Ж.Ақбиұлы: “Ұлттық қауіпсіздік деген осы ма?”

956 рет қаралды
13

Соңғы кездері Интернетте шеттегі қандастарымыздың Қазақстанға қатысты ойлары жиі көрініс тауып жүр. Осы орайда Моңғолиядан қазақ тілінде блог жүргізіп жүрген Жанарбек Ақбиұлының пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

Шеттегі қазақ ағайындар үшін тағдыр тауқыметімен басқаның жерінде отырса да қазақ тілін, салт-дәстүрін, тіпті ұлттық көзқарас пен ұлттық болмысты күні бүгінге дейін сақтау тым оңайға түскен жоқ. Сондықтан да, қазақ елім, жерім деп келген олар Қазақстандағы күнделікті күйбең тіршілік, күйкі өмірдің ортасында қалыптасқан жергілікті қазақтардың көзқарастарын жан дүниесіне сыйдыра алмай жатады.

Бұл айналып келгенде Қазақстандағы жергілікті қазақ оралман қазаққа орысшыл қазақ болып көрінсе, жергілікті байырғы қазақтар оралмандардың қазақи жан дүниесіне қарап өркениеттен мешеу қалған надандар деген көзқарас пайда болып, шеттегі ағайнның көңіліне қаяу түсіріп, жабырқау туғызады. Солай айтылып жүргенін біле тұра, көрсоқырлыққа салынып, бір-бірін жалған өсекке таңу көп кездесіп жатады.

1990 жылдары Қазақстан егемендік алысымен жанталасып, қазағым деп жетіп, бірнеше жылдан соң жиған азын-аулақ мал, үй, қорасын көре алмастықпен өртеп кететіні жайлы өздерінен көп еститінімді жасырғым келмейді. «Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып жүр» демекші көпке топырақ шашпа дейтіндер болса, «ауруын жасырған өледі» дегім келеді.

Шеттен келген оралмандарды жоғарғы әкімшілік жұмыстарға тартпайды. Қайта оларды шет қақпайлап сенбестік таныту мәселері баршылық. Қазақ еліне сеніп келген жандарға сенбестік таныту қай қазақтығымыз?

Оралмандардың ағылып атамекеніне қоныс аударып жатқанына он тоғыз жыл болып отыр. Ал, қарап көріңіз, қай оралман парламентте жүр? Қай оралман Үкімет әкімшілігі есігінің тұтқасын ұстапты? Қай оралман Президент әкімшілігінде жұмыстап жүр, қане айтып беріңіздерші? Қайта осы аталған орынға квота бөлінсе, міндетті турде орыс ұлтынан таңдалады.

Енді ана жақтағылар мылқау емес қой, қане тоқтатып көріңіз өсектің әкесі мен көкесін. «Айтпаса сөздің атасы өледі» қазақ елінде орыс тілділер үстемдік жүргізеді. Қазақ елінің ұлттық қауіпсіздігі деген осы ма? Өзім деп келген өз қазағыңды кеудеден итеріп, сенбестік танытсаң, шеттен көрген азабы аздай өзіміз оларды қатал саясат құрбанына шалып, жәбірлеп қытайдан келгенге «қытайсың», Монголдан келгенге «монголсың» деп қорлап… өзге ұлтқа төрден орын берген саясатыңнан айналдым деген өсектіңде жаны жоқ емес екенне күмәнім бар? Мықты болса солар қазақты әлемге шашып жіберген орыс отаршылдар тілін еліннен құтыртпай, сен қаны басқа, мүддең бөлек орыссың деп батыл айтып, неге елін қазақша сөйлетпейді деген өсек сүйекке таңба емес пе?

Бұл шеттегі қазақтың ата-жұртқа, оның жүргізіп отырған ұлтық құндылқтар саясатына реніш туғызды. Бұл жайлы қалай айтса да өсектің түр-түріне ешкімнің тосқауыл бола алмайтыны өкінішті.

Қазақстанан шет елдегі қазақтарға әсіресе Монголядағы қазақтарға барып қайтқан соң әр түрлі ақпарат құралдарына жамандау жанрының түр-түрін құлпыртады, оны естіп алған ана-мына жақтағы ағыйын күйбең тірлік, тұрмысымызды өсектеген тілшілігі құрысын деп ақмақ тілшісымақтың сайқал қылығын айптамай, «Қазақстан» деп, бір елге ренжіп жатады..

Шеттен келген қазақтарды қазағы бар емес, орысы көп жерлерге орналастыру саясатының дұрыс болғанмен, Қазақстанды әлі отарлап, басымдылығын алып отырған орыстар шеттен келген бірлі-жарым оралмандарды іштеріне қайдан сіңдіре қойсын. Қайта, айтақтап, оларды жергілікті қазақпен оралман қазақтардың арасына от салып, қырлыстырып қойды. Бұл да әр-түрлі өсектің көкесін шығаруға себеп болғанына зер салу керек.

Қағазға түсірген Мейіржан Әуелханұлы

Сурет СС рұқсаты негізінде andreelau есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды


Парақшамызға жазылыңыз

13 Comments

  1. Мен сенің бұл ойыңа келіспеймін, бауырым. Бұл жаққа келген ағайынның қазіргі ойы бөлек. Өлгейде жатқан сендер түсінбейсіңдер. Болмай жатқан ештеңе жоқ.

  2. Ar kiym ar turli oylaydi Jaken duris aytipti.
    Oralman degen sozge karsimin.Shetten kelgen agayinga koz karasimiz nashar ekenin ozimizde ayta almaymiz.

  3. Батыс Қазақстан облысында Думан Ғазез деген оралман жігіт (қытайдан келген) облыстық ішкі саясат басқармасында (бұл мекемеге тек өте сенімді ғана адамдарды алады) екі жыл жұмыс істеді, міне, бір айдан бері Тасқала аудандық газетінің бас редакторы. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсанда) мемлекет су жаңа үй берді.
    “Шеттен келген оралмандарды жоғарғы әкімшілік жұмыстарға тартпайды. Қайта оларды шет қақпайлап сенбестік таныту мәселері баршылық. Қазақ еліне сеніп келген жандарға сенбестік таныту қай қазақтығымыз? ” дегенге келіспеймін

  4. Жел соқпаса шөптің басы қыймылдамайды.Өсек атулыда бір себептен шығар.Мақала өте бетің,жүзіңдемей ащы жазылыпты.Шынында шет ел қазақтарын аралап келген тілшілердің түрткенінен жағымды жаңалық оқымайтынымыз шын.Осылар ана жақтағы ағайынға кері әсері шынында болатыны белгілі емеспе?Мақаланы әліде кеңейтіп тұздықтаса әлі талайды қопарары нақ.Бірақ нұрдың көлеңкесінде қалғысы келмегендер мұндай пікірден аулақ болатын шығар.

  5. Мейіржан Әуелханұлынгың негізгі мақсаты анда мундағы өсек болған соң.Сол бағытта айтылған пікір ғой ағатай келісеңізде келіспесеңізде көбісі шындық болған соң ішіме жасырғым келмеді…сондықтан ренжісеңіздер кешіріңіздер!?…

  6. Неге осы оралмандарды оралмандар, семейліктерді семейліктер, керейлерді керейлер, қожаларды қожалар ғана жақтап шығады, а? Неге бар қазақ бір қазақты, бір қазақ бар қазақты жақтап шықпайды? Өмір болған соң, пенде болған соң әр түрлі проблемалар болады ғой… Сонда осындай кез-келген мәселелерге бола, бәріміз бір ҚАЗАҚ екендігімізді ұмытып кетуіміз керек пе?! О,Аллам, қазағыма береке бере гөр!

  7. Адамға сенбестік Кеңес заманынан қалған дерт. Арғы жағын айтпағанның өзінде бергі 2-дүниежүзілік соғыста тұтқында болып келгендерге де 60-ж соңына дейін сенбей келген Кеңестік Қауіпсіздік жүйені сақтап отырған Қазақстан ғана. Оралмандарға сенбейміз әрине, тәуелсіздік шатқаяқтап тұр, құдай басқа салмасын, тағы бір нәрсе бола қалса, тағы бас сауғалап қашады да…

  8. Көш – керуен
    Көш – керуен. Қам көңіл қазағым-ай!
    Отқа оранған өзегің жазалыдай.
    Соңғы көштің сүрлеуі саналардың,
    Арғы бетке жалғанған азабындай.

    Сүргіндердің сызынан жан сыздаған,
    Тасты басып, тау асып таусылмаған.
    Соқпақтардың сүрлеуі сайрап жатыр,
    Көшкен жұрттан кешегі сансыраған.

    Адастырмас арманды сезімменен,
    Ата жұрттан күдерін көп үзбеген.
    Елім менің – ертеңім, арман көгім!
    Ата мекен, алаңым! – деп іздеген,
    Топыраққа табынып, тәу етумен,
    Көш–керуен жетуде көне ізбенен.

    Өз салтынан өзгесін сақтамапты,
    Қаншама азып-тозса да таптамапты:
    Киесіндей ақ сүттің – ана тілді,
    Абайсызда алдырып, аттамапты.

    Бауыр басып қалса да басқа жақты,
    Өзге дінді басына жастамапты.
    Дәм-тұзына аса риза патша көңіл,
    Жаттың ділін жадына жаттамапты.

    Тосырқалап тосынды асса жатты,
    Ақ жолынан айнуды бастамапты.
    Топыраққа бір шөкім тәу етумен,
    Қоңын беріп, қадірін тастамапты.

    Сақталынған салтына шалғайдағы,
    Таңырқады талайлар таңдай қағып.
    Шамырқана шайқаса ширығыпты,
    Үрлесе де бұзылмай бал қаймағы.
    Шөмелеге шомылған инедейін,
    Көзге ілінбес шаманың қандай маңы?!
    Таң қалдырған тағдырға қарап қалдым:
    Жадыраған жасампаз жаздай жаны!
    Жаздың күні жаураған жанды көрсем,
    Шын аяймын жаңылған жандай-ларды!
    Қарымын ал қапастың, уа, тәңірім!
    Құйсын нұрын ақ таңның арай бағы!

    Көш – керуен. Қам көңіл қазағым-ай!
    Таусылмаған қайнаудан қазаныңдай.
    Шиырлаған қиырды шамаларың,
    Ата жұрттан тапқандай мазалы жай.
    Өзегіңнен тепсе де, өкпесі өшпей,
    Өршеленген тұлпардай аз-ағым-ай!
    * * *

  9. Оралмандардың ағылып атамекеніне қоныс аударып жатқанына он тоғыз жыл болып отыр. Ал, қарап көріңіз, қай оралман парламентте жүр? Қай оралман Үкімет әкімшілігі есігінің тұтқасын ұстапты? Қай оралман Президент әкімшілігінде жұмыстап жүр, қане айтып беріңіздерші? Қайта осы аталған орынға квота бөлінсе, міндетті турде орыс ұлтынан таңдалады.))))))))))))))))))))

  10. Қазақстандағы ” оралман “атанып жүрген қазақтар шетқақпайланып жүр дегенге келіспеймін.Әркім өз орнын тауып кетуі көп жағдайда өзіне байланысты…

  11. Әнипа Айдарқызының өлеңі ешқандай түсіндіруді қажет етпейді. Сіздердей түсінігі бар жандарға алғысым шексіз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі