Ертең инаугурация

489 рет қаралды
2

инау2Еліміздегі ең басты саяси додаға нүкте қойылды. Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы алдын-ала жасалған болжамдар шегінен шықпады. Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев сайлауда қазіргі Президенттің 95 пайыз дауыс жинайтыны жайында алдын-ала жар салған еді. Тиісінше, сайлаушылардың белсенділігі де жұрт ойлағаннан анағұрлым жоғары болды. Саяси мәселелердің тым жылдам жүріліп жатқаны соншалық, Президентті ұлықтау рәсімі осы жұмада, 8-сәуірде өтетін болды.

 

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫНЫҢ САЯСИ САЛМАҒЫ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ЕМЕС

 

imagesCA6ZH0SFҚазақ Президенттігіне үміткер болған «Патриоттар» партиясының жетекшісі Ғани Қасымов, Халықтық коммунистік партиясының атынан түскен Жамбыл Ахметбеков және «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов бұл сайлауды саяси ұпай жинау үшін ғана пайдаланды. Сайлау басталғанға дейін Қазақстан халқы Жамбыл Ахметбеков деген саясаткер жайында білмек түгілі, естімеген де еді. Оның қасында, Ғани Қасымов пен Мэлс Елеусізовтің танымалдылығы біршама жоғары еді.

 

1999 жылы ресейлік Жириновскийдің рөліне енуді көздеген Ғани Қасымов телеарнада сұхбат бере отырып, стақан сындырып, ел есінде қалған еді. Бірақ содан бергі Ғани Қасымовтың жүріп өткен жолына үңілетін болсаңыз, оның Президенттің қарсыласы емес, үзеңгілес серіктесі болуға көбірек талаптанғанын байқайсыз. Оның сенаторлыққа сайлану арқылы емес, Президенттің тағайындауымен келгені жұртқа мәлім болар. Былтыр бастамашыл топ Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін, референдум арқылы ұзарту жайлы бастама көтергенде, Қасымов бұл бастаманы қос қолдап қолдады. Демек Қасымов сайлауға президент болу үшін емес, алда келе жатқан Парламент сайлауына ұпай жинау үшін қатысты. Сайлаудан кейінгі жасаған мәлімдемесінде Ғани Қасымов «Патриоттарды» қолдайтын 200 мың адамның болуы біз үшін зор абырой. Келесі Парламент сайлауында «Патриоттар» партиясы Мәжілістен орын алуы әбден мүмкін» деген екен.

 

инау4Президенттікке үміткер болудан рекорд орнатқан Мэлс Елеусізов экологиялық мәселелерді алға тартуымен елдің есінде көбірек сақталған тұлға. Ол ғаламдық жылынуға орай қандай да бір әрекет ету қажет екендігін үнемі көлденең тартумен келеді. Тіпті осы жолда Алатаудың ұшар басын әктеу қажет деп те мәлімдеме жасап, жоба ұсынған еді. Бірақ халық Мэлс Елеусізовті өзіне өзі сенімсіздігі үшін қолдамайды. Сайлау кезінде оның дауысын Елбасына бергендігі де сол сенімсіздіктен туса керек. Өйткені бұған дейін Парламент депутаты атануға қатты құлшынған Елеусізов   сайлаушылардың өзін қолдап кететіндігіне сенімді емес екендігін де мәлімдеген екен. Мэлс Елеусізов енді «Табиғат» атты партия құрып, Парламент сайлауына қатысуға дайындық жұмыстарын бастайтындығын айтады.

 

иану3Жамбыл Ахметбеков саяси аренаға кездейсоқ келді. В. Косарев басқаратын Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы өз қатарында мемлекеттік тілді еркін меңгеретін адамды іздестіре келіп, таңдау Ахметбековке түскен екен. Кездейсоқ келген саясаткердің үшінші орынға табан тіреуі де кездейсоқ болып отыр.

 

Осы мәселелерді сараптай келгенде, үш үміткердің де қолдан жасалғанын пайымдау қиын емес. Бұл референдум емес, әділ де ашық бәсекелестікке сай сайлау өткізуге үгіттеген Батыстың алдында есеп беру үшін қажет болған секілді. Біздіңше,  оппозицияның сайлауға бойкот жариялауы жөн болмады. Олар осы қадамы арқылы  халық алдындағы беделі мен танымалдылығын тағы бір мәрте бәсеңсітіп алды.

 

ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ ДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ӨТЕ МЕ?

 

Кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы жариялана салысымен, Парламент сайлауының кезектен тыс өтуі мүмкін деген болжамдар қылтия бастады. Бұл болжам өзге емес, Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың аузынан шықты. Ертісбаев «Азаттық» радиосына берген сұхбатында «Президенттің барлық бастамасын қолдайтын Парламент болса, оның (президенттің) саяси модернизацияны жүргізу мақсатында қолын байламай, ерікті түрде тарқауы тиіс» деген екен.

Сәуірдің 4-інде Президент сайлауы нәтижелері бойынша баспасөз-мәслихатын өткізген Елбасы Н. Назарбаев әртүрлі ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берген еді. «CNBC World Business Report» басылымының тілшісі Эккарт Сэйгердің «алдағы бес жылда сіздің басты басымдықтарыңыз не болмақ? Қазақстанның алдағы дамуының басты бағыттары не?» деген сауалына жауап бере отырып: «Алдағы Парламент сайлауынан бастап, Парламент біздің Конституциямызда жазғанымыздай көп партиялы болады» деген екен.

Қазір Қазақстан қоғамы «Парламент сайлауы 2012 жылы өз уақытында өте ме, жоқ, биыл жазда мерзімінен бұрын өткізіле ме» деген тақырыпты талқылауда. Саясаттанушы Расул Жұмалы Парламент сайлауы өз уақытында өтеді. «Нұр Отан» партиясына балама ретінде жаңа партия жасақталуы мүмкін. Ол Ермұхамет Ертісбаев айтқандай «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып қайтқан жастардың бастамасымен құрылады. Жаңа партияның ұстанған бағыты конструктивті оппозициялық бағыт болмақ» деген еді. 

Ал, Парламент депутаттары Ермұхамет Ертісбаевтың бұл ұсынысын тым қуана қабылдай қойған жоқ. Арнайы ұйымдастырылған сауалнама нәтижесінде депутаттардың көпшілігі бұл идеяға қарсы екендіктерін мәлімдеген.

Еуроодақ дипломатиясының басшысы Кэтрин Эштон 5-сәуірдегі Елбасын қайта сайлануымен  құттықтауында Парламент сайлауын 2012 жылы өз мерзімінде, халықаралық стандарттарға сай өткізуге шақырған екен.

Қалай дегенмен де, 2011 жылы Парламент Сенатының депутаттарын сайлау процесі өткізілмек. Сенат депутаттарын сайлау бүкілхалықтық сипат алмайтыны белгілі. Оны тек мәслихат депутаттарының дауыс беруімен жүзеге асырады. Сенат депутаттарының 15-ін Президент тағайындайды. 32-сі сайланады. Ал 4-рет шақырылған Мәжілістің кезекті сайлауы 2012 ждылы жазға жоспарланған.

Есен Байнұр.  

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Сиырдың бүйрегі тәрізді бөлшек-бөлшек ірілі-ұсақты, аты бар заты жоқ саяси партияларды мемлекеттің мүддесі үшін үгіт-насихатпен, мәмілегерлік тіпті әкімшілік-құқықтық жолмен болса да біріктіру керек. Көппартиялық- дегеніміз саны бар сапасы жоқ, екінің бірі құра салған саяси топты көбейту емес. Салиқалы 2-3 ғана партия болғаны дұрыс, сонда ғана саяси тұрақты мемлекет бола аламыз.

  2. есен де, серхан да өте дұрыс айтады. бірлік болған жерде тірлік болады. мен мынау бастағылар, билікте отырғандардың құйрығы тесіліп кеткен жоқ па екен деймін. сүйекті емдеу өте қиынемес пе екен.Нұрекең сол жағына да мән берсе дейміз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі