///

Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды

32 рет қаралды

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Қазан қаласында өтіп жатқан Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы – ИСЕСКО Бас конференциясының 15-ші сессиясында айтылды деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында қатысушылар ұйымның 2020-2025 жылдар аралығындағы атқарған жұмысына шолу жасап, ИСЕСКО-ның 2026-2029 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын талқылады. Құжатта ұйымның алдағы кезеңдегі негізгі даму басымдықтары айқындалған.

Жиын аясында Түркістан қаласының 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылуы Қазақстан үшін маңызды мәдени бастамалардың бірі болды.

Конференцияда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли кейінгі жылдары Ислам әлемі мұралары тізіміне Қазақстаннан «Тоғызқұмалақ» дәстүрлі ойыны, «Ою-өрнек» сәндік-қолданбалы өнердің үлгісі және «Қармақшы жыраулары» ауызша поэзия дәстүрі сақталған өнер мектебі енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар қазақстандық тарап 2026 жылы Алматы қаласында әл-Фарабидің адамзат тарихына қосқан үлесіне арналған II халықаралық конференция өтетінін жариялады. Іс-шара ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ИСЕСКО Бас конференциясы төрт жылда бір рет өткізіледі. Биылғы форум гибридті форматта өтіп, оған ұйымға мүше 53 мемлекеттің өкілдері қатысуда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар