Көксу және мен

989 рет қаралды

Ақ толқын атқан бұйра жалдары күзеліп,
Барады жылып, барады жылжып, бәсеңдеп.
– Бұл емес Көксу, бұл емес – дедім түнеріп,
– Осы ғой саған не болған – дейді әкем кеп.

Дабысы қайда, дауысы қайда ақырған,
Шабысы қайда жартастарды ұрып тойлаған.
Ағысы қайда, көбігі көкке атылған,
– Жуасып кетті, дейді ағам.

О тентек өзен, ақырған өзен, өр өзен,
Тынатын сәтің жетеді екен-ау саған да.
– Өмір-ай – деймін, күбірлеп іштей – недеген?!
– Қашанғы тентек болады дейді анам да.

– Молайды суы, тереңдеп кетті арнасы,
Егделеп қалды, егделеп қалды жарықтық.
– Деп күрсінді атам, бір атап қойып “Алласын”
– Өледі бұл да теңізге өзін ғарық қып.

Отырушы еді, Алла деп қойып, дауыстап,
Қоңыр бір күзде атамды жеді жемір күн.
Мен болсам кеттім, ауылдан сосын алыстап,
Талқысына әсте көнбеу керек деп өмірдің.

Мен нені білгем, енді-енді жүрмін жиі аңдап,
Сутты күнде, келеді ептеп кемер күз.
Кеткенбе деймін, мінезім тәуір ұяңдап,
Көрермыз!!!

Ыбырай Дүйсенұлы
ҚХР Орталық Ұлттар университеті

Төтешеден криллшеге түсірген: Мейіржан Әуелханұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі