Денесі Тибетте, басы Алтайда жерленген…

733 рет қаралды

Boke 3Туған халқының шағын бөлігін болсын отаршылардың азабы мен тозағынан құтқарамын деп басын бәйгеге тіккен қазақ арыстары туралы әлі айтылып бітпегені белгілі. Солардың бірі –Бөке батыр.

Бөке батыр Жырғалаңұлы 1846 жылы туған. Бір әкеден ағайынды екеу. Артынан ерген інісінің аты – Шөке.(Бөке батыр мен Шөкенің Тибет жеріндегі қабыры)

ХІХ ғасырдың басында Алтай өңіріне асып барып қоныстанған қазақтарға арада 50-60 жыл өткенде өріс-қонысы тарлық ете бастады. Әлимсақтан ірге теуіп, қазығын терең сіңірген қалмақ-торғауыттар жер бере қоймайды. Көршілерден қоныс алу үшін Бөке батыр Шіңгілдің Аққарын, Қарағаш өңірінен жасырын түрде бірнеше ошақ қазып, оған қара талдың өртенген ескі көмірін көміп кетеді. Арада бір талай уақыт өткен соң жергілікті қалмақ төрелерінен мына жер біздікі деп даулайтын болған. Содан байырғы Шыңғыс ханнан бері келе жатқан көшпенділердің қоныс иелену жасасында (заңында) айтылған: «иесіз жерге кім бұрын келіп күлін төксе, жер иесі сол болады. Ол үшін қазған ошағы, мөрленген жұрты болуы керек» – делінген қағидатқа сүйеніп, екі тарап адам шығарып тексеріп көрсе, шынында жер астынан Шіңгілдің қара талының күйген көмірі шығады. Ж
ер иесі
қазақтар екені дәлелденеді.

Осылай қазақ пен қалмақ арасында жерге талас, жайылымға егес үнемі болып тұрады. Әсіресе, байырғы Жібек жолы бойындағы байланыс бекеттерін күш-көлікпен қамдаудан бас тартқаны үшін жергілікті билік Бөке батырға қырын қарай бастайды. Осындай әртүрлі себептердің кесірінен Бөке батыр елін бастап шығысқа қарай Боғда тауына көшіп барады. Бұл өлке бұған дейін қазақ баласының табаны тимеген жер. Боғда өңірінің орталығы Шонжы қаласында т
өрт ұлттың (ханзу, ұйғыр, моңғол, қазақ) өкілдігі ашылады. Әр ұлттан шаңия (өкіл) тағайындалады. Қазақ атынан Бөке батыр сайланады.

Boke 2Осылай өзі дара билік жүргізеді. Халқына жайлы өмір жасайды. Сондықтан да болар Алтай, Тарбағатай өңірінің қазақтары Бөкенің еліне үдіре көшіп келе бастайды. Осы жағдай туралы қытайдың естелік жазбаларында былай депті: «Гуаң Шүйдің 30-шы жылы (1904 жылы) Боғда әкімінің іс басқарушысы Ши Жыңның мәлімдемесінде: Алтай-Тарбағатай өлкесі қаңырап иен қалды. Ондағы қазақтардың тең жарымы басқа жаққа қоныс аударды». (Бөке батырдың Алтайдағы зираты. Басы осы жерде)

Жергілікті қытай шенеуніктері Еренқабырға төңірегіне келіп қоныстанған қазақтардың күшейіп кетуінен қорқып, Үрімжідегі үкіметке: «Бөке жеке дара хандық құруды қолға алып жатыр» – деп арыз түсіреді. Үкімет Бөке батырды тұтқынға алады. Елін Алтай, Тарбағатайға қайта көшіру үшін әскер аттандырады. Ел көшуден бас тартып, әскерлермен қақтығысады. Батырдың інісі Шөке Үрімжі ұлығына үлкен сый беріп ағасын 1888 жылдың күзінде босаттырып алады. Түрмеден шыққан Бөке елдің астанасы Бейжіңге барам деп аттанып кетеді. Бірақ Бейжіңге бармайды, жайлы қоныс іздеп жер шалып кеткен екен.

Жыл өткен соң келіп елін бастап шығысқа қарай көшеді. Сол кеткеннен мол кетіп, Тибет асып, Үндістанның шекарасына ат тұмсығын тіреп тоқтайды. Бұл 1900 жылдардың шамасы.

Бөкенің елін қайтарып келу үшін Үрімжіден толық қаруланған 500 атты әскер шығады. Бөке батыр қарсылық көрсетіп, қырғын соғыс болады. Қытайдың 500 шерігінің 300-ін жер жастандырады. Қазақтардан батырдың жалғыз інісі Шөке және жиырмадай адам шығынға ұшырайды. Қырылған әскерінің кегін қайтару мақсатында Қытай үкіметі Бөкенің басы үшін мол сыйлық тағайындайды.

Содан Бөке батырды 1904 жылдың жазында Тибет төрелері ел астанасы Лхаса қаласына шақырады. Құрметті қонақасы береді. Осы сапардан еліне оралған тұста Бөке ауырып, қаза табады. Халқы батырды інісі Шөкенің қасына жерлейді (1-сурет). Бұл өлке қазір «Есекбатқан» деп аталады. Тибет автономиялы районы, Алтынтоқ қорық ауданының жері.

Бөке батыр қаза болғаннан кейін 12 тәулік өткенде Үрімжіден қисапсыз әскер келіп елді қайта айдайды. Үрімжіде жарық көрген «Шонжы қазақтарының шығысқа аууы» атты жинақтың 22 бетінде: «Тибетке барған қазақтарды қайтарып әкелу үшін қазақ атамандары мен мансаптыларды жіберіп, 1300 отбасын 32 220 бас малымен бірге Алтай мен Тарбағатайға қайтарып әкелді», – деп мәлімдеген екен.

Boke 1Чиң әскерлері Бөке батырдың денесін көрден суырып алып, басын кесіп әкетеді. Өйткені, бұл басты әкелген адамға зор қошемет көрсетілу тиіс. Үкімет батырдың басын Үрімжі көшесіне іліп қояды. Кейін баласы Рабай әкесінің басын сұрап алып, байырғы мекені Алтай өлкесіндегі Шіңгілінің бойы, Аралтөбе ауылына қарасты Обаты қыстағына әкеліп жерлейді (Бөке батыр ұрпақтары: Саған мен Жапанхан, Қазақстанда т).

Осылай Бөке батырдың денесі Тибетте, басы Алтайда жерленген. Дене мен бастың арасы 3 мың шақырым алшақ жатыр. Осы Бөкенің елінен бөлініп қалған азғана жұрт Тибетте әлі күнге бар көрінеді. Бірақ бүтіндей өзгеріп кеткен. Тек өздерінің қазақ екендіктерін ғана біледі.

Жанарбек Ақыбиұлы «Намыс.кз»

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері