Фото: istockphoto.com
Қытай ғалымдары брокколи құрамындағы заттың лейцин аминқышқылымен үйлесімі жас ұлғая келе бұлшықет массасының жоғалуын бәсеңдететінін анықтады, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Nutrients басылымына сілтеме жасап.
Ғылыми жұмыс егде жастағы әлсіздік пен қозғалыс белсенділігі төмендеуінің негізгі себебі болып саналатын саркопенияға — бұлшықет массасы мен күшінің жасқа байланысты азаюына арналды. Тәжірибе барысында зерттеуші сегіз апта бойы тышқанға брокколиден бөлінген пептидті, лейцинді немесе осы заттың комбинациясын берді. Ағзада лейцин пептидтік тізбекке еніп, бұлшықет, тері және ішкі мүшенің құрылымын қалыптастырады. Сондай-ақ ол инсулин секрециясын ынталандырып, тіннің қалпына келуін тездетеді және антидененің түзілуіне қатысады.
Тәжірибеде ең жақсы нәтижені брокколи мен лейцинді бірге қолдану көрсетті. Мұндай комбинацияны қабылдаған жануардың бұлшықет массасы көбірек сақталып, ұстау күші мен төзімділігі артты, сондай-ақ физикалық жүктемеге төзімділігі жақсарды. Тінді талдау бұл үйлесім бұлшықет атрофиясының белгісін азайтып қана қоймай, бұлшықет талшығының өсуі мен қалпына келуіне жауапты генді белсендіретінін көрсетті. Сонымен қатар тышқанда қабыну процесі мен бұлшықеттің бұзылуын тудыратын механизм белсенділігі төмендеген. Зерттеу авторы бұл тәсіл егде жаста бұлшықет жоғалуының алдын алу үшін жаңа тағамдық әдістің негізі бола алады деп есептейді.
Парақшамызға жазылыңыз
