Өмірден өтті бұлбұлың

648 рет қаралды
1

роза Б 1Қазақтың бір туар әншісі Роза Бағланова дүние салды.

Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.

1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.

1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде жеке дауыста әнші болды. Сол ансамбльмен екінші дүниежүзілік соғыстың қан майданында өнер көрсетіп, 1945 жылдың 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.

1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады.

Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.).

Роза Тәжібайқызы Совет заманындағы сазгерлерінің, бұрынғы Совет Одағына қараған республика елдерінің, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін де үздік орындады.

Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарларда болды.

1967 жылы КСРО халық әртісі атанған. 1996 жылы Роза апамызға Халық қаһарманы атағы берілді.

Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты. Бақұл бол, сары дала сандуғашы!

minber қпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Иманы жолдас болсын! Қазақтың тірісіне жасын берсін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері