Есенғалиға хат

629 рет қаралды
2

Серік маған, кеште қоңыр, таңда да ақ,
Құсқа жақын, емес тағы малға жат.
Нар туралы жиі-жиі жазатын,
Нар тұлғалы сары қазақ.

Бір ақын бар Үшқұштайдан мекені,
Жетегінде өлең дейтін сетері.
Алматыға ол бармайды, не қылсын,
Алматыға сол сары қазақ жетеді.

Құштай, Көксу көкірегіне кең сиып,
Жанарында жүреді ылғи дерт ұйып.
Қаба жалды қара құнан секілді,
Қара түнде тұрады үнсіз селтиіп.

Күле жылап, жылай жүріп күледі,
Əрі тұйық, әрі ашық бұл өзі.
Түрі қытай порымдастау болғанмен,
Жүз мың қазақ жүрегіндей жүрегі.

Ержетті ол да, сынбай, көрмей көп азап,
Кереметтей сүйдірді оны о ғажап.
Мырза шөлды қимай жүріп ақыры,
Мырза шөлден көшіп кеткен со қазақ.

Батып бара жатқан тұста күн өліп,
Күнге қарап көкірегінен гүл өріп.
Мүлгиды-ай кеп, көркем тауыс секілді,
Жыр қанатын көкке жайып жіберіп.

Шертетұғын тау-өзенге сырларын,
Ағып өтер жұлдыз еді-ау бұл да бір.
Есенғали кірмеді ме түсіңе,
Сендер жайлы жазылатын жырлары,
Сол баланың қытай жақта туғаны.

Ыбырай Дүйсенұлы
ҚХР Орталық Ұлттар университеті
Төтешеден криллшеге түсірген: Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Дүйсен бауырым! Тамаша жырларыңды Қазақ еліндегі оқырмандарыңмен де бөлісуге ұсындым. Тағы болса жіберіп тұр.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі