отыр. Бүгінгі Кедендік кодекс Беларусьсіз өмірге жолдама алды.

КІМ ҰТЫЛДЫ, КІМ ҰТТЫ?

тс1Бұл ретте Ресей саясаткерлері Лукашенконың талабын орынсыз, Кедендік кодекске қосылмауын ақымақтық деп бағалап отыр. Өйткені, Белоруссияның шағын рыногы тұтасымен Ресейге тәуелді көрінеді. Лукашенконың өзі газды арзан бағаға бермесе, Беларусь экономикасының тұралайтындығын мойындап отыр. Кейбір сарапшылар Лукашенко «мүйіз сұраймын деп құлақтан айырылған тоқал ешкінің» күйін кешті деген ой айтады. Өйткені, бұған дейін Ресейден арзан газ бен мұнай өнімдерін алып келген Белоруссия үшін енді Ресей рыногы жабық болады.

Бірақ, Лукашенко де, Беларусь саясаткерлері де олай ойламайды. Ресей Белоруссиядан айрылады дейді CNN-ге сұхбат берген беларусь лидері. «Меніңше, бұл Ресейдің ресми түрде таңдап алған жолы емес. Егер, олай Ресей Белоруссиядан айрылады. Бұл қайтып орнын толтырмас өкініш болар еді. Моральдық, материалдық, әскери-саяси тұрғыдан, кез-келген жағдайда – Ресей үшін ауыр соққы» дейді Лукашенко.

«Радио свободаға» сұхбат берген Литвада тіркелген Белоруссияның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Виталий Силицкий Кедендік одақтың Ресейдің геосаяси мақсаты екенін айта келіп, бұл ретте Белоруссияның бас тартуы Ресей үшін ауыр соққы болғандығын айтады. «Бүгінгі жағдай Ресей Федерациясының посткеңестік аумақты бақылай алмайтындығын, оның жобаларының сәтсіздікке ұшырап жатқандығын көрсетеді» дейді ол.

АЛ, ҚАЗАҚСТАН ШЕ?…

1244802840_nazarbaevӘрине, Кедендік одақ жасақтауға бәрінен бұрын мүдделі болған ел Ресей. Өйткені, басқа саясаткерлер айтып жатқанындай Кедендік Одақ Ресейдің геосаяси жобасы. Болашақта бұрынғы одақты болмаса да, өз ықпалы жүретін жаңа одақ құру жоспарында жоқ емес. Оның үстіне Ресейдің рыногы кеңейеді. Қазақстанға оның тауарлары қаптайды. Онсыз да өндіруші секторы дамымаған Қазақстанды ірі өнеркіспті Ресей рыногы жаншып тастауы да мүмкін. Қазақстан қашан да шикі зат елі атанған, бұл жолда да шикізат мемлекеті болып қала беруі ықтимал.

Ең әуелі Кедендік одақтың салмағы қарапайым тұтынушыға түседі. Қазіргі қымбатшылық қымбатшылық па, енді кедендік баж салығы Ресейдің баж салығымен теңестірілгеннен кейін, барлық тауарлар қымбаттайтын болады. Бұл, әсіресе, Ресейден өзге мемлекеттерден енетін тауарларға қатысты болмақ. Елдегі ең көп әрі ең арзан Қытай тауарларының өзі бірнеше есеге қымбаттайды. Қазір шетел автокөліктеріне салынатын кедендік баж салығы төңірегіндегі келіссөздерге әлі нүкте қойылған жоқ. Алғашқы жылдары үш ел өз кедендік баж салығын сақтап қалуы ықтимал. Жылдар өте келе ең жоғарғы баж салығы Ресейдің кедендік салығымен теңестірілетін болады. Бұл шетелдік автокөліктердің бірнеше есеге қымбаттайтынының айғағы.

ҚазТАГ-тың хабарлауына қарағанда, Қаржы министрі Болат Жәмішевтің мәлімдеуінше, бұған дейінгі келіссөздер бойынша, кедендік баж салығынан түскен кірістің 87,97%-ын Ресей иеленсе, 7,33%-ын Қазақстан, 4,7%-ын Беларусь иеленетін болған екен. Беларусьтің бас тартқанына орай, бұл пропорционалд түрде екі мемлекетке бөлінетін болады. Сөйтіп, Қазақстан 7,69%-ына иелік етеді екен. Бұдан Қазақстан экономикасы қаншалықты пайда табатынын көзіқарақты көрермен өзі бағамдай жатар.

P.S. 5-шілдеде Астанада Белоруссия, Қазақстан және Ресей президленттері бас қосатын болады. Бұл басқосуда Кедендік одақ құрудың қыр-сыры сөз болмақ. Белоруссияның ақырғы сөзі осы басқосуда айтылады. Ресей саясаткерлері осы Саммиттен үміт күтіп отыр.

Есенгүл Кәпқызы.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым