Үрiмжi “Назгу” автостанциясы. Алматы-Үрiмжi-Алматы бағытына қатынайтын
автобустар да осы жерден жүреді. Қыстың күні, жолаушылар сирейтін мезгіл. Топырлаған
топтың шетiнде тапжылмай бір қыз тұрды. Үскіріктен ығатын түрі жоқ. Қақаған аязда,
қара суықта жалаңбас жүре беретiн қытай әдетiн ұстанған. Бас киімсіз. Қой көздi қоңыр
жүздi. Сол қызға назарым ауды. Сонымды сездіме, таяп келді. Қыбырдан секемденетiн
елiктiң лағындай екен, менi тiнте қарап алды. Түр-түсін ішіп-жегім келіп бара жатса да
сұқтана қоймадым. Ол өзі ашыла бастады.
–Алматыдансыз ғой?
–Иә.
– Менің де Алматыға барғым келіп еді… Мен сізді бағанадан бақылап тұрмын.
Қазақстансыз ғой.
–Қазақстаннанмын… Алматыданмын дедім ғой…
–Әлгiндегi «құжаттағы мөрі күшсiз» деп жатқан адам менмін.
–А-а-а
– Туыстарым Бейжiнге дейiн барып, бiр жыл сарпалдаңға түсіп жүріп әрең дегенде рұхсат алған едi, ендi мiне жүргелi тұрғанда тағы бiрдеңесi болмай қалыпты. – Сөзiнiң соңы әзер естiлiп, иегiнен дiрiл бiлiндi. Көз шарасын жас торлап, жүзiндегi мұң қоюлана түстi. «Оны несін маған сөз қып тұр екен?».
– Алматыға алғаш барғалы тұр екенсiз ғой?
–Бармайтын болдым! – Қыз жанарын жарқ еткiзiп көтердi де, дидары жылып, күлiмсiрген
көзiнде үмiт ұшқыны көрiндi.
– Әке-шешем Шуда тұрады. Шақыру жiберген. Бір емес, неше қайтара келдi сол шақыру.
Паспорт алғаннан берi тоқтай алсамшы. – Ол күлдi де, iле-шала “сағындым” деп
кiрпiктерiн қағып едi, жасы моншақтап кеттi.
–Құдай қаласа, ертең осы мөлшерде Алматыда тұрамыз,– дедiм. Жас қыз жас жуған кiрпiктерiн жыпықтата қарады.
–Жібергілері келмеді-ау деймін… Сіздер бақыттысыздар. Жылап қойдым, жыламаймын деп өзіме ант берген едiм…Сіз Қазақстан болған соң өзімсініп…
Ақсудан көшерде, “оқуыңды жалғастыра бер, аман болсақ, кешiкпей табысармыз,
ағайын-туыстар арасында қала тұр, бiз орналасып алайық” дескен екен әке-шеше. Ендi
ойласа, бекер ажыраған, араласпақ түгiлi, айында-жылында көрiсу мұң болыпты ай-күннің
аманында.
Автобус қозғалды. Қарамыз үзiлгенше, қаршадай қыз қалшиған күйi қадалып қарап
тұрды.
«Қарағым–ай!».
Б.Бәмішұлы
Қарағым-ай
Соңғы жазбалар
Фото: olympic.kz Ұлан-Батырда (Моңғолия) күрес түрлерінен өткен рейтингтік халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz.
Фото: gov.kz Астана қаласында «Қазанат» ипподромында 11-12 шілде күндері қазақтың асыл сусыны қымызға арналған «BaiQymyz –
Фото: pixabay.com Қазақстандық жүк тасымалдаушылар енді Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстан мемлекеттеріне кіруге арналған электронды рұқсат құжаттарын
Фото: kff.kz Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлайды. Футболдан Қазақстан құрамасы маусым айындағы екі жолдастық матчтың
Фото: gov.kz Астана қаласында алдағы үш ай бойы ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтеді. Іс-шараны
Фото: railways.kz Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Вокзалға барар алдында жолаушылар
Фото: istockphoto.com Бүгінде Қазақстандағы кітапханалар жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Келушілер санының артуы, оқырмандар қатарының көбеюі
Фото: Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлайды. OpenAI делегациясының Қазақстанға сапары аясында
Фото: pixabay.com ҚР Көлік министрлігі халықаралық ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру
Фото: istockphoto.com Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 16 мамыр күні Мемлекет