/

Қытайлар Қазақстанның тың жерлерін игермек

952 рет қаралды
2

Жақында Қытай еліндегі «Жұңго сауда істері» сайтында және сол елдегі беделді газеттің бірі «Жұңго апталығы» басылымында төмендегідей ресми хабар жарияланды. Онда: Қытай үкіметі Орта Азиядағы яғни көрші ел Қазақстанға 3000-дей жер игерушілерді, нақтырақ айтқанда, тың игерту үшін байтақ қазақ даласына жіберуді іске асырмақшы! Себебі, Қытайдың жан саны тым коп, жері аз сондай-ақ қазір халықаралық нарықта астық тапшы.

Сол үшін де Қытай және Қазақстан үкіметтері Алматы облысы Алакөл ауданынан 7000 гектар (17,300 ағылшын муы) келетін егістік жерді Қытайға жалға беруге келісімге отырмақ. Осы келісім бойынша жалға беру мерзімі биылдан басталып, 10 жылға созылады. Ал, жалға алу ақысы туралы ақпарат әзірге белгісіз. Батыс Солтүстік Шынжаң өлкелік ауылшаруашылық мекемесінің орынбасар бастығының айтуынша, жоағрыдағы дихандар Қазақстаннан жалға алған жерге: соя, бұршақ, бидай, мал азығына қолайлы көп жылдық шөп өсіріумен айналысады. Бұл өңір 90-жылдардан кейін пайдаланылмай бос жатыр.

Ал, Алакөл ауданымен шекараласатын Іле аймағында жан саны тым көп, 1,7 миллион диқанға, 266,600 гектар егістік жер тарлық етуде. Өткен жылы маусым айында Қытай төрағасының Қазақстанға сапары барысында, екі елдің достық байланысын күшейтуді баса көрсетті. Өйткені, екі ел де Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше. Тамыз айында Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Қытай-Қазақстан шекарасында әскери жаттығу өткізбек. Соңғы жылдары Қытай елі ғарыштап дамуда. Электр энергиясына сұраныс артып келеді. Қытай шикі мұнайды ең көп өндіретін елдің қатарына қосылуда. Әрі бұл ел Қазақстандағы ірі мұнай өндіру саласының инвестрі болып отыр…

http://www.chinaccm.com/02/0201/020101/news/20031219/083114.asp

“Namys.kz” сайтынан

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Оның үстінде қытай тіліндегі мәлімет 2003 жылы енгізіліпті, бұны жазбаны жазушылар уақытына қарамаған ба сонда?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі