/

«Жақсыны» көрмекке

919 рет қаралды
2

Қазақы интернетке құбылыс боп енген «Абай» мен «Маса» бүгінде қалың оқырманның ықыласына бөленді. Сапалы ақпарат, салиқалы бастама тудыра алатын сайт жасауға болатынын дәлелдеді. Сол даңғыл жолмен кеше интернет кеңістігінде, дәл Білім күнінде «Жақсы» ұлттық порталы» деген жұлдыз пайда болды. Аз да болсын, саны бар ақпараттық-саяси сайттардың клоны болмай, көсемі болсам деп адуыны бар. Бұл порталдың беталысына қарап, газет пен ТВ-студияны синтездеуден өздеріне жеке-дара стиль жасамақшы деген ойда қалдық. Әйтеуір, алғаш шыға салысымен, Ерлан Қарин, Айдос Сарым, Есей Жеңісұлы, Тұрсынжан Шапай секілді авторларды тарта білген сайттан тартымды материалдарды күтеміз.

Сайттың алғысөзінде «Абайдың «жақсы менен жаманды айырмадың» деген сөзі қазір әрқайсысымызға қарата айтылып тұрғандай болып көрінетіні содан. Қысқасы, амал қажет деп білдік. Амал дегенде, ақылдан малта, сөзден самаурын қайнату емес. Қал-қадеріміз жеткенше Алаш баласына аласапыран ақпарат теңізінен керегін алуға кеңес беріп, пайдалы мен пайдасыз ілімнің парқын айырып беруге тырысу», – делініпті. Құрамы өңкей жас болған «Жақсының» сауатты, салмақты сайт болуына бар мүмкіндігі бар сияқты.

Оның үстіне бас редакторы белгілі журналист Сәкен Сыбанбай болса… Жобаның жетекшісі – блоггер-журналист Өркен Кенжебек. Сондықтан, портал жұмысына сайтымыздың атынан сәттілік тілеп қойғымыз келеді.

Порталдың мекен-жайы: www.jaqsy.kz

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар