Бейбіт өмір сүру философиясы

1002 рет қаралды

IMG_024-мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті «Бейбіт қатар өмір сүру философиясы: Ф.Гүлен үндеуі және қазақстандық үлгі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бүгінгі таңда аты әлемге мәшһүр философ, ғұлама ғалым, көрнекті ойшыл Ф.Гүленнің өмірі, оның еңбектері сондай-ақ, озық идеяларының өмірге ішкерілей еніп, әлемдік белсенді қозғалыс ретінде қолдауға ие болып отырғаны белгілі. Ғалымның үндеуі – адамдар арасындағы сұхбат, мәдениеттердің диалогы, бейбіт қатар өмір сүру және толеранттылық. Осы арқылы бүгінгі дүниедегі болып отырған надандықпен, кедейшілікпен, бөлшектенушілікпен күресіп, әлем халықтарын тәрбие мен білімге, іскерлік арқылы эконономикалық жоғары дәрежеге жетуге, ынтымақтасып тізе қосу арқылы өскелең өмір үлгісін қалыптастыруға нақты жобалар ұсыну арқылы адамзаттың ортақ игілігі үшін қызмет етеді.

Жиынға ҚазҰУ-дің, ҚазҰПУ-дың, Абылай хан атындағы Шет тілдер университетінің, ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институтының философ ғалымдары, шетелдік зиялы қауым өкілдері және баспасөз өкілдері қатынасты.

Дөңгелек үстелді факультет деканы профессор Ақтолқын Құлсариева Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов мырзаның құттықтау сәлемін жеткізіп, университет атынан кіріспе сөзбен ашты.

Жиынның алғашқы 10 минутында Ф.Гүлен туралы бейнефильм көрсетілді. Фильмде әлемнің танымал ойшылдарының Ф.Гүлен жайлы әр кезде айтқан ой пікірлері көрсетілді. Ғалымның терроризмге, нәсілшілікке, кемсітушілікке қарсы көзқарастарымен танысып, дінаралық татулыққа, ұлтаралық бірлікке жол сілтеген шынайы жұмыстарынан хабардар етті.

IMG_05pgДөңгелек үстел барысында әдебиеттанушы-ғалым Дандай Ысқақ Ф.Гүленді жан-жақты зерттей келе, оның көзқарасынан заманға, қоғамға, ұлтқа, дінге қайшы келетін ешбір күдік келтірер түйіткіл таппағанын айта келіп, басқа ғалымдардан артық үш түрлі ерекшелік байқағанын ортаға салды. Білімді жан-жақтылы жетілген ұрпақ тәрбиелеу, тәрбиелі, ибалы, иманды ұрпақ өсіру, адамдарды бір-бірімен араластыру, барыс-келіс жасап диалог орнату – оның басты мақсаты. «Ойшылдың әдебиетімізге, өнерге жазған еңбектері мен ұстанымы да діттеген жерден шығуда», – деді. Профессор Серік Нұрмұратов Ислам діні мен христиан діні арасындағы қарым-қатынасты, бір-біріне сәйкесу идеясы арқылы өзара түсінісу философиясын ұсынып отырғанын көпке жеткізді. Ал профессор Жүсіп Мүтәліпов мәдениет пен өркениет мәселесі туралы өзінің Ф.Гүленнен тапқан жаңалығын жеткізді. «Оның  кеңпейілділк пен кешірімділік арқылы дінді насихаттауы ғаламдық деңгейде, әрі өмірге үйлесімді, әрі Құранның нағыз ғылым екенін түсіндіре алғандығында», – деп атап көрсетті. Диалог тақырыбын зерттеп жүрген ғалым Нағима Байтенова қазақтың ұлы данышпаны Абай мен Ф.Гүленнің өзара сабақтастығы мен үндестігі туралы сыр бөлісіп, диалог пен толеранттылықты дамытқаны үшін Ф.Гүлен ЮНЕСКО-нің арнайы сыйлығын алған адам екенін жеткізді. Сонымен қатар, философ ғалым Ақмарал Сырғақпаева Ф.Гүлен шығармашылығына тоқталып, бейне суреттер арқылы дәйекті түрде жеткізді.

Ғалымдар Қ.Әбдезұлы, Ж.Алтаев, А.Қарабева, Ә.Масалимова, Г.Насимова, Г.Нұрышева, Қ.Затов тағы да өзге баяндамашылар Ф.Гүленнің еңбектеріне тоқтала келе, Ислам мен терроризмнің арасында ешбір байланыс жоқ екенін айқын түрде ашып көрсетті. Әрі әлемнің назарын аударып отырған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің саясаты және Ф.Гүленнің үнқатысу философиясының қалыптасып келе жатқанын алға тартты. Ең бастысы, қазірге дейінгі ойшылдардың ұстанымдарының көбі қағаз бетіндегі көзқарас күйінде сақталып келсе, Ф.Гүленнің идеяларының іске асып отырғаны әрі оның барлық құрлықта бірдей қолдау тапқандығы «бүгінгі дүниенің сырқатына лайықты ем» ұсынғандығының айқын көрінісі екендігін бірауыздан ортаға салды.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі