//

Алтай-Қобда домбыра күйлері

4391 рет қаралды
2

Жуықта Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша сазгер, күйші, дирижер Қазақстан және Моңғолия Композиторлар одағының мүшесі Мұсайып Хұсайынұлының «Алтай-Қобда» домбыра күйлері» атты тамаша жинақ  жарық көрді. Кітапта Моңғолияда тұратын қазақтардың домбыра күйлері берілген. Бұл өлкеде күйдің дәстүрлі көне түрлері қазірге дейін жалғасын тауып отыр. Жинаққа бұрын-соңды ешбір жинақтарға енбеген күйлер топтастырылған.

Жинақ 57 халық шығармаларынан, 44 авторлық күйлерден құралған. Бұл аспаптық туындылардың көбісі құрылымы, орындалу ерекшелігі, аңыз тарихына қарай әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, аңыз, тарихи, жылқы және жануарлар туралы, көңіл күй, табиғат туралы және авторлық күйлер деп жүйеленген.  Сондай-ақ күйлердің нотасымен қатар шығу  тарихы жарияланған.

Кітапта Алтай-Қобданың домбырашылық тарихында елеулі із қалдырған күйші сазгерлер Байысхан, Хұсайын, Өсерхан, Дәуітбай және музыка зертеушілері Қабыкей, Сахайлардың шығармашылық өмірін баяндай келе Бердібай, Сейітжан, Қытайбай, Қасихан, Құмар, Омар сынды халықтың дәстүрлі күй мұрасын қазіргі ұрпаққа жеткізген домбырашылар туралы қысқаша мәліметтер келтірген.

Қазақ руханиаты тағы бір қомақты үлеспен толықтырылды. Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Құтты болсын! Шеттегі қазақтың руханияты әлі жиналып үлгермеді ғой.

  2. Оралман не берді? деген сұраққа берілген жақсы жауап екен. Осы оралмандардың беріп жатқан, әкелген үлесін насихаттай аласыздар ма? Рахмет! Әлде олардың бергенін айтуға болай ма?

Парсы жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар