/

Мыңбаев миығынан күліп отыр

1122 рет қаралды

Бейсембі күні Үкіметтің  мәжіліс залынан шыға мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев үкімет жуық арада бензиннің шектеулі бағасын болар-болмас қосатынын журналистерге жеткізді.

Үкімет 2009 жылдың желтоқсан айыннан бері ел көлемінде АИ-80/92/93 маркалы бензиндер мен дизель отындарының сату бағаларына шектеу қойып келген еді. Онда 2009 жылдың күзінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде бензин тапшылығына байланысты баға күрт өсіп осындай әрекетке барған болатын.

Ал биылғы жылдың мамыр айында ел көлемінде бензинннің сату бағасын АИ-92/93 – бензин үшін бір литрін 102 тенге дейін, АИ-80 бензин үшін бір литрін 84 тенге дейін, дизель отынның бір литрін 87 тенге дейін сатуға болады деп белгілеген де, «бұдан әрі жанар-жағар май бағасы өспейді» деп үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өз аузымен елге жеткізген. Ал бүгін министр Мыңбаев миығынан күліп би деп отыр. Бұл не сонда, елді алдаусырату ма, әлде, үкімет болашағын, ертеңін болжай білмей ме?

Ал мұнай өнімдерінің базардағы топтық бағасы реттелмегендіктен қазіргі баға бөлшектеп сатушыларды шығынға ұшыратып, олардың көңілінен шықпай отырған көрінеді.

Мыңбаев болса, беті бүлк етпей: «Бензиннің шектеу бағасы азды-көпті өседі, ондай болады. Қашан болатынын мен білмеймін, бір-екі күнде боп қалар» дейді. Және ол «жанар-жағармай бағасы беталбаты бұрынғыдай өспейді, тапшылық болмайды» деп сендіреді. Мінбер ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі