/

Астанада үш ай бойы тегін йога жаттығулары өтеді

57 рет қаралды

Фото: gov.kz

Астана қаласында алдағы үш ай бойы ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтеді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тегін йога сабақтары 8 маусым мен 8 қыркүйек аралығында елорданың алты саябағында аптасына үш рет өткізіледі.

«Бұл йога жаттығуларын биыл екінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз. Өткен жылы 1000-нан астам қатысушы болды. Йогаға сұраныс жоғары. Жаттығулар барлық жас санатындағы тұрғындарға арналған. Іс-шара толықтай тегін, алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Тек call-center нөміріне хабарласып, өтетін орынның нақты орналасқан жерін білу жеткілікті.

Тегін жаттығулар Есіл, Нұра, Алматы, Сарайшық және Байқоңыр аудандарындағы саябақтарда аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 19:00-20:00 аралығында өтеді. Қала тұрғындары өзіне ыңғайлы әрі жақын орынды таңдап, жұмыстан кейін еркін қатыса алады. Сабақтарды кәсіби йога жаттықтырушылары жүргізеді», – деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Йога жаттығулары өтетін орындар:
• Есіл ауданы – «Жетісу» саябағы;
• Есіл ауданы – «Самал» саябағы;
• Нұра ауданы – Орталық қалалық саябақ;
• Алматы ауданы – «Жерұйық» саябағы;
• Сарайшық ауданы – Президенттік саябақ;
• Байқоңыр ауданы – Ататүрік саябағы.

Жаттығулардың нақты кестесі мен толық ақпарат Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып отырады.

Жаттығулар бойынша қосымша ақпарат алу үшін: Call-center: +7 777 621 59 54
Айта кетейік, кәсіби йога жаттықтырушылары жүргізетін тегін сабақтар 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Фото: gov.kz Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер