Тәңір сынағы
(Тәуелсіздік және Хан Кене)
Сағынтқан сары әуенге салады елім.
Жаңғырып жатыр мынау Сары дала,
Хан Орда –
Қала Астана –
Қала келін.
Қазақпын!
Қандай ғажап жер естіді үн.
Бетімен кетті безіп елесті күн.
Түтіні,
Бүтіні бар,
Бар екемін,–
Бар болса ғана қолда дербестігім.
Уақыт ұсынғанда
Төл – несібе,
Айналып алпауытар төрлесіне.
Жағылған нарттай нұрлы
Ұлт – жұлдызым
Азаттық –
Ақ арманның көмбесіне.
Енді еркін
өз көгіме ұмтыламын,
Бас байлық –
Берекеге ынтығамын.
Тұмарым–
Тәуелсіздік төрімдегі,
Ал оның алтын бауы –
Ынтымағым.
Қаптатып қайдағыны аласа ұғым,
Қадаған қайсы біреу қара сұғын.
Өзімнің –
Тәуелсіздік қарашығым.
Мен оның –
Әкесімін,
Анасымын!
Барымды,
Балымды бек жегіземін,
Балпиған бай баласы дегіземін.
Өйткені
Әкесімін,
Сүлейімін.
Сүтімді
Анасымын еміземін!
Парақшамызға жазылыңыз
Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!Еліміз аман,заманымыз тыныш болсын!Мерекелеріңізбен!