/

Қалтафон да қазақ тілін үйретеді

32849 рет қаралды
5

Швед компаниясы мобильді телефон көмегімен қазақ тілін үйрететін бағдарламасын таныстырды

Ғалымдардың соңғы ізденісі телефонның енді білім беретін көмекші құралға айналуын болжауда. Алматыда өткен Digital Communication 2010 шарасында “Informator атты швед компаниясы «So to Speak» атты қазақ тілін қалтафон көмегімен үйрететін бағдарламаны таныстырды.

«Біздің елімізде швед тілін білмейтін мигранттар саны көпшілік. Олар бірінші кезекте тіл үйренуде көптеген қиындықтарға ұрынады. Бұл бағдарлама алғашқы болып осыдан үш жыл бұрын соларға лайықталды», – деді жоба идеясының авторы Карл Хофсо.

Белгілі бір тілді үйренгісі келетін адамдар әуеліде кітапқа жүгінетін. Одан кейін аудио таспалар ұсыныла бастады. Бірақ интернет аталған салаға үлкен өзгеріс алып келгені белгілі.

IMG_8668«Еуропада тіл үйрететін бағдарламалар көлік ішінде отырып тыңдауға арналаған үнтаспалар негізінде шығарылған. Бірақ мұндай таспаны көлік ішінде тыңдағанымен жүргізуші көз алдындағы жолды ойлап отырады. Бұл тәсілмен тілді тез арада .үйрену аса қиын. Сондықтан біз үш жасар бала тілді қалай тез үйренетін болса, ересектер де солай үйрене алатынына сенімді болдық. Бүлдіршіндер ешқандай грамматикалық ержені білмей, ересектердің айтқанын қайталаумен тілдерді шығады», – дейді мобильді құрылғы арқылы тіл үйретудің әдістемесін әзірлеген Карл Хофсо (суретте).

Мобильді құрылғыларға арналған бағдарлама ауызекі тілді меңгеріп шығуға бағытталған. Бұл әдісті «тыңда, қайтала, салыстыр» деп атапты. Тоғыз деңгейден тұратын бағдарламаны қалтафонына жүктеп алған адам, оның ішіндегі сөздерді қайталауға күніне бір-екі сағат уақытын жұмсаса жеткілікті. Нәтижесінде сөздерді, бірте-бірте сөйлемдерді дұрыс айтуды үйренеді. Яғни, жұрт оның айтқанын түсіне бастайды. Телефон ішіндегі тапсырмаларда сонымен қатар адамның өзінің айтқанын, телефон ішіндегі диктордың айтқанымен салыстыру, орны бос әріптердің, сөздердің орнын толтыру тәрізді қысқа тапсырмалар бар.

Әртүрлі мобильді телефондарға лайықталу үшін бағдарлама Java, HTML, Flash модульдарын қолдайтын кез-келген телефонға сәйкестендірілген. Телефонға жүктелген бағдарламаны іске қосқанда телефон дисплейінде арнайы суреттер пайда болады. Ер және әйел адамның дауысы қазақша (немесе басқа тілдегі) сөздерді дыбыстайды. Қолданушы арнайы түймені басып, олардың айтқанын қайталап, салыстырады. Бір деңгейді аяқтап болған соң, қолданушы интернеттен өз телефонына басқа деңгейін жүктеп алады. Еуропада төлемақыны SMS көмегімен өтейді.

Қазақстанда Шведтердің «So to Speak» өнімін ұсынып отырған Informator компаниясымен Қазақстандық “Data Tel Communication” компаниясы ресми серіктестік жөнінде келісім-шартқа қол қойды. Компания басшысы Ержан Намазов «Қысқы Азияда ойынына дейін бұл өнімді қазақ нарқына ұсынуға тырысамыз. Себебі бағдарлама шетелдіктерге қазақ немесе орыс тілін тез меңгеруге септеседі» деп санайды. Төлем ақы жүйесін оңтайландыру үшін Қазақстандағы мобильді операторлармен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар телефон өндіретін компаниялармен де ортақ жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Еуропада телефон көмегімен тіл үйрететін 9 деңгейден тұратын бағдарламаның бір деңгейінің бағдарламасы 10 мың теңге маңайында. Бір курс өз ішінен тоғыз бөлімге бөлінеді. Қазақстандықтар үшін бұл өнімнің құны қандай болатыны әзірге нақты емес.

Қызық дерек: Соңғы зерттеулер бойынша мобильді телефоны бар қазақстандықтардың 70 %-ы оны ұйқыдан оятатын сағат ретінде қолданады және 33%-ы әмиянын жоғалтқаннан гөрі, телефонын жоғалтып алудан қорқады екен.

Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Иә, жақсы бастама. Бұл программаны алдымен қазақша екі сөздің басын құрай алмай жүрген шала қазақтардың қалтафонына енгізу қажет екен.

  2. Игілігігі мол болар ізгі шаралардың бірі боларына күмәнім жоқ. Жаңа заман технологиялары арқылы ана тілімізді ардақтасақ, оның несі айып?! Әсіресе, есі кіре бастасымен-ақ қалтафонға жармасатын қала балаларына ең қажет дүние. Алдағы уақытта аталған бағдарламаны жарнамалау дұрыс жолға қойылса, көпшілік қауым құлақтанар еді. Жаңа жоба жемісті болғай!

  3. Өте, жақсы. Игі бастама тезірек іске асса, бұл қалтафонды ана тілін білмейтін білгіштерге әперу керек екен. Бірақ, қазақтардан бұрын, шет елдіктер қазақша сайрап ұят болмаса екен! Дегенмен, ауыздарында қазақ альфабиті жоқ болса да, бойларында азаматтық намыс бар деп ойлаймын!

  4. Карл Хофсо мырзаның ойлап тапқан тіл үйрету әдістемесі біздің қазақ мәңгүрттеріне таптырмас құрал. Сондықтан, ІСКЕ СӘТ!

Айтолқын жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері