Парламент таратыла ма?

773 рет қаралды
7

photo_13141Бүгін, яғни мамырдың 18-індегі Парламент Мәжілісінің кезекті отырысында мәжілісмен Ирак Елекеев әріптестерін жемқорлықпен күресте дәрменсіз деп айыптап, «осы қарқынмен жұмыс істей бергенше, тарап тынғанымыз жөн болар» деп ұран тастады

– Біз осы жараның аузын ашып, барлық қылмыстық синдикаттарды ашуға көмектескеннің орнына, өзіміз парақорлар мен қазынаға қол салушылардың мүддесін қорғап кететінімізді түсінбей қаламыз, не түсіне тұра әдейі істейміз. Мен артық-ауыс ештеңе айтып тұрған жоқпын. Тарайық, егер қолымыздан ештеңе келмесе, – деді ол.

Оның ойынша, депутаттар жемқорлыққа қарсы күресті сөзбен емес, іспен жүргізуі керек:

– Біздің тайғанақтығымыз бен ақкөңілдігімізден миллиардтаған қаржы қазынаны айналып өтуде. Ел бюджеті сарқылып барады. Осының салдарынан біз ұзақ уақыт бойы қарттардың зейнетақысын дер кезінде көтеру, бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру, әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтың жәрдемақысын уақытында беру, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жесірлері мен еңбек тылында жұмыс істеген ардагерлерге пәтер бөлу, мүгедектерді ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруларға қажетті квотаны уақытында беру секілді көптеген әлеуметтік проблемаларды шеше алмай жүрміз, – деген ол Қазақстан парламентарийлері жемқорлық проблемасында өз принципін жақсы ұстана алса, жоғары шенді шенеуніктер арасында парақорлар саны азаяр еді деген ой түйді.    

imagesCAE6PHX2 – Егер, бетің-жүзің демей шындыққа тіке қарай алатын болсақ, халықтың қазынасын қалтасына басып шетел асып кеткен кейбір әкімдердің жолы қиылар еді. Біз олардың әрқайсысына: «Ей, қадірменді министр мырза, ЖШС құрып, мемлекеттің ақшасын осы ЖШС арқылы жүз құбылтқанды қой!» немесе «Сіздің балаңыздың атындағы банкіге қаржы қайдан келді?» деген сұрақтарды кезінде қоя білсек, бүгінгідей қазынаны тонаушылық болмас еді. Бірақ олай деу үшін депутаттар өздері өзгелер үшін үлгі бола білуі керек.

Сөз соңында ол Елбасына арнайы үндеу дайындап жатқандығын айта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының өзін түсінетіндігіне сенімді екендігін жеткізді.

 

 

«Мінбер-ақпарат»

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. қалай дегенмен Ирак Елекеев ерлік қылды,бұл әзіргі қазақстан қоғамының ұні. Ирак Елекеевтың айтуынша: “Мәжiлiс отырыстарына министрдi айтпағанда, олардың орынбасарлары да аяқ басуды сиреткен. Депутаттық сауалдарға үкiмет­тегiлер нақты, баянды жауап та жазбайтын болған.” екен. бұл Кәрім Мәсімовтың қазақ бійлігін қай дәрежеде контролғып отырғандығын білдіреді. ол қытай арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ійе болып(ашық айтқанда Нұрсұлтан Назарбаев қытаймен Кәрім Мәсімовтың ашса алақанында,жұмса жұдырығында ),әр саладағы қазақтарды қазақтың ақшасымен сатып алды(бұл қытайдың “ өз етін өзінің майына құуырып жеу”деген амалы), сосын бійліктегі қазақтардың мемлекеттiң ақшасын(ашық айтқанда халықтың байлығы )ұрлық қылып алыуына жол берді, сол арқылы бійліктегі қазақтарды алақанына қондырды,қолжаулығына айналдырды. Оған бәрі бір шашылса қазақтың байлығы шашылады,ұйғұрдың байлығы емес(Кәрім Мәсімов 100% ұйғұр). Жақыннан бері Кәрім Мәсімов өзін қазақ найманмын деп жар сала бастады(әрійне қолжаулықтары арқылы), бұл оның қазақ бійлігін контролғып болып, енді
    Президент болыу жоспарын орындай бастағанын білдіреді.

  2. Ote orindi aitilgan sozder eken. Menin oilap otirganim buk agamiz ozin ozi ysh ret atip oltirip almasa bolar edi da????????

  3. Ұсыныс өте орынды. Жеке мандатты сайлау қайта жүргізілсе ғой шіркін. Болмаса партия тізімімен дегеніміз біздің Қазақстан үшін әншейін сайқы мазақтың ісі.
    Бәріне бірдей жем жетпейтін болған соң, бір отар қойдың нашарлау деген бір бөлегін бөліп алып жемге қойдым депті бір қойшы ағамыз. Бақсақ бақ жемде тұрғаны өзі мен ағайынының ғана малы екен. Қой деп айтқанының ішінде қойы да, қаз-үйрек, тауығын былай қойғанда бұзау, ешкі және құтырған тай өгіздер мен құнандарда шауып жүр екен деп күлген екен – мал санағына барған уәкіл інісі.

  4. Кезекті сценари! Референдумның екінші сериясы!

  5. ӨТЕ ОРЫНДЫ АЙТЫЛДЫ.ЕГЕР ПАРАҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛМАСА МЕМЛЕКЕТ ДАМЫМАЙДЫ.Ирак Елекеев ХАЛЫҚТЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІНІ АЙТТЫ.

  6. Әрине депутаттардың ішінде өз міндеттерін белсенді атқарып жүргендер санаулы, олар; Ирак, Бекболат, Тито, , Сабилянов т.б. ағаларымыз. Ал көбінің айдағандары бес ешкі, ысқырықтары жер жарады. Ал былай жүргенде көп ешкі айдап , бірдеңе тындырып жүрген адам екен деп қаласың. Біреуі; бәрін білетін мен, мен ерекше туған жанмын, біз тек заң шығару мен ғана айналысамыз, басқа еш нәрседе шаруамыз болмауы керек, бұл біздің қатып қалған қағидамыз. Ал енді шаңырақ, дольшик деп жүретін біздің уақытымызда жоқ, онсызда бала шағаның мәселесі бастан асып жатыр. тіпті коррупция болмаса не істер едік деп қояды. Тағы біреуі : Ерака әр депутатқа жеке жеке барып , коррупциямен белсенді күреспейсіздер, бұларыныз дұрыс емес , маған бұл жөнінде мінбеге шығып айтуға боладыма деп сурауы керек еді. Сонда мен тура залдың ішінде коррупционерлермен төбелесті бастап кететін едім, енді ренжіп қалдым дейді журналистерге берген сұхбатында ,

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар