Таңертең аш қарынға кофе ішудің қандай қаупі бар?

76 рет қаралды

Фото: pixabay.com

Tengri Life-тың хабарлауынша, таңертең аш қарынға кофе ішу ас қорыту жүйесі мен жүрек жұмысына ауыр зардап әкелуі мүмкін.

Ресейлік хирург, медицина маманы Александр Умновтың айтуынша, күшті антиоксидант саналатын бұл сусын асқазан сөлінің күрт бөлінуіне түрткі болады. Салдарынан зарна (изжога) пайда болып, асқазан ауыра бастайды. Бұл әдет уақыт өте келе гастритке, кейіннен ойық жараға (язва) және өт сұйықтығының өздігінен бөлініп, асқазан моторикасының бұзылуына әкеп соқтырады.

Сонымен қатар аш қарынға ішілген кофе жүйке жүйесіндегі кортизол (күйзеліс гормоны) деңгейін көтеріп, адамды мазасыздық пен ашушаңдыққа бой алдырады. Әсіресе ұйқысы қанбайтын, үнемі стрессте жүретін және кофе арқылы шаршауын басуға тырысатын жандарға бұл сусынмен абай болған жөн. Дәрігер таңертең міндетті түрде жеңіл-желпі тамақтанып барып қана кофе ішуді, сондай-ақ артынан таза су жұтуды ұсынады.

Ең қауіптісі — аш қарынға ішілген қою кофенің жүрекке және қан қысымына күрт әсер ететіндігі. Ыстық жаз мезгілінде бұл қауіп тіпті күшейеді, өйткені жоғары температурада тамыр соғысы онсыз да жиілейді. Маманның сөзінше, таңғы уақытта жұмысқа бара жатып, қан қысымы көтерілгендіктен немесе жүрегі сыр бергендіктен естен танып, жедел жәрдем шақыртатындардың басым бөлігі дәл осы аш қарынға кофе ішудің зардабын тартқандар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар