//

ҰБТ-ының алғашқы қорытындысы жарияланды

631 рет қаралды
6

Бүгін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы қорытындысын жариялады. Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметі бойынша, биылғы ҰБТ-ының орташа көрсеткіші 86 ұпай болған.

ҰБТ-ға биыл 126 мың түлек қатысқан. Ол былтырғыдан 20 мың адамға артық. Былтыр 107 мың түлек ҰБТ-да бағын сынаған еді. Әрі орташа ұпай – 84 балды көрсеткен. ҰБТ тапсырушылардың 9 пайызы 50-ден төмен ұпай жинаса, түлектердің 25 пайызы 100 ұпайдан жоғары жинаса, “Алтын белгіге” үміткер 5 мың түлектің 64 пайызы “Алтын белгіні” қорғай алған. 30 бала ең жоғарғы ұпай – 125 балл жинаған.

Биылғы ҰБТ-ның басты ерекшелігі – аса құпия мемлекеттік құжаттың қолды болып, тест жауаптарының сатылуы. Нәтижесінде Қызыорда облысының Жаңақорған ауданының түлектері ҰБТ-ны екі қайтара тапсырып, ит әуреге түсті. Заң бойынша, мектеп түлектеріне екі рет бірыңғай тестілеуге рұхсат етілмейді. Өйткені, бұл Үкіметке қып-қызыл шығын әкеледі. Бірақ, қолға түскен оқушы саны бақандай 500  адамға жеткендіктен, Білім және ғылым министрлігі олардың барлығының бірдей обал жасамауды ойлаған екен. Сөйтіп, қазынаға қол сұғып, қол сұққанда мол сұғып жаңақорғандық 505 түлек қайта сынаққа түсті. Нәтижесі ойдағыдай емес, жаппай 110 мен 125 балл аралығында ұпай жинаған оқушылар қайта тестілеуде орта есеппен 80 баллды да жинай алмаған.

“Мінбер ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. «Балл қуып, баланы ұмыттық ба?!.»
    Әлқиса
    Еліміздің түпкір-түпкіріндегі жалпы білім беретін орта мектептерде ұлттық бірыңғай тест аяқталып (ҰБТ), балалардың алды жазғы масусымдық демалысқа аттанды, біразы мектеп бітіруге ыңғайланды. Соңғы қоңырау соғылды. Балл кештерін ұйымдастырып, аттестаттарын қолдарына алып, өзге оқу орындарына түсу жолдарын анықтады, алтын ұя мектептерінен түлектер түлеп ұшқалы жатыр. Бірақ, жолдарына бөгет қойылып, ата-анасының зырданы қайнаған оқиға да болмай жатқан жоқ.
    Сондай түлектерді түлетіп, ел қатарлы еңбек етіп отырған ұжым, ордалы білім ошақтарының бір шоғыры Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында орналасқан.
    Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс біздің білім саласының 90 жылдық мерейтойы, жерлесіміз дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толады. Ауданымыз, білім беру саламыздың тарихы тарлан, жетістіктері жетерлік, 200-ден астам ғылым докторлары мен кандидаттарын, Халық Қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровті оқытып-тәрбиелеп өсірген біздің білім беру саламыз.
    Ауданымыздың білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Т.С. Сәдуақасов басқарады.

    Балл- жинаған балалар, жан қинаған-Тестлеу
    Бал жинаған еңбекқор аралар тәрізді, балалар да, ата-ана, ұстаздарда 11-сынып бітірушілерге «жоғары балл жинауды» талап етеді. Биылға оқу жылында ауданымыз бойынша 504 оқушы ҰБТ-ге қатысып, орташа 78,41 балл жинады. Бұл өткен жылғыдан сәл төмен болса да, жаман емес. «Төмендеу»-дің бір себебіне оқушыларды қан-қақсатып, құқықтарын бұзып, психологиялық қысым көрсеткен оқиғаға төменіректе көзіңіз жетеді.
    Балалар «балл жинады» бірақ, біраз оқушы, ата-ана, ұстаздар мен басшылардың жанын қинады. Қиналған біз ғана емес, әсіресе еліміздің қайсы бір елді мекеніндегі баласы 11-сынып бітіретін ата-ананың бәрін қинаған ҰБТ мәресіне жетті.
    ҰБТ өткенше балалардың күлкісі тыйылды, ата-ананың ұйқысы сұйылды.
    Балалар оқыды, жаттады, ұстаздар да қарап жатпады.
    Тіпті, у ішсекте руымызбен болатынымыз бар емес пе, құда-жекжаттан бастап көрші қолаң, дос-жаран ҰБТ-ге қатысып, балл жинауға аттанған балалардың артынан құрбан шалып, құдайы берістік.
    Өйткені биыл ҰБТ бұрынғыдан өзгеше, қойылатын талап қатаң болды- десті. Дұрыс-ақ.
    Егеменді еліміздің ертеңі, ата-аналардың болашағы ұрпағымыздың терең білімді, тұлғалық тәрбиелі болуына бәріміз мүдделіміз, «Мен де, Сіз де, мемлекетте…».
    Айтпақшы, республикамызда 126 100 оқушы тест тапсырды, 12 000 түлек «тестіден құлап жылады», 32 000 түлек 100 балл-дан асып жинап қуанды.
    30 түлек елден ерен баға көрсетіп 125 баллға ие болса, «Жаңақорғанда жаппай жаңжал», ұйымдасқан сыбайластық болды.
    Сөйтіп, 2011 жылғы ҰБТ-інің өткен жылдардағыдан «өзгеше» болғанына мектептердегі ұлттық бірыңғай тестлеу өткізіу пунктісінің (ҰБТӨП), табалдырын балалар аттамай-ақ сезінді.
    Балалардың денесі «Металл іздегіш» құрылғымен тексерілді. Оны да дұрыс-ақ дестік. Қазір не көп террорист көп, балалардың арасына еніп кетіп, лаң шығарулары мүмкін- деп күдіктендік.
    ҰБТӨП-сінің аумағына Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша ұялы байланыс құралдарына қолдануға тосқауыл қойылды, байланыс жойылды!..- деді.
    Қысқасы, ҰБТӨП-сінің төбесінен ызыңдаған шыбынды да ұшырмайтын, ваккумм орта пайда болды, тек балалар тыныс алулары үшін ауа ғана кіріп тұрады- деді.
    Рухпен тілдесетін көріпкелдігіміз жоқ көп ата-ана өзімізді осы дүниеде қалған, ал балаларымызды о, дүниеге кеткендей сезініп мектептің ауласынан аулақтадық. Өйткені ата-аналар өкілдерінен тестлеу пунктісіне жіберген жоқ.
    Жолдар жабылып, постлар қойылды.
    Сонымен, балаларымызды ҰБТӨП-сіне өткізіп, Министрлік өкілдеріне құдайдай сеніп тапсырып, көзіміз жаутаңдап қала бердік…

    Құзыретті өкілдер…
    Биылғы «өзгешелік» өңір-өңірге, ҰБТӨП сайын Министрлік өкілдері келді. Білім және ғылым министрінің № 44 бұйрығымен оларға төтенше өкілеттік берілді. Мұны «шпаргалка мен сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу» әдісі- десті. Тағы да дұрыс-ақ.
    Жергілікті жерлердегі мемлекеттік комиссиялар оқушыларды әкелу, тамақтандыру, тасымалдау ісімен ғана шұғылдансын- деп, әншейінде мүйіздері қарағайдай болатын «жергілікті билікті желкелеп, жетім баладай» Министрлік өкілдеріне жаутаңдатып қойыпты. Жергілікті мемлекеттік органдар мен комиссиясына сенімсіздік танытып, әр министрлік өкілетті өкіл жіберетін болса, жергілікті билікті таратып жіберген дұрыс болар еді.
    Бұл сөзімді де сәл кейінірек дәлелдеймін.
    Сонымен, Мен сөз етіп отырғандай біздің балалар тест тапсырған ҰБТӨП-ісі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының № 1 орта мектебінде орналасқан еді, № 60 (республикалық тізім бойынша № 772).
    Алғашқы тестлеу 2011 жылғы 5-маусым күні өтті.
    Тестлеу басталардан бір күн бұрын осы ҰБТӨП-сінде Министрлік өкілдері келген мақсаттарын, кезекшілердің міндеттерін түсіндірген жиналыс өткізді.
    Баймөңкелемей-ақ, Министрлік өкілдерінің келген «мақсаттары мен кезекшілердің міндеттерін» ашып айтайын. Бірақ, өзім жиналысқа қатысқамын жоқ. Осы жиналысқа қатысқан 16 кезекші қол қойған хабарламада былай дейді: «Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 12-сәуір 2011 жылғы № 114 бұйрығымен бекітілген Қарқаралы қаласындағы № 60 ҰБТ өткізу пунктінде ҰБТ өту кезіндегі аудитория кезекшілеріне 2011 жылдың 4- маусым күні Министрлік өкілдері жиналыс өткізді.
    Жиналыс барысында ҰБТ өткізу кезіндегі аудитория бойынша кезекшінің іс-әрекеті туралы, бітірушілердің аудиторияда тәртіп сақтау ережесін түсіндірді.
    Министрліктен келген өкілдер, оның ішінде Мадалиева Эльмира Бегалиева «ҰБТ тапсырушылар тарапынан кемшіліктерді көп тапсақ, біз «Мемлекеттік наградаға, сыйлыққа ұсыныламыз. Біз осы наградалардан үмітті екендігімізді түсініп отырған шығарсыздар»- деп ескертті. Біз ҰБТ тапсырушыларға ешқашан көмектескен емеспіз. Бірақ та бізді министрлік өкілі Нұрбеков Қасым Темирбекович «Егер сіздердің тараптарыңыздан кемшілік кетсе, жұмыстан шығарып, педагогика саласында жұмыс істетпеуге құқығымыз бар. Менің тәжірибемде осындай жағдай болған. Бір адамды жұмыстан шығартқам»- деді.
    Қ.Т. Нұрбековтен естіп, көріп отырғанымыздай 1937 жылғы тәрізді еш тергеу, соттың шешімінсіз министрлік өкілі жұмыстан шығарып, тіпті педагогика саласында жұмыс істеу құқығынан айыру құзыреті беріліпті (автор М.С).
    Біз аудитория кезекшілері бірінші рет кезекші болып отырған жоқпыз, бірақ Министрлік өкілдерінен осындай сөзді бірінші рет естіп отырмыз. Сонымен бірге кезекшілерге, яғни жоғары білімді мұғалімдерге сенімсіздік білдіріп, барлығымыздың дипломдары-мыздың түп нұсқасын алғызып тексерді, бәріміздікі дұрыс болып шықты. Неге тексересіздер деген сұраққа «Диплом көшірмесін өтірік жазып алуға болады»- деп жауап берді- дейді.
    Аудитория кезекшілері: А.С.Алимжанова, А.Б.Бактиярова, А.Т.Омашова, А.С.Жиенбаева, Г.Е.Сатжанова, К.А.Рапихова, М.А.Нургалиева, Г.М.Конакбай, К.Сағынбаева, Н,Әкімбекова, А.Мүрсәлім, А. Ашманова, Д.Сыздықбаева, Б.Мұқашева, Б.Маженова, Қ.Исабековалар қол қойған.
    Міне, Министрлік өкілдерінің «мақсаттары мен кезекшілердің міндеттері, құзыреттері» өздерінің сөзімен осылай айқындалды.
    Министрлік өкілдерінің мақсаты награда мен сыйлық алу, кезекшілердікі көп кемшілік табу болып алғашқы күні –ақ белгіленді, қатаң ескертілді.
    Сөздің аты- сөз, сөзді іс-әрекетпен дәлелдеу керек.
    Дәлелденді, тест басталғаннан кейін 2 сағат уақыт өткенде № 60 ҰБТӨП-сінен қатарынан 5 оқушы қуылып шықты.
    «Тыйым салынған заттар табылыпты»- деп шу етті.
    «Тыйым салынған заттар»- деген сөз жүрегімізді дір еткізді, металл искательмен тексеріліп кірген оқушылардан жарылғыш заттар табылған екен- деп біраз ата-аналар дүркіреп тіпті аулаққа қашты.
    Тестлеуде балалары отырған ата-аналар қуылып шыққан балаларға жабылды. Көпшіліктің ортасында қалған өзінің балаларын ата-аналар зорға тапты. «Тапты»- дегенмен талып түскенде тапты.
    Дереу жедел жәрдем шақырысып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Бір қыз бала талмаға ұшырады, екінші бір ұл жүректен инфарк алды, қалған үш баланы ата-аналары ертіп еңіресіп үйлеріне қайтты.
    Әлгі өліміші халге түскен екі балаға дәргери қорытындылар жасалынып, акт мен фактісі шықты.
    Бұл 2011 жылғы 5-маусым күнгі сағат- 11.30 шамасы еді.
    Сонымен ауруханаға талып жеткен, жүректен инфарк алған балалармен әбігер болып жүрген де түс ауып, кеш те түсті.
    Есімізді жинап, алғашқы қорытынды ілінген соң мәселенің мән жайын анықтауға № 60 ҰБТӨП-сіне келдік. Болған жағдайды жергілікті мемлекеттік комиссия мүшелері, кезекшілері түсіндіре алмады, бәрінің көздері шарасынан шығып, Министрлік өкілдері біледі- десті.

    «Құдыретті де, құзыретті өкіл…»
    Не себептен, балаларымызды тестлеуден қуып шығып, жәбір көрсеткендіктері, құқықтарын бұзып, болашағына балта шапқандарын түсіндіруді, қателігі болса дәлелдеп, кешірім беруді сұрап Министр өкілдеріне бардық.
    Бірақ, құдыреті мен құзыретіне масаттанған апелляциялық комиссия төрайымы Мадалиева Эльмира Бегалиевна ата-ана өтініші мен сөзін шыбын шаққанғұрлы көрмеді.
    Болған оқиғаны толық түсіндіріп берудің орынына «Қайда барсаңдар, онда барыңдар!»- деп бет қаратпады.
    «Баласының аяғына кірген шөгір, маңдайыма кірсін!»- деп тілейтін байғұс ата-аналар шағымданып жатыр…
    «Бәрімізде әкемізді сабаушы едік. Арбаға байлап қойып сабағанды алғаш көрдіктің» кебін киіп отыр…Неге?!.
    1. Балаларды тестлеуден қуып шығып, тіпті кейбіреуінің қолын бұрап, талдырып, зар илетіп жылатып тұрып шығарды, бұл- БІРІНШІ ЖАЗА.
    2. 11 жыл оқыған еңбектері жоққа шығарылып, 11-сынып бітіргені туралы аттестатсыз қалдырды, бұл- ЕКІНШІ ЖАЗА.
    3. Егер мемлекеттік сынақтан «Екі» деген баға алған оқушы қайта экзамен тапсыруға құқылы болса, біздің 5 оқушыны ондай құқықтан да айырды, ҮШІНШІ ЖАЗА.
    4. Осы оқиғаның салдарынан оқушылар колледж, жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндігі мен оқу құқықтарынан айырылды, бұл міне- ТӨРТІНШІ ЖАЗА.
    5. Ар-ожданы төгіліп, ар-намысы тапталды, жігерлері құм болды, бұл БЕСІНШІ ЖАЗА…
    6. Биылғы жылы дәл осы мерзімде дұрыс жауапты сатып алып, шпаргалканы ұжымдасып, ұйымдасып қолданған жоғарыдағы жаңақорғандықтардан тестлеуді қайта қабылдаған да, «ала қойды бөле қырқып» біздің балаларға ондай мүмкіндік берілмеді, бұл АЛТЫНШЫ ЖАЗА.

    Дәйектер мен дәлелдер көп, талап- біреу
    Қателік пен кемшілік кеткен болса баланы жазалау дұрыс, өзінің жүрегіне тиіп, өзгеге сабақ болсын!
    Бірақ, ересектердің тіпті министрлік өкілдерінің лауазымдық міндеттерін орындамауы, керісінше өкілеттігін асыра пайдалануы мен жалған құжаттар арқылы жапа шектіруі балаларды да, ана-аналарды да азапқа салып отыр. Бүгіндері анасы баласын күзетеді, оны әкесі күзетеді, әкесін басқалар бақылайды. Намысы тапталған баланы қойып, ана, әкелердің тағдыры алаңдатып отыр.
    Ата-аналар шағымы:
    «Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының № 1 орта мектепте құрылған № 60 Ұлттық біріңғай тестлеу өткізу пунктісінде (ҰБТӨП) 2011 жылғы 05-маусым күні өткен тестлеу барысында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінен келген, апелляциялық комиссияның төрайымы Эльмира Бегалиевна Мадалиева өзінің өкілеттігін асыра пайдалану арқылы қызметтік және педагогикалық этиканы бұзып Қарқаралы қаласының № 1 орта мектебінің оқушысы Иманберлі Махамбет Медеуұлы, № 10 орта мектептің оқушылары Құрал Гүлім Ертайқызы, Қомай Ағайынбай, Қабыкей Берікбол, № 37 орта мектеп оқушысы Дакиров Казыбек Сериковичтерді «шпаргалка қолданды»- деген күдікпен, толық дәлелсіз қуып шыққан.
    Аталмыш балаларды аудиториядан шығарғанда кезекшілерге, ата-аналарына хабарлап, тапсырмай бір сағаттан астам уақыт коридорға жіберген. Қорықып, ұялған, жігері құм болған балалар өздеріне қол жұмсауы ықтимал халге түскен.
    Осы уақытта оқушылар Құрал Гүлім цемент коридорға талып жығылған, Қабыкей Берікболдың жүрек талмасы ұстап (инфарк алып) ақыры екі баланы ана-аналары жедел жәрдеп арқылы ауруханаға жеткіздік.
    Балалардың соншалықты өлім қаупіне жеткенше Э.Б. Мадалиева оларды аудиториядан шығарғандығы туралы жергілікті мемлекеттік комиссияға (төрағасы- С.С.Дүйсетаевқа), ұлттық бірыңғай тестлеу пунктісінің жетекшіне (С.Б.Бектұрсыновқа), дәргерге ( Е.И.Берниязоваға) хабарламаған.
    «Жергілікті мемлекеттік комиссия мүшелері, дәргерді кабинеттеріңнен шықпаңдар!»- деп тыйым салған, тіпті жергілікті мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Қарқаралы ауданының әкімінің орынбасары С.С.Дүйсетаевтың өзін дәретханаға ертіп апарып, ертіп әкеліп отырыпты. Мұны жергілікті мемлекеттік комиссиясының төрағасы өзі мойындады.
    Балаларымыздың тестлеуден қуылып шығуына байланысты тестлеу аяқталып, қорытындысы шыққан соң ата-аналар өкілдері Малик С, Борханова М.А өтініш апарғанда Мадалиева Э.Б. қабылдап алмай, «қайда барсаңдар онда барыңдар»- деп беттетпеді.
    Дәл осы уақытта жергілікті мемлекеттік комиссия мүшесі Т.Сәдуақасов, ҰБТӨП-сінің жетекшісі С.Б. Бектұрсынов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері көріп, естіп тұрды.
    Э.Б.Мадалиевадан балаларымызды тестлеуден қуып шыққанда негізге алған дәлел, актіні, айғақ заттарды көрсетуді сұрағанда «мен сендерге көрсетпеймін»- деп жауап беріп, сіздер мұнда неге кіресіздер- деді, өтінішімізді қабылдамады.
    Біз сіздің алдыңыздан өтуге, балалардың қателігіне көзімізді жеткізу үшін келдік. Өтінішті алып қалыңызшы, жасалған актлерді көрсетіп, қателіктерін дәлелдеңізші.
    Сіз неге балалардың психологиялық, жас ерекшелігін, ата-аналардың тілегін ескермейсіз- деп жалынып сұрадық.
    Сіздің өз білермендігіңізбен қателігі болса да балалардың құқығын, министрліктің бұйрығын бұзып тұрғаныңыз үшін сотқа шағымдануға мәжбүр боламыз- дегенді бірнеше рет ескерттік.
    Сонда да Э.Б. Мадалиева ханым кіріп-шығып, жүре жауап беріп, едіреңдеп «қайда барсаңдар онда барыңдар!»- деп қолын сілтеп, өктемсіген беті сазарап жолатпады.
    Балалар мен ата-аналар еріксіз Қарағанды облысы бойынша балалардың құқығын қорғау департаментіне электронды почтамен 05.06.2011 ж.күні сағат шамамен 17.30 хабарлап көмектер сұрадық.
    Олар да бұл мәселені білім және ғылым министрлігі ғана шешеді- деп жолдаған хабарламаны кері аудандық білім беру бөліміне жолдапты.
    Ал, бұл оқиға туралы Қарқаралы ауданының жергілікті мемлекеттік комиссиясына хабарлағанымызда, олар да «біздің құзыретіміз де құдыретіміз де жетпейді»- деді.
    Қарағанды облыстық білім беру департаментінің бастығы Е. Н.Иманғалиевпен ұялы байланыс арқылы сөйлескенімізде, «жергілікті мемлекеттік комиссияның мұндай дауды қарауға құқығы жоқтығын» айтып түсіндірді.
    Біз еріксіз 2011 жылғы 7-8 маусым күндері Астана қаласына білім және ғылым министрлігіне барып шағымдандық.
    Бірақ, ғылым және білім министрлігі екі күн бойы бізді қабылдамады, рұқсат беру пункісінен рұқсаттама бергізбеді, тек телефондар арқылы ғана азын-аулақ жауаптар беріп, түрлі сылтаулар айтты, «қарғаның көзін қарға шоқымайды» ғой.
    Өтінішімізді жәшікке салып, бақылау комитетіне түстірдік бірақ, әлі жауап жоқ.
    Осы әуре-сарсаңның салдарынан балаларымыз 7/ҮІ, 9-10/ҮІ күндергі тестлеуге қайта кіре алмай моралдық және материалдық шығындар шегіп, психологиялық тұрғыдан зардап тартып отырмыз.
    Апелляциялық комиссия төрайымы Э.Б.Мадалиева, програмист М.Ж. Байжуманов өкілеттіктерін асыра пайдаланғандығы, білім және ғылым министрлігінің № 44 (2011 ж. 10-желтоқсан) бұйрығы мен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестау жүргізудің үлгі ережесі» нормаларын, балалардың құқығын өрескел бұзғандығына төмендегі дәлелдерімізді оқырмандар, құқық қорғау және құзыретті органдардың назарына ұсынамыз:
    1. Әуелі осы аталған бұйрықтың 49- тармағы бойынша « Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестлеу өткізу кезеңінде әрбір ҰБТӨП-де апелляциялық комисия құрылады»- деп көрсеткен.
    Демек, өзі апелляция комисиясының төрайымы бола тұра Э. Б. Мадалиева біздің түсінігіміз бойынша даулы мәселе болған балалардың толық дәлелсіз тестлеуден шығарылуы, құқықтары қорғалмауына, олардың ар-ожданы, денсаулығына нұқсан келіп тұрғандығына, балалардың болашағы өмірі мен денсаулығына немқұрайды қарады. Министрдің аталмыш бұйрығымен бекітілген үлгі ереже бойынша даулы мәселе- деп тек тест сұрақтарының мазмұнына байланысты сұрақтар ғана қарастырылыпты. Бұйрықтағы «Балалардың құқығын қорғау мақсатында»- дегені бос сөз болып шықты.
    2. Жоғарыдағы үлгі ереженің 48-тармағы бойынша «ҰБТ-да қолдануға тыйым салынған заттарды алып қою және үстінен түсу туралы акт жасайды»- деп көрсетілген.
    05.06.2011 ж. күнгі 17 сағатта Э.Б. Мадалиева ата-аналар Малик С, Борханова М.А. барып көрсетуді сұрағанда балаларының сондай тыйым салынған заттарын алып қойған актісі, мүліктік айғағы болмағандықтан оны сол күні, сол тестлеу пунктісінде тұрып көрсете алмады.
    Балаларды тестлеуден заңсыз шығарып жіберген өзінің қатесін кеш түсініп, ата-аналар актімен таныстыруды сұрағаннан кейін ғана әрекетін «заңдастыру үшін» «шала актісымағын» ертеңгісін толықтырып, жасанды акт толтырған.
    Әйтпегенде сол мезгілде келген ата-аналарға жасалған актімен таныстырып, балаларының қателігін дәлелдеп, сол арқылы «жаса-лынған актісін аз да болса заңдастырар» еді.
    Жоғарыдағы дәйектерге қосымша мына дәлелдерді айтамыз:
    1. «Жасалынды- деген актлерін» жергілікті мемлекеттік комиссияға, өздері көріп куә болмаған кезекшілерге қол қойдыру үшін бір-екі күн өткен соң ғана ұсынған.
    Кезекшілерге, оқушыларға қол қойдыруға мәжбүрлеген.
    Тіпті, програмист Байжуманов Муратбек Жанатбекович Қарқаралы қаласының № 1 орта мектеп оқушысы Иманберлі Махамбет Медеуұлының қолын қысып, сорақылық жасаған.
    2. 05.06.2011 ж. күні № 1 аудиторияда кезекші болған Алимжанова Ақерке Сагатовнаның түсіндірмесінде Құрал Гүлім, Иманберлі Махамбет деген балалардан ұялы телефон, шпаргалка көрмегенін, Э.Б. Мадалиева оны орынсыз кінәлап, қыспақтап қол қойдырғанын жазған.
    3. Біз Астанаға барып, білім және ғылым министрлігі талап еткенде Э.Б. Мадалиева № 60 ҰБТӨП-сінің жетекшісі С.Б. Бектұрсыновқа екі күн өткеннен кейін актімен таныстырып қол қойдырған.
    «Толтырылды»- деген акт бланклері өткен жылғы ескі үлгіде болғанын, толық толтырылмағанын біздің шағымхатпен қосып ұстап жүрген бақылау комитетінің сарапшысының құжаттарының фаскограмма көшірмесінен көрдік.
    Сондай шикіліктері, заң бұзушылығы болғандықтан, ата-аналар мен жергілікті мемлекеттік комиссияға актлерінің көшірмесін қалдырмай кетті. Балаларымыздан сұрағанымызда қазақ мектептерде оқыған балалар орысша бір қағазға «қол қой, қол қой»- деп қойдырып алды, оны толық түсіне алмадық, қорықып кеттік, оқи алмадық- деді.
    4. Э.Б.Мадалиева, М.Ж. Байжуманов «Балалардан табылды»- деген тыйым салынған заттарды немесе оларды жойғаны, қайтарып бергендері туралы нақты актісі мен фактілерін көрсете алмады, ондай айғақтар жоқ.
    Демек, егер кейін өздері қолдарынан жасанды акт жасамаған болса ондай дәлелді зат та, акті де дәл 05.06.2011 ж. күнгі сағат 17.00-де ата-аналар барып көрсетулерін сұрағанда Қарқаралы қаласының № 1 орта мектепте орналасқан № 60 ҰБТӨП-сінде атап айтқанда Э.Б. Мадалиева, М.Ж. Байжумановта да, жергілікті комиссияда да ең жоқ дегенде көшірмесі де болған жоқ.
    Барлық тестге қатысушылар металл іздегішпен тексерілген, арнайы бақылаушы кезекшілер болған.
    5. Балалардың атап айтқанда Құрал Гүлім мен Қабыкей Берікболдың денсаулығына қатер төнгені Қарқаралы ауруханасының жедел жәрдем дәргерлерінің анықтамасында толық көрсетілген.
    6. Балаларға тағы да бір өлім қаупін (балалар мен жастар арасында өзіне өзі қол жұмсау фактлері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтылып жүр), мүмкіндік тудырған жағдаят олардың аудиториядан қуылып шыққаннан кейінгі бір жарым сағаттай иесіз, дәргери көмексіз қалуы болған.
    Өйткені балаларды кезекшілерге ертіп апарып тапсырмаған, жергілікті комиссияға хабарламаған.
    Сөйте тұра толық дәлелсіз «шпаргалка таптық»- деп Астанаға «сүйінші сұрағандай» асығыс хабарлап үлгерген. Осылай жасау арқылы жоғарғы органдардан өздері айтқандай «мемлекеттік награда» алмақ болғаны нақты әрекетімен түсінікті болды.
    Қайталайын, бұған Министрлік өкілдерінің 2011 жылғы 4-маусым күні өткізген жиналысына қатысушы 16 кезекші қол қойған хабарламасы куә. Осы жиналыста Э.Б. Мадалиева «ҰБТ тапсырушылар тарапынан кемшіліктерді көп тапсақ, біз «мемлекеттік наградаға», сыйлыққа ұсыныламыз. Біз осы наградалардан үмітті екенімізді түсініп отырған шығарсыздар»- деп ескерткен еді(Хабарлама, әр айтқан сөздерімізді дәлелдейтін көшірмелері қолымызда бар).
    7. Э.Б.Мадалиева жергілікті мемлекеттік комиссияның төрағасы С.Дүйсетаев, ҰБТӨП-сінің жетекшісі С.Бектұрсыновпен санаспаған, баса көктеп өзі білермендігімен өкілеттігі шеңберінен шығып оларға үнемі күдік, сенім-сіздікпен қараған, қызметтік этикасын бұзып, жергілікті мемлекеттік комисияның оқушылар мен ата-аналар алдында беделін түсірді, оларды «бейшара етті».
    8. Егер олай жасамаған болса білім беру саласының үздігі, мемлекетке еңбегі сіңген қайраткер, Қарқаралы ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, жергілікті мемлекеттік комиссиясының мүшесі Т.Сәдуақасовқа ең бергісі оқушылардың тестілеу барысында «жасады»- деген қателіктері туралы жасалынған актлерінің көшірмелерін қалдырса да болар еді.
    Оқиғаның салдарынан балаларымыз Қарқаралы қаласының № 1 орта мектебінің оқушысы Иманберлі Махамбет Медеуұлы, № 10 орта мектептің оқушылары Құрал Гүлім Ертайқызы, Қомай Ағайынбай, Қабыкей Берікбол, № 37 орта мектеп оқушысы Дакиров Казыбек Сериковичтердің құқықтары бұзылып, атап айтқанда жалпы орта мектеп бітіргендігі туралы аттестат, ҰБТ-ге қатысқан сертификат алу, келешекте өзге оқу орындарына түсу, 2011 жылғы шілде айында өтетін тестлеуге қатысу құқықтарынан айырылып отыр»- дейді, ата-аналар Разақова Ә.Ә, Борханова М.А, Дакиров С, Қомай Б, Малик К.
    Ақыры, комиссиялар мен құзыретті органдарға шағымданып, жылы жауап естіп, нәтиже шығара алмай «допша тебілген» ата-аналар Қарқаралы ауданының сотына талап арыз түсірген, өкініштісі талап арыз, құжаттары алты күннен кейін «толықтыру керек»- деп кері қайтарылып берді.
    Жәбір көрген балалар мен ата-аналардың талабы жалғыз, ол бұзылған құқықтарының қорғалуы.
    Әйпесе, ашынудың соңы кез-келген қатерге апаруы ықтимал.

    Төрелікті кім айтып, дөрекілікті кім жояды?!.
    «Сыйынған құдайың өзі алады»- дегендей мемлекеттік маңызы бар осы науқанды басқаруға келген, министрліктің өкілдерінің жасағаны- Мынау.
    Ат сабылтып Астанаға барғандағы министрліктің әрекетінің кейіпі- Анау.
    Жергілікті мемлекеттік комиссия биліктен шеттетілгені, оларға сенімсіздік танытқаны -Осы.
    Бұл, балалардың, ата-аналардың Қазақстан Республикасының Конституциялық құқықтары бұзылғаны емес пе!?.
    Енді, төрелікті кім айтып, дөрекілікті кім жояды?!.

    Жәбір көрген балалар мен ата-аналардың
    сенімді өкілі
    Малик Серхан, «Азамат» Қарқаралы
    ауданының балалары мен жастары
    ұйымдары одағының төрағасы.
    Байланыс тел: 8(71246) 32-678 жұмыс, 31089 үй,
    Ұялы телефон- 8701 322 58 54

  2. Биылғы тестілеу кейбір жерде оңай өтсе, кейбір жерлерде оңай өтіпті. Дәлірек айтқанда, қалталы ата-аналар балаларына жауаптарын сатып алған көрінеді. Не болып барады,  қалтасыздардың балалары оқып қиналып грант алса, қалталылар оқымай-ақ грантқа түседі. Еліміздің болашағы білімсіз ұрпақтың қолында болмақ па?

    • Cәлеметсіздерме?Ия дұрыс айтасыз Адил биылғы жыл көп акпараттык газет журналдардың окуым бойынша тым қиын болыпты,егер осындай жағдай бұданда қиындай түсе болашак балалар калай окып Казакстанның болашағын алға көтереміз.Қаншама жас бүлдіршіндеріміздің өміріне балта шауылған болып есептелед қанша жыл оқып 3 сағаттың ішінде өмірлері шешілед.Кала балалары өлмейд айтеуір жұмыс істеп акшамен болсада оқиды.Ал ауыл балаларына келер болсақ олар бұндай жағдайда қала” білім алад,менімше осы ҰБТ дегенді алап тастау кере сияқты.

  3. ЕНТ ны алып тастау керек деп ойлайиын шынымен кейбир тулектер томен балл жинап окинип типти оз озине кол жумсауга дейин барып жатыр. соларды кишкене ойласа да боладыго тулектерди олардын ата аналарын боска кинамай !!!!

  4. Жоғарыда көрсетілген өрескел өтіріктің авторын сотқа шақыру ретін қарастыратынымды айтайын деп отырмын. Осынау бір жайдың болатынын білгендей, мен кейбір сәттерді әсіресе ұялы телефондарды қолдарында ұстап отырып, мойындамай отырған түлектерді бейнематериалға түсіріп алғанмын. Ендігі кезек авторға айтарым қазақ деген ардақты елімізді өстіп сырттан балағаттау тек ұяты мен намысы жоқ адамнан естуге болатынын байқадым.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар