///

Дәуірдің дара тұлғасы: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы

51 рет қаралды

18 мамыр Алматыда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің абызы, қоғам қайраткері, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 90 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Кешке ақын денсаулығына байланысты өзі келе алмаса да, оның рухы, асқақ поэзиясы қонақтың жүрегінен орын тапты.

Кіру аймағында қонақтар үшін қызыл жол төселіп, арнайы мерейтойлық үлкен баннер орнатылған. Кешке келген зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар осы баннер алдында тоқтап, естелікке суретке түсіп жатты.

Олжас Сүлейменовтің еңбектерінен  арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Үш стендке қойылған кітаптармен қатар, ақынның жас кезіндегі мұрағаттық фотосуреттері үлкен форматта ұсынылды. Көрме аймағында келушілерге ақпарат беретін мамандар жұмыс істеді. Сондай-ақ, осы алаңға жақын жерде скрипкашылардың сүйемелдеуімен жанды музыка ойнап тұрды.

Олжас Омарұлының жас кезіндегі фотолары

Кештің ерекше мәдени атмосферасы ғимаратқа кіре бере-ақ сезілді. Қонақтарды скрипкашылардың сүйемелдеуімен жанды дауыста әуезді шығармалар орындаған оркестр ұжымы қарсы алып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара аясында ұйымдастырылған арнайы кітап көрмесі.

Залға кірген кезде көрермендердің көптігі бірден байқалды, ине шаншар жер болмай, орын тапшылығы анық сезілді. Кешке еліміздің танымал тұлғалары, қоғам белсенділері мен мәдениет қайраткерлері түгелге жуық қатысып, мерейтой иесіне деген жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Кештің ресми бөлігінде Алматы қаласының әкімі сахнаға шығып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған арнайы құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау хатта Олжас Сүлейменовтің ұлттық мәдениет пен әдебиетке қосқан өлшеусіз үлесі атап өтіліп, оған ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тілектері айтылған.

Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін оқып тұр

Салтанатты жиын барысында Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен құрметті қонақтар сахнадан сөз сөйлеп, мерейтой иесіне деген ақжарма тілектері мен естеліктерін бөлісті. Сонымен қатар, алыс-жақын шетелдік мемлекет қайраткерлері мен ресми тұлғалардың да ыстық сәлемдері мен құттықтауларын кеш жүргізушілері  жеткізді.

Кештің шығармашылық бағдарламасы да өте мазмұнды ұйымдастырылған. Сахна төрiнде өнерпаздар кезек-кезек шығып, ақынның отты өлеңдерін жатқа оқыды және оның сөздеріне жазылған шығармалар орындалды. Әсіресе, Олжас Сүлейменовтің әлемге танымал «Қасқырдың бөлтіріктері» өлеңінің желісімен дайындалған театрландырылған шағы н қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Актерлердің сахналық шеберлігі мен қойылымның терең мағынасы залды бей-жай қалдырмай, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңында барлық қатысушылар мен өнерпаздар сахна ортасына шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Келген қонақтар көтеріңкі көңіл-күйде бір-бірімен араласып, естелік суреттерге түсіп, кеш соңына дейін үлкен белсенділік танытты.

Жанерке Қуаныш,

Суреттерді түсірген автор

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар