Лондонда Қазақстан бизнес форумы

1542 рет қаралды

KBF Panel with Lord MandelsonKBF Panel 5 GroupЛондонда, Ұлыбритания, 20-21 қазанда Қазақстан бизнес-форумы өтті.

Форумның бірінші күнінде панельді секциялар бойынша пікірталастар өтті:

Самрук1

§ «Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму нәтижелері және одан арғы келешектері»

§ «Қазақстанның энергетикалық секторы: даму бағыттары

§ «Атомдық энергия және уран индустриясы»

§ «Инфрақұрылым және телекоммуникация»

Пікірталасқа қатысқандар: «СамұрықҚазына» Басқармасының төрағасы Қ. Келімбетов, Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Қ.Әбусейітов, Қазақстандағы Біріккен корольдіктің елшісі Дэвид Моран, Британ-Қазақстан партияаралық парламенттік топтың төрағасы Лорд Вейверли, Еуропалық Даму және қайта құру банкінің Орталық Азия, Түркия, Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша басқарушы директоры Оливьер Декамп, Ұлыбритания Сыртқы Істер министрі Лорд Хон Хауэлл, Қазақстанның ұлттық компанияларының басшылары, инвесторлар, трансұлттық компаниялардың өкілдері, сарапшылар, журналистер.

Форумды телебайланыс арнасы бойынша форум қатысушыларына бейнехабарламамен сөз сөйлеген Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ашты:

Қайырлы күн! Осы форумға Астанадан құттықтау жолдауға рұқсат етіңіздер! Қазақстан-Британ сауда палатасы мен Самұрық-Қазына қорына осындай форумды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Осы форумның Лондонда өтіп жатқанының өзі бір нышан, өйткені Лондон – бұл Қазақстан үшін көптеген маңызды шетелдік инвесторлардың орталығы және Лондон Сити қазақ компаниялары өзінің халықаралық капиталдандыруын арттыруға ұмтылатын жер. Сондықтан, бұл көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде әлемдік экономиканың экономикалық қалпына келтіру туралы пікір таластыра алатын саясаткерлер, бизнесмендер, сарапшылардың кездесуіне арналған алаң.

LondonСамрук…Қазақстан көптеген сындарға тап болды.
Алайда қазір Қазақстан дағдарыстан кейінгі даму жолымен жүріп келеді. Біздің экономика дұрыс жолда. Дағдарыс кезінде біз мынадай бірнеше қадамдарды алдын ала қабылдадық:

1. Коммерциялық банктерге қаржылық көмек көрсетілді. Бұл үдеріс өте транспарентті өтті, бұған барлығы да көз жеткізді.

2. Халықты қолдау, әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықты сақтау үшін шаралар алдын ала қабылданды.

3. ШОБ, агросекторға, инфрақұрылымға көмек көрсетілді.

Осы шаралар біздің экономиканың тұрақты дамуы үшін түрткі болды. Қазір дағдарыстан кейінгі даму өте орнықты түрде өтіп жатқанын айтуға болады. Қазір Қазақстан ұзақ мерзімді орнықты даму мақсатын алға қойды. Бұдан басқа, Қазақстан өз позицияларын азиаттық өңірде нығайтады.

«Самұрық-Қазынаның» төрағасы Қайрат Келімбетов бірінші сессияда сөз сөйей отырып, форум қонақтарының сұрақтрына жауап берді:

Тәуелсіздіктің басынан бастап біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық реформалар жүргізіп келе жатқаны естеріңізде болар: бізде тиімді зейнетақы реформасы өткізілді, ол көбін Чили тәжірибесінен алды. Сингапурлық тәжірибе бойынша мемлекеттік активтерді топтастыруда Самұрық холдингі, ал малайазиялық тәжірибе бойынша – «Қазына» қоры құрылған болатын. Дағдарыс уақытында компанияның екеуі біріктірілді. Қазір «Самұрық-Қазына» қоры барлық ұлттық компаниялардың бірыңғай «қол шатыры» рөлін атқарады. Қордың капиталдандыруы елдің ІЖӨ-нің шамамен 30%-ын құрайды.

Біздің Қорда өз салаларында ірі ойыншылар болып табылатын ұлттық компаниялар бар. ҚазМұнайГаз – ірі мұнай-газ компаниясы, Қазатомөнеркәсіп – уран саласындағы ірі ойыншы, Эйр Астана – авиатасымалдарда. Бұдан басқа, ел экономикасында инфрақұрылым бойынша қызмет көрсететін компаниялар бар. Бұл біз мүдделі болып отырған инвестиция беру мүмкіндіктері туралы айтады.

Мен Қазақстан 3 критерий бойынша жаһандық жоспарда рөл атқарады деп ойлаймын. Біріншісі – Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ сияқты осындай жаһандық жобалардың үстінен ҚМГ белсенді жұмыс істеуде. Онда американдық және британдық компаниялар, қытайлар, орыстар, Таяу Шығыстың өкілдері де жұмыс істейді. Олар үшін Қазақстанда инвестиция берудің үлкен мүмкіндігі бар. Біз елде мұнай-химия кластерін дамытудамыз. Битум зауытын салуды бастадық. Біз мұнай өңдеуші зауыттарды жаңғыртатын боламыз. Барлық компанияларда технологияларды беру үдерісі қалыптасуда.

Екінші критерий – Қазақстан ірі уран өндірушісі болу мүмкіндігіне ие. Бұл инвесторлар үшін де тартымды мүмкіндік. Мәселен, Қытайда атом энергетикасын дамытумен белсенді айналысуда. Жақында Брюссельде және Парижде болып, біз Қазақстан аумағына [атом саласында] жоғары технологиялық өндірістерді бірлесіп құру туралы ірі компаниялармен уағдаласамыз деген жоспарлар бар.

Үшінші критерий – өзінің құрамында ірі компаниялар бола тұра, «Самұрық-Қазына» АҚ инфрақұрылымды дамытуда, корей әріптестерімізбен бірігіп, темір жолдарды, энергия станцияларын салып жатырмыз.

Осы факторлардың бәрі Қазақстанда шетелдік қаржыгерлер мен мердігерлер жұмыс істеуі үшін көптеген мүмкіндіктер ашуда.

Бұл ретте бізге қалған экономиканың барлығын дамыту үшін бәсекеге қабілетті дәстүрлі саланы пайдаланғанда норвегиялық және австралиялық даму тәжірибесі өте жақын.

Үкімет инвестициялық климатты, салық климатын жақсарту үшін бәрін жасауда. Кедендік одақ шеңберінде инвесторларды тарту мүмкіндігі де бар. Бұл 170 млн. астам адамның нарығы. Бізде Қытай мен Қазақстан арасында сауда орталықтарын құру жөніндегі жоспарлар бар. Бүгінгі конференцияда біз инвесторлармен біздің байланысымызды жандандыруға көңіл аударып отырмыз, өйткені мұнда әлемнің ірі компанияның өкілдері ұсынылып отыр.

Біздің банктер борыштық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша инвесторлармен ынтымақтастыққа дайын. Біз Әбу-Даби билігімен ынтымақтастық жасаудамыз. Гонконг бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірлескен қорларды құраймыз. Британ компанияларының өте бай тәжірибесі бар, сондықтан олар Қазақстанды капитал салуға арналған қызықты орын деп батыл қарауы мүмкін. Біз сенімді әріптес боламыз.

Бізде ешқандай шектеу жоқ. Қаражат қажеттілік ескеріле отырып, басқарылуы тиіс. Дағдарыстың салдарынан батыс банктері қазақстандық банктер үшін жабылып та қалған кездер болды. Оларды ретке келтіргеннен кейін батыстағы бизнес-қоғамдастықпен біздің диалогымызды қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қазір батыс инвесторлары Қазақстанды қолдайды, 2 жылдың ішінде біз Қытай мен Ресейден көптеген инвестициялар алдық…

Біздің дағдарыстан алған негізгі сабағымыз: қадағалау органдарының даусы қаттырақ шығуы керек. 2004-2007 жылдары эйфория, мұнай у-шуының, жылжымайтын мүлік у-шуының болғаны белгілі.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» Қазақстанда бизнес жасайтын шетелдік инвесторлар үшін жақсы «шатыр» болуы мүмкін. Біз шетелдік инвесторларға бірлескен жобаларды іске асыруға көмектесе аламыз. Британ инвесторларның Қазақстанға оралатын уақыты болды деп ойлаймын. Сондай-ақ дағдарыс рейтингтік агенттіктердің, аудиторлық компаниялардың жұмысын нақты жақсарту, Базель ережелерін ескере отырып, базаны нығайту қажеттігін көрсетті. Біз өткен жылдардың қателіктерін ешқашан қайталамауға тырысамыз.

Форумның екінші күні: «Қазақстанның банк және қаржы секторларының тәжірибесі мен перспективалары», «Қазақстанда инвестициялау тәуекелдері мен мүмкіндіктері» атты тақырыптарға пікірталас болды, сондай-ақ Қазақстан аумағында іске асыру үшін нақты инвестициялық жобалардың тұсаукесерлері болды, оларды қаржыландыруға шетелдік инвесторлар шақырылады.

«Банк және қаржы секторы – тәжірибе және перспективалар» пікірталасына «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов, ҚҚА төрайымы Елена Бахмутова, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко, Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Орталық Азия, Түркия, Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша басқарушы директоры Оливьер Декамп, Лондон биржасының басшысы Хавиер Ролет, Қазақстан Әл Хилал банкінің төрағасы Прасад Абрахам, Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова, UBS банкінің вице-президенті Ричард Ладдингтон, бұрынғы бірінші мемлекеттік хатшы және сауда жөніндегі Еуропалық комиссар лорд Питер Мандельсон

Сессия барысында дағдарыс кезеңіндегі банктердің тәжірибесі талқыланды: банктердің борыштарын қайта құрылымдауға қалай қол жеткізілді, қазір қаржы саласын дамыту үрдістері қандай, қайта құрылымдалған банктер мемлекеттің бақылауында қаншалықты ұзақ болады, бұл банктерге жаңа клиенттерді қалай тартуға болады, депозиттік базаны қалай ұлғайту қажет?

Елена Бахмутова ҚҚА банктерді капиталдандыру, транзакция лимиті бойынша және т.б. жаңа талаптардың енгізгендігін хабарлады. ҚҚА басшысы банк саласындағы тәуекелдердің алдын алу үшін ҚҚА жалғыз орган болмауға тиіс екендігімен келісті, жақсы әзірленген тәуекел-менеджмент және банктерде корпоративтік басқару болуға тиіс.

«Халық банкінің» басшысы Үміт Шаяхметова өз банкінің дағдарыс кезіндегі стртатегиясына назар аударды: құрылыс секторы мен жылжымайтын мүлік нарығындағы агрессивтік саясаттан уақтылы бас тарту, әр түрлі секторға кредит беруді әртараптандыру.

«Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік секциясына мыналар қатысты: ҚҚА төрайымы Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің мүшесі Сэр Ричард Эванс, «Қазына Капитал Менеджмент» Басқармасының төрағасы Абай Алпамысов, «Ситик Қазына» бірлескен қорының өкілі Фанглу Уанг, «Визор Капитал» инвестициялық банкінің басқарушы директоры Стефан Школьц, Король консулы Лорд Бреннан.

«Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Айдан Кәрібжанов модератор болды

Инвесторлармен жұмыс істеудің перспективалары талқыланды: «Самұрық-Қазына» инвесторлармен жұмыс істеу үшін қандай мүмкіндіктер жасай алады, бірлескен қорлар қалай әрекет етеді, Қазақстанда инвесторлар үшін қызғылықты қандай жобалар іске асыруға дайын?

Мен панельдік талқылаулар табысты болды ғой деп ойлаймын. Үкімет пен «Самұрық-Қазынаның» атынан біз дағдарыс кезеңінде елеулі табыстарға қол жеткіздік деп айта аламын. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның арқасында біз дағдарыстан шықтық және осы жылы 5 пайыздық өсімді қамтамасыз еттік.

Және қазір біз халықаралық нарыққа оралуға дайынбыз. Бізде облигациялар нарығы мен ІРО қатысты көтеріңкі жоспарлар бар. Тиімді және ашық жұмыс істеу үшін «Самұрық-Қазынаның» саясаты озық халықаралық практиканы тартуға негізделеді.

Панелдік талқылаулардың бірінде біз мұнай мен газдың, тау-кен өнеркәсібі мен уранның Қазақстан экономикасын дамытудағы рөлі туралы айттық. Австралия, Канада және Норвегия сияқты елдер бізге жақсы үлгі болады. Мен жақын арадағы онжылдықта біз де жақсы нәтижелер көрсетеміз деп ойлаймын.

Біздің компаниялардың жақын перспективадағы жоспарлары – осы әлемдік жетекші қаржы орталығында өзара тиімді ІРО өткізу үшін осында Лондонға келу.

Инвесторлармен біздің қатынастарымыз ынтымақтастық тұрғысында дамитын болады. Лорд Андерсон бүгін бізге Қазақстан мен Еуропаның арасындағы стратегиялық әріптестікке үміттенетінін айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі