2012 жылы Қазақстанда екінші ислам банкі ашылмақ

665 рет қаралды

“Amanah Raya Bhd атты малайзиялық компания 2011 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда екінші ислам банкін ашуға арналған лицензияны алмақ” деп хабарлайды [ағыл.т.] Малайзия баспасөзі.

Amanah Raya жаңа банктің 55% акциясын иемденіп, Қазақстанның Даму Банкі 40%-ын ал жергілікті Fattah Finance компаниясы қалған 5% акцияға ие болады дейді Malaysia’s Business Times басылымы.

Банктің негізгі жұмысы сауда-саттық және коммерциялық нарықта жұмыс істеуге бағытталады деп болжанып отыр.

2009 жылы Қазақстанда Ислам қаржы индустриясының жұмыс істеуіне мүмкіндік берген заң күшіне енген соң алғашқы ислам банкі болып БАӘ-нің әл Хилал банкі ашылған. әл Хилал банкі Қазақстанда 2010 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді.

Қазақстан тұрғындарының дені мұсылмандар. Қазақ үкіметі Ислам қаржы құралдарын насихаттап, аймақтағы қаржы орталығына айналуды және қаржы қорларын әртараптандыруды көздейді.

Шетел баспасөзінен аударған А.Еркімбай


Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,