/

Рамазан айында қайырымдылық жасаңыздар

725 рет қаралды

Жарма ауданына қарасты Әуезов кентіндегі Кәдешовтар отбасында дүниеге келген кішкентай Дамир 10-шілдеде үш жасқа толды. Ол мезгілінен бұрын туғандықтан, көз жанарындағы тор қабығының бұзылуымен ретинопатия сырқатына шалдыққан Сырқаты сегіз айында ғана білінген  оның  сауығып кетуі екіталай дейді дәрігерлер.  Бірақ балаларының балдай тәтті тілі шығып, балдәурен балалықтың шаттығына бөленер шағында осындай диагнозға шалдыққанын естіген ата-ана шарқ ұрып көмек көрсетер жан іздеп сабылуда.

Биылғы наурызда Санкт-Петербург қаласындағы К.Раухфус атындағы №19 балалар ауруханасында Дамирдің бір жақ көзіне ота жасалынған болатын. Алғашқы жәрдемін аямай, демеушілік танытқан еліміздің Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновқа, «Қазмырыш» АҚ мен «Бақыршық кен байыту» ЖШС ұжымына, Әуезов кентінің әкімшілігі, білім ошағы мен мешіт қызметкерлеріне, кент тұрғындарына, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер, ағайын-туыс, көрші-қолаңға бала ата-анасының алғысы шексіз. Ресейлік дәрігерлер Дамирдің көру қабілеті оралатынына үміт беріп отыр. Сәбиге 7-маусымда құны  5 мың АҚШ долларына түсетін тағы бір ота жасалған болатын.

Дамирдің әжесі Ләззат апа: «Бала – балым, баламның баласы – жаным» деген ғой қазағымыз, немеремнің бұл дүниенің  жарығын көріп кетуіне барымызды салғанымызбен, қолдан келер шара жоқ. Екі рет жолақы мен жүріп-тұру шығынын санамағанда 13 мың АҚШ долларындай қаражат көзі жұмсалды. Ұлым үйін де сатылымға қойған еді, әзірге өтпей тұр. 7-тамызда әрі 7-қазанда  тағы екі мәрте қаралуымызға тура келіп тұр.  Немерем бұрын көзін екі қолымен басып жатып алатын. Қазір мінезінде де оңды өзгерістер байқалып, айналаға деген қызығушылығы пайда болды. Дамирымның сауығып кетуіне осы күнге дейін жомарттық танытқан әрі жәрдем берем деуші жандардың барлығына Алланың нұры жаусын!» – деген үндеуін айтқан еді.

Бақыршық кентіндегі Сәбидің денсаулығына бей-жай қарамайтын жандарға төмендегі реквизиттерді ұсынамыз:

РНН 182700003518

БИН 980341000593

Есеп шоты КZ 246014083000009676

Қазақстанның Халық Банкі

Телефондары:

87234740029

87775421729

Әйгерім Мамилова, Жарма ауданы ШҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі