/

Мемлекеттік тіл: нақты іске бет бұру

959 рет қаралды
6

Астанада Мәдениет министрлiгiнiң жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева арнайы жиын өткiзiп, «ҚР-ның кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк тiл саясаты мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасы төңiрегiнде интернетте жүрген қаңқу сөздерге байланысты түсiнiк бердi.

2013 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ТIЛIНЕ КӨШЕМIЗ!

Интернеттегi талқылауларға қарағанда, жұртшылықтың көңiлiн күптi еткенi – 2013 жылдың қаңтарынан бастап, мемлекеттiк қызметке қабылдау туралы өтiнiш тек қазақ тiлiнде толтырылады, әрi осы жылдан бастап, мемлекеттiк органдар мен жекеменшiк мекемелерде iс-қағаздары тек қазақ тiлiнде жүргiзiлмек, мемлекеттiк қызметкерлер мен полицейлердi, әскерилер мен сот орындаушыларын, мұғалiмдер мен дәрiгерлердi, басқа да бюджеттiк сала қызметкерлерiн және мемлекеттiң қатысы бар компания қызметкерлерi қазақ тiлiнде сөйлеуге мiндеттелмек. Осы мәселелерге түсiнiк берген жауапты хатшы ханым интернетте жария болған заң жобасының бастапқы нұсқасы екендiгiн айтады.
– Бұл соңғы нұсқа емес, аталған заң жобасының негiзгi авторы – Мәдениет министрлiгi. Бiрақ заң жобасын талқылауға Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Алматыда “Достық үйiнде”, Астанада “Ұлттық кiтапханада” ұсыныс-пiкiрлер қабылданатын болады. Сондай-ақ аталған заң жобасына қатысты ойларын көпшiлiк til@mki.kz мекен-жайы-на хат жазу арқылы да бiлдiре алады, – дейдi ол.
Құрманғалиеваның айтуы бойынша, қазақ тiлiн бiлудi белгiлi бiр мамандық иелерiне ғана мiндеттей алады. Қазiр тiл саясатына қатысты бiр заң бабы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлуге тиiстi қызметкерлердiң тiзiмiн жасау мiндеттелген.
– Бұл – мемлекеттiк қызметкерлерден қазақ тiлiнде поэма жазу немесе классиктердiң шығармаларынан үзiндi оқу дегендi бiлдiрмейдi, әңгiме қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiндердiң ең төменгi деңгейде қарым-қатынас жасау мүмкiндiгiне ие болу жайында болып отыр. Бұндай тiзiмдi жасау талабы 2001-2010 жылдарға арналған тiлдердi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында да көрсетiлген. Алайда ол кезде қоғам бұған дайын болмады да, кейiнге қалдырылды, – дейдi Жанна Құрманғалиева.
Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, бұл тiзiмнiң қатарына мемлекеттiк қызметкерлер, ұлттық компания қызметкерлерi, әскери, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сот өкiлдерi және халықпен үнемi байланыста болатын өзге де лауазымды тұлғалар енбек. Демек 2013 жылдан бастап бүкiл мемлекеттiк қызметкер мемлекеттiк тiлдi бiлуi шарт, егер мемлекеттiк тiлде сөйлей алмаса, олардың мемлекеттiк қызметпен қош айтысуы мүмкiн. Бiрақ бұл мәселенi бiржақты етуi үшiн “Мемлекеттiк қызмет” туралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу қажет болады.
Мәдениет вице-министрi Ғазиз Телебаев:
– Қазақстан тiл саясатын өте либералды түрде жүргiзiп отыр. Барлық мемлекеттiк қызметкерлер мен халықпен жұмыс iстейтiн азаматтық қызметкерлерден мемлекеттiк тiлдi бiлудi талап ететiн уақыт жеттi, – дейдi.
Әрине, 2013 жылға дейiн де 1,5 жыл уақыт бар. Осы уақытта қаржысы мен ақшасын аямаған адам мемлекеттiк тiлдi үйренiп алады. Бұны шетелге шығуға дайындалатын адамдардың тәжiрибесiнен байқауға болады.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТIҢ МҮМКIНДIГI ҚАНДАЙ?

Осы ретте Мәдениет министрлiгi Тiлдердi дамыту жөнiндегi қоғамдық кеңестiң құрылғандығы жөнiнде мәлiмдеме жасады. Бұл кеңестiң мақсаты – тiл саясатына қатысты өзектi мәселелер жөнiнде қоғамдық пiкiрталас үшiн диалог алаңын жасау, заңнамалық актiлердi жетiлдiру мақсатында ұсыныстар әзiрлеу, мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асырудың тиiмдi жолдарын, тетiктерiн қарастыру. Сонымен қатар, ол әдiстемелердiң “халықтық сараптамасымен”, оқытудың инновациялық жүйесiмен, мемлекеттiк тiлдi үйрету орталықтарының жұмысын үйлестiрумен айналысады. Кеңес жанынан креативтi шешiмдер орталығы құрылмақ. Бұл орталық мемлекеттiк тiлдi дамыту жөнiндегi жобаларды, идеяларды жүзеге асырып, орыс және ағылшын тiлдерiнiң курсын ашады. Қоғамдық кеңес мемлекеттiк терминология комиссиясымен бiрлесе отырып, Тiлдердi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын ақпараттық қолдау мақсатында интернет-ресурс жасақтайды. Сонымен қатар, осы саладағы жобаларды жүзеге асыру барысында қоғамдық қаржылық бақылауды да өз қолдарына алмақ. Кеңеске мүше болуға кез-келген адам құқылы.  11 тамыз, 2011, Есенгүл Кәпқызы, “Түркістан”

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Өкіметтің тағы бір өкірген өтірігі емес пе бұл! Өстіп жаман, иіс алмас қазақты алдап қояды. Байқұс қазақ оған сенеді. Ал өкімет жең ішінен қолын шығареееп отырады, білдің бе?

  2. Жалпы бізге батылдық жетіспейді. Егер билік білсін білмесін, айысына келсін келмесін қазақша сөйлей бастаса бүкіл Қазақстан жарты жылда-ақ қазақша сайрап қоя береді. Батылдық керек, батылдық!

  3. менің ойымша билігіңде батылдықтан бұрын, елді ел, тілді тіл қылайын деген ниет, ынта жоқ, ұлтық намыстан жұрдай болып тұр ғой. көкейлерін тескен ақша! Ал ақшаның құны күннен күнге құлдырап барады, ал бұлар соны қуып жетемін деп таңдары айырылып жатыр.

  4. Үкімет басында және оның қасында отырғандар мен Министр вицелердің барлығы өтірік айтуға әбден машыққан. Оның бергі жағындағылардың шындығы мен өтіріг Құдай ұрғандай. Олардың бірде бірінің тілге басы ауырып жүрген жоқ. Депутаттарың Ғани Қасымов сияқты былдырлап бірдеңе айтып өлеңнің қайырмасы дейді. Кім білсін. Алдап шығарып салып, әләуләйім таусылса бләуләйім тағы бар деп созбайлай беретін өтірікшілер емес пе№

  5. Болашақ журналистер сауатты болса екен!
    11 тамыз, 2011

    Астанадағы БАҚ журналистерінің ҮНДЕУІ

    Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Ерлан Батташұлы Сыдықовқа

    Білім туралы заңда, министрлік ережелерінде белгілі бір мамандық бойынша ЖОО-да дәріс беретін адамдардың базалық мамандықтары мен ғылыми дәреже қорғаған шифрлері сәйкес келгенде ғана оны доценттік, профессорлық қызметке қабылдау туралы норма бар.

    Алайда, осы заңдылықтың бұзылып отырғандығына назар аударылуын сұраймыз. Біз Сіз басқаратын университеттің журналистика-саясаттану факультетінің журналистика мамандығын бітіріп шықтық. Диплом алғанымыз болмаса, журналистік білім алып шықтық деп айта алмаймыз. Себебі, бізге сабақ берген профессор, доценттердің көбінің базалық мамандықтары мен қорғаған ғылыми дәрежелерінің шифрлері журналистикаға қатыстары жоқ мамандар болды. Атап айтқанда төмендегідей:

    А) Профессорлар:

    1. Тапанова С.Е., базалық мамандығы: қазақ тілі мен әдебиет, әдебиеттен докторлық қорғаған;

    2. Ишанова Ә.К., базалық мамандығы: орыс тілі мен әдебиет, әдебиеттен докторлық қорғаған;

    3. Тахан С.Ш., базалық мамандығы: орыс тілі мен әдебиет, әдебиеттен докторлық қорғаған;

    4. Шалахметов Ғ.М., базалық мамандығы инженер, практик, пед.стажының 3 жылға толмайтындығына қарамастан кафедра басқарып келеді.

    Ә) Доценттер:

    1. Болатова Г.Ж., базалық мамандығы: қазақ тілі мен әдебиет, әдебиеттен кандидаттық қорғаған;

    2. Тұржан О.І., базалық мамандығы: қазақ тілі мен әдебиет, әдебиеттен кандидаттық қорғаған.

    Олардың оқыған лекциялары журналистика мамандығына еш қатысы жоқ болып шығатын. Қағаз жүзінде УМК, силлабустарды жасап қоюлары мүмкін. Ал, іс жүзінде олар жүргізген дәрістердің журналистикаға қатысы болмай шығады. Соның салдарынан біз бүгін практикалық өмірде қатты қиналып жатырмыз. Редакциядағы әріптестеріміздің мазағына, күлкісіне қалдық. Бізді қойыңызшы, бітіріп кеттік. Енді кейінгі түлектерге обал жасамау үшін ЕҰУ-нің журналистика – саясаттану факультетінде өзге саладан әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығынан келіп штатқа орналасып алған, сабақтарын мамандыққа сай бере алмайтын, БАҚ саласында жұмыс істемеген немесе зейнеткерлік жастан асып кеткен, педагогикалық еңбек өтілдері мен әдістемелері шамалы, журналистік базалық білімдері жоқ мамандарды өз салаларына жіберіп, ғылыми дәрежелері мен базалық мамандықтары журналистика болып табылатын мемлекеттік қызметтегі докторлар-профессорлар: Бауыржан Омаров, Амантай Шәріп, Бауыржан Жақып, Бағлан Майлыбаев, ғылым кандидаты Әділбек Қаба, бүгінде Қазақ ұлттық өнер университетінде сабақ беріп жүрген, ф.ғ.к.доцент, белгілі халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы секілді көптеген білікті мамандарды шақыртып, жастардың сапалы журналистік білім алуына қамқорлық жасауларыңызды, орын алған білім заңын бұрмалаушылық және жоғары білім беру стандарттарын, Ережелерді бұзушылықты жойып, заңдылықтың қалпына келтірілуін талап етеміз!

    Бұл мәселе БАҚ жүйесінде және Интернет сайттарында қызу талқыланып, өткір қоғамдық пікір туғызып жатқанын Сіздер жақсы білетін шығарсыздар! Сондықтан мәселеге байыпты қарап, нақты шешім қабылдайтындықтарыңызға сенеміз!

    Журналистика мамандығының ЕҰУ-нен 2006-2011 жылғы бакалавр және магистрлік білім алған барлық түлектерінің атынан бір топ бастамашы журналистер.

    372
    |
    55 пікір
    |

    |
    Мұрағат

    |
    # Қонақ
    11 тамыз, 2011

    Менде ЕҰУ бітіргемін. Оқытушыларға айтар сыным жоқ алғыстан басқа. Жоғарыда бас жағында айтылған оқытушылар филологтар дейді үндеу жолдаушылар. Олай болса Бауыржан Омаров, Амантай Шәріптерді де шақырмау керек қой. Олар да филиология ғылымдарының докторлары. Журналистиканікі емес. Бұлай әркімнің дипломы арқылы ғана өлшейтін болсақ, бітірген мамандығымен ғана шектелсек онда еліміздегі бетке ұстар журналисттердің бәрі басқа мамандық иелері. Ішім сезеді осы үндеуді ұйымдастырып жүрген адамның кім екенін.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    12 тамыз, 2011

    Төртінші билікке ақыл айту – қызыл сөзден басқаша болар. Жалпы орыс тілінің, қазақ тілінің мұғалімдері өз салаларын жөнге қойып алсын! Журналистикаға келіп ақыл айтатын олар кім? Жоғарыда аталғандардың қайсысы бір БАҚ ұйымының есігін ашып көрді екен? Солай бола тұра қандай журналиске білім бергелі жүр? Министрлік тексеріс жасап жөнге салулары керек.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    12 тамыз, 2011

    “Менде” дегенің қате! “Мен де” деп бөлек жазғын! Филологтардың сауатсыздығын сен де дәлелдеп бердің, айналайын!
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    11 тамыз, 2011

    Бауыржан Омаров, Амантай Шәріптердің базалық мамандықтары – журналистика! Олар баспасөзде мықты менеджерлер. Егер әркім білгенін істесін десе, Білім министрлігі Ережесі мен заңын өзгертсін де физиктер, медиктер келіп оқыта берсін, журналистерді!
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    11 тамыз, 2011

    Бірінші пікір білдіруші ЕҰУ түлегіне! Жазған пікіріңізге, сөз саптауыңызға өзіңіз қайта бір үңіліп көріңіз. Егер Сіз қара сөздің қаймағын қалпып алған филолог болсаңыз, ұшқыр ой мен ұтымды пікірдің маманы болсаңыз,оқырманның көкейін дөп басатын, шындықты шыжғырып бетке басатын қаламы қарымды журналист болсаңыз, ЕҰУ түлегі осындай болады екен дегізіп татымы таңдай қақтыратын ой толғамайсыз? ЕҰУ-не түсу – қанша жастың арманы. Соларға неге үлгі болмайсыз? Ұстаздарымның мәртебесі көтерілсін деп аты-жөніңізді ашып көрсетпейсіз? Түлек-2011. АПИ түлегі.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    11 тамыз, 2011

    Филологтарды “еліне” қайтару керек, жүрсін филфакта малталарын езіп…
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    11 тамыз, 2011

    Сорлылар, филолгтар құрлы сөз саптау да білмейсіңдер ғой, сорлы журналистер
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    14 тамыз, 2011

    ЕНУ-дің журфагі Н.Омашевтің кезінде “Қордайдың кедені” болатын. Енді Қ.Сақ декан болған соң “Шымкенттің қара базарына” айналды.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    + көрсету
    # Қонақ
    12 тамыз, 2011

    Бұл мамандыққа сәйкес емес білім беру тек Еуразия емес, мектептен бастап академияға дейін кең жайылған дәстүр. Қазір кейбір мектептерде физикадан химиктер, тарихтан әдебиетшілер деген сияқты, сурет, еңбек дегендерден тіпті әркімдер сабақ беріп жүр.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    12 тамыз, 2011

    Білім саласындағы былықтарды жоюды осы журналистикадан бастаса, қалғаны өздері-ақ түзелуге тырысады. Министрге Үндеу жолдаған дұрыс!
    Жауап беру

    Дұрыс мәселе қойып отыр жалпы! Осындай Қазақстанның беделді ЖОО осылай істеп отырғанда, мен бітірген Орталық Азия Университетінің жағдайын бағамдай беруге болады. Біз 4 жыл бойына 4 қана ұстазбен жұмыс жасадық. Сол 4 жылда 1 рет қана практикаға жіберді қалаған жеріңнен өтіп келіңдер деп. Қазақстанда білім мәселесі жақсы қаралмай келеді, қандай заң шығарса да, оның түбі ақша істеудің амалы. Мысалы биыл мектептердің барлығына бірдей форма киіңдер депті. Оны үкіметтен ең арзаны 6 500 теңгеге сатып алу керек екенбіз! ОЛ да шындығына келгенде ақша табудың сорақы жолы!

    Журналистерді оқытытатын жоғары оқу орындары арамшөптей қаптап кетті төңіректе. лицензия алу оңай ма, әйтеуір шамалары келсін-келмесін журналист кадрын “дайындап” шығарып жатыр. оның зардабын еліміздің журналистикасы көріп келеді. жоғарыда аталған проблема тек Еуразия ұлттық университетінде ғана емес.Білім жүйесіне салғырттық танытпаған жөн. Эльмира
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    ЕНУдағы журналистерді дайындау барысында видеокамерамен жумыс істеуді уүйретпейді, телестудияданы тек тойлар мен универдегі шараларды өткізуге ұстайды. соны жазу керек еді. екіншісі бізге лекция окыганда махат садык айткан журналистикадағы биліктегі қатындардың көбі біреудердің токалы, олардың денгейі жоқ деп. сондықтан олар келіп лекция окыса не болады? Гаухар
    Жауап беру

    15 тамыз, 2011

    Шымкенттің қара базарына айналған қайран журфакта гранттар сатылып жатыр. алам деушилерге бакалаврдын емтиханы мын доллар, магистратурада екі мын, докторантура деген биреуи төрт мын доллардан. базарда санитарный день жок))))))))
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    дени дурыс декан керек кой бул жерге онеши тарлау
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    Көре алмайтын көп душпаннын сөзі.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    + Қонақ. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.Бұл бір сасық иістің барын білдіреді.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    “Шымкент қарабазарының” базаркомы Қайрат Сақ ҚазМУ-данда осы жағдаймен кетіп еді, ауру қалса да әдеті қалмапты ғой. Жаңа Астананы “Қара базарға” айналдырса, мықты екен!!!Жарайсың!!!
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    Омаров пен Шәріпті Сақпен салыстыруға болмайды. Олар журналистиканың майын ішкендер ғой. Сақ сабақ бергенде ұйықтап қалатынбыз.Бауыржан ағай ГОС-қа келіп бір-екі ауыз сұрақ қойып, пікір айтқанына айызымыз қанды.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    15 тамыз, 2011

    дурыс филологтардын мыжын сабагынан биз абден жалыкканбыз. журналистерге практик жастар сабак берсе кушти болады. кенестен калган калдыктан арылу керек кой. аты ауыстырып 5-6 сабакты 4 жыл окыганмызыга ишим ашиды7
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    16 тамыз, 2011

    Су ішкен құдықтарыңа түкірмеңдер, не де болса. Ертеңгі күні қиналатындарыңды білдіңдер ғой оқып журген кезде. Сол уақытта неге қозғамадыңдар?! Енді қызыл дипломды қалтаға салғаннан кейін айттың не, айтпадың не! Сорл кезде журген шығарсыңдар сауық құрып!
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    16 тамыз, 2011

    Дұрыс сөз. Дегенмен, су ішкен құдық екен деп оның лайланып, сасып-шіруіне, дәретханаға айналуына жол беруге бола ма?
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    16 тамыз, 2011

    ЕНУ-дың журналистикасы өлі. Менде сол оқу орынынан журналистиканы бітірдім. Дипломды қолыма алып бір басылымның есігін қаққанда ештеңе білмейтінмін. мені оқытқан орта ЕНУ-дың журналист ұстаздары емес, редакторлардың берген тапсырмалары мен апта сайынғы ашылатын жиналыстары ұлкен сабақ болды…
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    16 тамыз, 2011

    мен ЕНУ-ден журналистиканы 2009 жылы бітірдім. алғаш өмірге араласқанда дым білмеуші едім. Журналист мұғалімдердің сабақ беру нәтижесі өте төмен екенін мойындауымыз керек. Қазақтығымызға салынып, бірімізді – біріміз алдап не қылайық. ЕНУ-дың мұғалімдері іштері күйсе тұз жаласын, шындыққа мойынсынуы керек. Осы шағын ой пікірді жазған адамды сатталғалы жүрген біреу ме деп өтірік сырттай қорқытпасын. болашақ оқу орынның көлеңке жағын айтқанына айыпты ма? Ол шыбына от құйылған сол оқу орындағы бір жарты бас апай не ағайымыздың біреуі шығар. Қайрат Сақ сабаңа түс. Сен өз орыныңды тапсаң болады аға…. ренжімеңіз…….

    Кім жазды дегеннен гөрі, не айтты, маңыздылығы неде дегенге назар аударып үйренейік!
    Жауап беру
    0
    # Қонақ

    # Қонақ
    16 тамыз, 2011

    Бұл жерде мәселені кім көтергені емес, үлкен проблемалардың бары ойлантады.Студент жазбағаны көрініп тұр. Бірақ сол оқып кеткен студенттердің көптеген пікірлері бір жерден шығып жатқаны басшылықты да, сол факультеттегілердің басын да жауапкершіліктен босатпайды. Бұл күн тәртібіндегі бірінші проблема ма деп ойлаймыз. Жоғарыдағы дос дұрыс айтады. Бірақ бағыт-бағдар дұрыс берілмей жатқаны туралы мәселе көтеріліп отыр ғой.Барлық арыздың бәрін бір адамның басына жауап, жауапкершіліктен бас тартуға болмайды. Проблема бар болса шешу жолдарын тез қарастыру керек… Іс насырға шаппай тұрғанда. Кадр саясаты деген еліміз үшін осындай қордаланған мәселелермен шектесіп жататыны қынжылтады.Өкінішті… Сонда біз жастар ары қарай қалай жұмыс жасаймыз? Барлығы өз орнында отырмаса, басқа мамандар біздің нанымызды жеп жатса…
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    16 тамыз, 2011

    Орынды пикир. Жастар дурыс айтады.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    18 тамыз, 2011

    Мәселе филолог, журналисте емес сияқты. Жоғарыдағы оқытушылар шынында да басқа мамандықты оқып, студенттерді мүлде басқа мамандыққа қалай оқытып жүр екен? Базалық білімі жоқ адам көрген-білгенімен сабақ беретін болса, жоғарыдағыдай проблема шығатыны сөзсіз. База деген сөздің өзі негіз деген емес пе? Онда негізі сол мамандық негізінде қаланбаған адам қалай батылы жетіп, ЕНУ-де ылғи медалистер оқиды дейді, қалай сабақ береді екен? Нағыз жүрек жұтқандар деуге болмайды, тәуекелге бел буғандар ғой. Тәуекел түбі желқайықтың соңы жаман болады емес пе? Сонда ұшқыштың оқуын оқып пойыз жүргізуге үйрете беруге болады ма? ЕНУ-де кадр саясаты дұрыс жүргізілмей отырғанының дәлелі ғой мынау.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    18 тамыз, 2011

    Сонда ұшқыштың оқуын оқып пойыз жүргізуге үйрете беруге болады ма? ЕНУ-де кадр саясаты дұрыс жүргізілмей отырғанының дәлелі ғой мынау. ——————————————————————————өте орынды айтқан
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    19 тамыз, 2011

    ЕНУ журфагінің деканы Қайрат Сақ сыннан, Үндеуден қорытынды шығарудың орнына әркімнен бір күдіктеніп, мәтіннің иесін іздеп аласұрып жүр. Онысы қате! Жұмысты ойлау керек. Факт есть факт! Базалық мамандықтары өзге адамдарды өз орындарына жіберіп, білім заңы мен ережесінің бұзылғандығын жөнге келтіру тура. Түсінеміз, арасында қимайтын жандары бар шығар. Бірақ, жеке мүддені емес, жұмысты ойлау керек.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    19 тамыз, 2011

    Қайрат Сақтың жекеменшік оқу орны болса да білім стандарты мен тәртібіне ол бағынуға міндетті. Егар осыдан қорытынды шығарып, филолог достарын қиса да қимаса да өз орындарына жіберіп, журналистерге жол ашпаса, Сақтың өзі кетуіне тура келеді. Бұрынғыдай сені басың сипап білгенін істейтін Бақытжан Әбдірайым енді жоқ. Ерлан Сыдықов – не десең де ЖОО-да әбден маманданған ғалым. Сен оны жамандап жүрген көрінесің, байқа, бауырым!
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    19 тамыз, 2011

    Жоғарыдағы қонақтың сөзінің жаны бар. Егер қимастарын жібермесе, декан мырза ойланбаса желқайық суға кетеді. Расында да әркім өз егінін егіп, піскен жемісін өзі жинағаны дұрыс қой.Филолог журналистке жазуды қалай үйретеді? Ол тек жазушы-ақындардың шығармаларын оқып, талдап үйренген, мақала жазуды үйренген жоқ қой. Біздің актерлер де журналистиканың “огородына” түсіп жүр. Бұл дұрыс емес, әртістің аты әртіс, Азиададағы Мадина Сәдуақасова қарындасымыз масқара болды ғой. Оны да журналистикада оқытқан жоғарыдағы көкелеріміз шығар деп ойлаймын.Әртіске образға кіруді үйретеді, ал журналистке шындықты айтып, жазуды үйретеді емес пе? Сондықтан менің коллегаларымды да журналистикадан аластату керек деп ойлаймын.Олар театр мен әншілікті меңгерсе де болады. Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кететіні бесенеден белгілі жағдай. Жоғарыдағылдарды оқып отырып, осы Қайрат Сақ мырза Білім мен ғылым туралы Заңды оқымаған-ау деген ой түйдім. Онда базалық білім бірінші орында екен. Мен әдейі қызық үшін ашып қарадым. Сенбесеңіздер көріңіздер…
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    20 тамыз, 2011

    заңды сөз екен.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    20 тамыз, 2011

    Қ.Сақ ағайдың филологтардан қимайтын бір ғана жаны бар. Ол апайды бәріміз білеміз. Керек болса, үйіндегі жеңгейге айтамыз.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    21 тамыз, 2011

    Отбасына, жарына опасыздық жасап жүрсе айту кеоек, Қ.Сақ онда декан болуға моральдық құқы да жоқ болады.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    21 тамыз, 2011

    Астанага келшел1 бер1 ауырудан кош ашпай, факультетт1 уй1нде жатып баскарган Омашевт1н онбаган адам екен1не абден коз1м1з жетт1. Енд1 Кайрат Сак та кер1л1п-созылып, к1с1мс1п, сол Омашевтын ар жак-бер жагына айналып бара жатыр(((
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    21 тамыз, 2011

    олардың күні бітеді, әділдік туады.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    21 тамыз, 2011

    Қ.Сақ пен Омашевтің темір тордың ар жағында қамалғанын көргім келеді. Екекуі де біліксіз адамдар. Омашев – плагиаттың шебері.
    Жауап беру
    0
    # Қонақ
    21 тамыз, 2011

    Бұл жерде біреулерді жазғырудың қажеті жоқ. Тек заңсыздықты жойып, филологтарды қайтарып, журналист мамандармен журфакты толықтыру қажет.
    Жауа

  6. ЕҰУ журналистика факультетінің ресми сайтында жазылған төмендегі мәтінге назар аударыңызшы! сұмдықты көрдіңіздер ме? Не қазақша емес, не орысша емес, құдды бір сауатсыз ХІХ ғасырдың адамдары жазған сияқты… Шалахметов Ғаділбек Минажевич – академик РАЕН зав. кафедрой Нуриден Рахима Шариповна – к.ф.н. доцент Тахан Серик Шешенбаевич – д.ф.н. профессор Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – к.ф.н.доцент Есенбек Ұлболсын – к.ф.н. доцент Касен Максат – к.п.н. доцент Аманжолова Рабига Каримовна – страший???? преподаватель Қазағұлов Ш.Н.№??? – страший ???преподаватель Қаракөзова Гульмира Алибековна – страший ????преподаватель Тампаева Тан-Шолпан Мирасбековна – страший преподаватель Жұмағұлов Кенже Қақатайұлы – страший преподаватель Любовь Сартакова – страший преподаватель Пернебекова Айжан Пернебекқызы – страший преподаватель Ықылас Ожайұлы – страший преподаватель Сымбат Танашева – страший преподаватель Алия Кенжебаева – страший преподаватель P.S.Өз сайттарын осылай дайындаған \”страшный\” адамдар онда БАҚ-қа мамандар даярлап жатыр. Ертең оның бар ауыртпалығы редакциядағы журналистерге жүктелмей ме?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі