Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек. бірақ…

642 рет қаралды
7

ваххабитМенің қолыма қалам алуыма себеп – бү­гінгі күнгі еліміздегі діни ахуалдың алаңда­ту­шылығы мен аймақтардан келіп түскен азамат­тардың хаттары. Негізгі қауіпті құбылыс “уах­хабилік” ағымның артынан еріп кетушілердің саны көбейіп, “сәләфи” ағымының кеңінен на­сихатталуы көңілге үлкен қорқыныш ұялатады.

2007 жылы осындай ахуалдың салдарынан елі­міз­дегі жастардың 15 пай­ы­зы осы ағымға ере бас­таған. 2009-2010 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарасақ, 10 мың адам­ның 7,5 мыңы уах­ха­билер, оның ішінде 75 пай­ызы 13-25 жас ара­лы­ғындағы жасөспірімдер мен жастар.

Маусым айында Ақтау­дағы қатаң режімді коло­ниядан 21 тұтқын қашып, олар өзін-өзі жарып жі­берген оқиға елді дүрліктірген-ді. Олардың бәрі де уаххабилік ағымды ұстанушылар екендігі анықталды.

Жоғарыда аталған ағымға ерген азаматтар­дың қызмет етуі былай тұрсын, сәбилерін тиісті медициналық тіркеуден және дәрігерлік тек­се­руден өткізуден бас тартуда. Мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар арасында музыка тыңдау харам, Мемлекеттік әнұранды тыңдамау, кеуде­ге қол қоймау, Мемлекеттік туға құрмет көрсетпеу, әскери борышты өтемеу дұрыс деген ұғым қалыптастырып, теріс бағыттағы уағыздар жүргізуде. Сондай-ақ, 12-16 жастағы қыз балалардың сабақты тастап кетуі мен ата-анасының рұқсатынсыз неке қию фактілері де жиілеп келеді.

Ағымға кіріп кеткен балалардың ата-ана­лары балаларымыз бір түрлі, істеген тамағымды ішпейді, “сен кәпірсің” дейді, деп күйінеді. Олар “Сендер кімсіңдер?”, десек, “Мұсылман­быз”, дейді, “Ұлтың кім?”, десек, “Ұлтымыз жоқ, біз мұсылманбыз”, дейді. Дәл қазір осыған тоқтам болмаса, бес-алты жылда бұл ағымдардың бір-бірімен қақтығысу қаупі төніп тұр. Бала әкесіне, қыз шешесіне қарсы шықса, болашағымыз не болмақ?!

ваххабит1Қазіргі кезде мектеп пен жоғары оқу орын­дарында, еңбекпен түзеу мекемелерінде хизб ут тахрир, такфир, жалпы уаххабизм идео­­логиясымен уланғандар өз жұ­мыстарын кедергісіз ашықтан ашық жүргізіп, қатарларын толықтыруда.

Ақтөбелік азаматтар А.Түркімбаев, С.Ізтаев, Д.Исімбаев Ресей арқылы Дағыстанға лаңкестік пиғылмен өткелі тұрған жерінен ұсталып, біреуі жеті жылға, ал қалған екеуі алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Орал қаласының 23 жасар жергі­лікті тұр­ғыны, тыйым салынған діни түрлі кітап-құ­рал­дар, бейне және аудио­кассеталар, жа­рыл­ғыш заттар және есірткімен ұсталған. Ол бір­аз уа­қыттан бері бақылауда жүрген ради­кал­дық діни ағымның белсенді мүшесі болып табылған.

Үстіміздегі жылдың 30 наурызында Тұрғыз­ба ауылдық округінде М.Тағашев атты азамат­тың үйінде “сәләфи” ағымының бір топ азама­ты жиналып, заңсыз “дағуат” (уағыз насихат) жүргізіп отырған кездерінде анықта­лып, үй иесіне ескерту беріліп, 13 азаматқа айып­пұл са­лынған, ал оның үшеуі жасы кә­мелетке толма­ған­дар болып шықты. Бұл мы­салдар олардың іс-әрекеттерінің бірі ғана. Ал бәрін айтып шығу тіптен мүмкін емес.

Жоғарыда аталған әрекеттер Қазақстандағы діни экстремизмнің қайда бағыт алып бара жат­қанын аңғартады. Күні кешегі Дағыстанда оққа байланған қазақстандық 5 жасөспірімнің қазасы құзырлы органдар мен қалың көпші­лікті дүр сілкіндірді емес пе?!. Бұл топтар неге айдың, күннің аманында алыстағы Ауғанстан мен Чешенстаннан жау іздеп, ел арасына іріткі салып, халықтың мазасын алып тұр? Өйткені, оларды бұл қылмыстарға олардың діни көз­қа­растары итермелеуде.

Жалпы, осы мәселелер еліміздің барлық аймақ­тарынан көрініс беріп отыр. Әсіресе, бұл мәселе Батыс Қазақстан халқын қатты алаң­датуда. Әр түрлі атаумен аталып, “дінсіздерге қарсы әділетті соғыс” бастауды мақсат тұтқан бұлар қару-жарақтармен жабдықталып, мекеме­лер мен адамдарды тонап, қоғам мен мем­лекетке зиян келтіруде.

Діни ахуалды бақылауда ұстау үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар өз деңгейіндегі нәтижесін бере алмауда. Өйткені, бұл саладағы қызмет заңнамалық тұрғыдан қамтылмаған, яғни дәстүрсіз діни бірлестіктердің кейбір заңсыз әрекеттеріне құқықтық тосқауыл қою мүмкіндігі шектеулі.

Ал тек қана насихаттық жұмыстар арқылы қоғамдық сананы реттеу мүмкін емес. Респуб­ликамыздағы ислам діні қызметкерлерінің көбінің дүниетанымы бір ғана дін айналасында өте тар деңгейде және қазіргі қоғам өміріндегі сұранысқа жауап бере алмауы да жасырын емес. Мешіт имамдары кездесулер кезінде ислам дінінің аумағындағы жалпы адами құндылықтардан басқа мәселелерден аспайды.

Жоғарыда аталғанның негізінде Мәдениет, Білім және ғылым министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тығыз байланыста жүйелі түр­де діни мәселелерімен нақты айналысып отыр­ған жоқ. Сол себепті аталған ведомстволар жер­гілікті жерлердегі өкілеттерінің жұмысын шұғыл түрде қолға алып, жоғарыда аталған, мем­лекетке қауіп төндіретін түрлі фун­дамен­талистік, экстремистік діни көзқарастағы топ өкіл­дерінің таралмауын, сондай-ақ, білім беру саласына өтіп кетпеуін қадағалап, шара қолдануы қажет.

Сонымен қатар, “дінтану” пәнін елдік мүдде тұрғысынан тиімді пайдалану мақсатын­да мектептердегі дінтану сабақтарына шектеу қойып, оқытатын мамандардың білім дейгейі, көзқарасы мен ұстанымы тұрғысынан сарап­тама жасап, бұл үдерісті ең алдымен жоғары білікті ұстаз даярлап барып іске асырған жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, республикалық радио және телеарналарда, радикалдық ағым­д­ар жөнінде нақты хабарлар берілуі қажет.

Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек, мемлекет дін ісіне араласпайды. Сонда да Пре­зидентіміз бүкіл діндердің бәрінің басын қо­сып, татулыққа шақырып жатқан кезде осы еліміздің өңірлерін дүрліктірген жайға Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан талдау жасалып, баға берілуі тиіс деп білемін. Діни фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі ықтимал. Сондықтан да, кейбір мәсе­ле­лер­де мемлекеттің араласуы қажет деп есеп­теймін. Көтерілген проблемаларды заңды түрде қамтамасыз етпей, діни ахуалды реттеу мүмкін еместігін қаперге салсам деймін.

Асхат БЕКЕНОВ, Мәжіліс депутаты.

“Егемен Қазақстан” газеті.

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Мемлекет дін ісіне араласа алмайды. Бұндай жағдай болатын болса, дін аралық, ұлт аралық қақтығыс туындауы мүмкін. Сондықтан, әубаста, тәуелсіздік кезінде бір жақтылы ете алмаған діннің жайын, енді түзейміз, реттейміз деу далбасалық. Осы қалпында қалуы керек. Аллаға шүкір, қазір Исламның жайы жаман емес.

  2. Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек, бірақ…

    Бірақ Әбсаттар Назарбаевтың аяғын жалауға бар…

  3. Дінді елдегілердің бір – бірімен санасуға керек құрылым екенін білуге тура келеді . Сонымен қоғамға мүше болған нақты не заңды тұлғалардың мүддесі белгіленеді . Дінсіз әлеумет жоқ болады . Бұны тарих дәлелдеп отыр . Керек болса күпірдің өзі де – дінге саяды . Демек , Құдай жоқ дегеннің өзі ақ адамға бағыт – бағдар береді . Мүртед коммунистер де нағыз ғундаменталистердей елді қырғынға ұшыратпады ма ? Дішілдер де ” жерден жік шыққан , екі құлағы тік шыққан ” құбыжық емес қой . Жөне , аталмыш екі мөкейлердің базары теңсіздік жоқ орталарда қызады екен . Қоршаған орта лас болған сайын ауру асқынғандай , озбыр мемлекеттің кесірінен келеңсіз дінй көзқарастар тарай береді . Тоқсан сөздің тобықтай түйіні , Мемлекет өз міндетін жөнді атқарса азаматтар өздерінің заттай не рухани құндылықтарына қол жеткізу үшін дәстүлі емес діндерге берілмес еді .

  4. Ойлан, QAZAQ!
    Ей, менің сәби елім, балаң жұртым,
    Боламын тағдырыңа алаң бұл күн.
    Басқаның айтағымен ұрандайсың ,
    Жаныңда жылан жүрсе –біле алмайсың.
    Ісіңде солқылдақсың, былқылдайсың,
    Жақсыға жанұшыра ұмтылмайсың.
    «Ей-ахау, дәурен-ай!» деп айқайлайсың,
    Айына отыз бір күн той тойлайсың.
    Өзгеден, өзіңнен де ұялмайсың,
    Күнәңді тізгіндеуге қия алмайсың.
    Шырылдап, «тұр-тұрласам» – оянбайсың,
    Ұйқыда мың жыл жатсаң, тоя алмайсың.
    Қойнында ібілістің балбырайсың,
    Қия алмай тәтті түсті зар жылайсың.
    Шақырсам, тура жолға – қарамайсың,
    Жиюды етек-жеңіңді қаламайсың.
    Барыңды пиғылы жат жұртқа арнайсың,
    Ақиқат өз дініңді ұстанбайсың.
    Өзіңше марқасқасың, масқарасың,
    Өзгелер у берсе де бас саласың.
    Біреулер мініңді айтса кектенесің,
    Ақылмен жөн көрсетсе жек көресің.
    Ақталма тәкәппарлық өрлігім деп,
    Жалқаулық, салғырттықты кеңдігім деп.
    Жаралғанға жалбақтап табынасың,
    Жаратқанды танымай қағынасың.
    Дархандық бағың ба екен, сорың ба екен,
    Таршылық көріп жатсаң жеріңде кең.
    Жаныңды харекетке қинамайсың,
    Сарылып сауапты іс жинамайсың.
    Бірақ мен бағың үшін мына сенің
    Қабірге жығылғанша күресемін.
    Тәуекел етші, жұртым, тәңіріңе,
    Алланың құмар болып әміріне,
    Арылсаң кері тартқан кеселіңнен,
    Сонда елім әр кіреді өміріңе.

    Биліктің өз басында бұйдасы жоқ

    Қазақтың жаңа шыққан киносы көп,
    Қызының ибасы жоқ, зинасы көп.
    Көрген сайын қазақтың бүкіл қыз,
    Сондай деген тусінік миға сіңед.
    Мәңгүрттердің тілімен айтар болсам,
    Біз үшін бұл и позор, и қасірет!
    Бұлай айтқан Бекболат Тілеуханов,
    Ұйқастырған Балғынбек Имашев ед.
    Айтқаны Бекболаттың миға сіңед..
    Ол да жоғын жұртының жинасып ед.
    Жанашырдың айтқандарын ұқпағандар,
    Өмірін дін-иманнан мимо сүред…
    Тегінде, біздің билік халық емес,
    Келімсек қырттарменен сыйласып ед.
    Бүгінде пұл билеген заман болды,
    Бұрында Төрелерден Би басым ед!
    Батыстың киносы мен виносы кеп,
    Орыстың Иваны мен Ирасы кеп.
    Аздырып бітті менің қазағымды,
    Иранның имамы мен шиғасы кеп.
    Баламның әп әдемі ертегісін
    Тас талқан қылып кетті бұйра Шрек…
    Шетелдің құнажыны көз сүзген бе,
    Биліктің өз басында бұйдасы жоқ.

  5. ИМАНСЫЗ ЕЛ ӨСПЕЙДІ

    Өткен ғасырдың басында ғана мұсылманы санаулы Еуропада қазір не көп, күмбезі зәулім мешіттер көп. Себебі, басқасы басқа, өсімқорлыққа құрылған барлық қаржы жүйесінің тас-талқаны шыққан Еуропа енді Ислам елдері ұстанған бағытқа біржола бет бұрды. Елді иманнан айыру, адамдарды тұрмыстық қамсыздыққа дағдыландыру, әйелдерге шектен тыс еркіндік беру – мемлекетті құрдымға құлататынын бұл құрылық әбден түсінді.
    Осы күнде Францияда – 5-7 миллион (жергілікті халықтың 10 пайызы), Германияда – 4 миллионнан астам, британдықтарда – 1,7 миллион, Италия мен Голландияның әрқайсысында бір миллионнан мұсылман тұрады. Бұл сан жыл сайын еселеп өсуде. Себеп, мұсылман халықтан үлгі алып, үйренер тәлім-тәрбие көп. Аллаһтың қаһарынан қорыққан жұрттың әйелдерінде некесіз бала туу, жасанды түсік түсіру, жастайынан жатырдың аузын буғызып тастау сияқты жат қылықтар атымен жоқ. Қазір халықтың тамырын солдыратын осындай сорақылықтар Еуропаны дендеп тұр, біздің елдің соры да осы. Дерекке жүгінсек, некесіз туған балалар Швецияда – 52,5 %, Данияда – 49,9%, Ұлыбританияда – 33,6 %, Германияда – 41 %-ды құрайды.

    Несіне жасырайық, некесіз туған балалар саны Қазақстанда да жыл сайын ұлғайып келеді. Мысалы, 1999 жылы некесіз туғандар 51 900 болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 75 400-ге жетіпті. Соңғы мәліметтерге сенсек, біздің елде әрбір бесінші бала некесіз туады. Бұл тұрғыда, әрбір үшінші сәбиі некесіз туатын Ресейді артқа тастап кеттік. Ал, ең сұмдығы, шаранасын жатырында тұншықтырып, жасанды түсік жасатушылар қатары да біздің елде жыл өткен сайын қалыңдап барады. Азия елдерінің ішінде жалғыз Қазақстан ғана жасанды түсік жасатудан қара көрсетпей тұр. Соңғы деректер жыл сайын республика бойынша түсік жасату 150 мыңнан 375 мыңға жоғарылап кеткенін көрсетеді. 375 мың дегеніңіз Өскемен секілді тұтас бір қаланың халқы. Сонда біздің елдің қыз-келіншегі мен дәрігерлері жасанды түсік жасаудың кесірінен жыл сайын бір қаланың тұрғындарына пара-пар жан иелерін қандауырдың ұшымен қырып отыр деген сөз. Қатыгездік пен мейірімсіздіктің бұдан асқан мысалы болар ма?
    Ел аман, жұрт тынышта қыруар жанды қынадай қырудың түп негізі имансыздықта жатыр ғой. Әйтпесе, ислам діні қанат жайған мемлекеттерде жоғарыдағыдай жантүршігерлік қылмыстың бірі жоқ.

  6. Менин ойымша, казирги кезде жастардын копшилиги фанатизмге берилип кеткен сиякты. Намаз окуымыз керек, бирак онын шегин де билуимиз кажет. Алла Тагала неше турли секталарга киргеннен сактасын. Расында да, аке мен шешеннен алыстайтын болсан, онда болашагымыз калай болмак??? Бул менин озимнин жеке басымды аландатады.((( Бир Алла Тагала жар болсын!!!!

  7. Мансұр айттың жақсы өлең ,
    Айтқандарың жөн кілең .
    Жаңылмайтын жақ жоқ деп ,
    Түзетуге қатеңді ,
    Қйын көрме , мен кірем .

    Қазақ азса қарасы ,
    Жазығы не Иранның
    Имамы мен шиғасы ?
    Жетеді деп біле бер ,
    Азғын елдің түбіне ,
    Шеттен тапқан шишасы .

    Көріп жүрсің қазақтар ,
    Ішіп жүр ғой шараптар .
    Мәңгүрттеніп бұл удан ,
    Ел ішінді көбейген
    Осыншама самастар .

    Үйіштері бүлінген,
    Қатын – еркек сүрінген .
    Бас басына би болып ,
    Қазақты көр әнеки ,
    Неше жүзге бөлінген .

    Иран емес киліккен ,
    Бүлік шықты биліктен .
    Оның өзі жазықты ,
    Өзгелермен біріккен .

    Табан тіреп тұр Иран ,
    Бар ғой онда бір иман .
    Бақсаң бірақ Қазақты ,
    Тарқатады көп тиран .

    Дін дегенім есеп – ті ,
    Елде емдер кеселді .
    бұл есепсіз мемлекет ,
    Ел жағдайын пес етді .

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар