//

Хұсайын Уалиев: «Құранды да, намазды да бұдан былай қазақша оқиық!»

1065 рет қаралды
3

Сенатор Хұсайын Уалиев Дін істері жөніндегі агенттікке осындай ұсыныс енгізді. Оның айтуынша: «Елімізде араб тілін білетін азаматтар жоқтың қасы. Сондықтан, Қазақстандағы мешіттер мемлекеттік тілде жұмыс жүргізіп, құранды да, намазды да қазақша оқуы керек».

Сенатор Уалиевтың бұл уәжіне дін істері жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Лама-Шариф екі ұштылау жауап қатты. Ол құранның қазақша аудармаларының сапасын көтеруіміз керек екенін мойындаймын дей келе сенатордың сұрағынан жалтарып кетті. «Алла барлық тілді, тіпті құстың да тілін түсінеді» деп жауап қайтарды Қ.Лама-Шариф, бірақ, Лама Шариф мырзаның мұнысы «Алла Тағала қазақшаны да түсінеді, қазақ тілінде де намаз оқуға да болады» дегені ме, әлде, «намазды бұрынғыдай арабша оқи берейік» дегенді меңзеді ме ол жағы белгісіз күйінде  қала берді.

Төлеген Мухамеджанов бас мүфтидің қызметін сынға алды

Сенаторлардың діни белсенділігі намазды қазақшалаумен аяқталған жоқ, бүгін сенатор Төлеген Мухамеджанов бас мүфтидің қызметін сынға алды.

Ол : «Елімізде дини ахуал расында ушығып тұр, оны дер кезінде дұрыс арнаға түсіруге болатын еді, бірақ, дін басында жүргендер, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дұрыс жұмыс істемеді, шетелдік миссионерлермен бәсекеге түсе алмады, оның үстіне бұл ұйымның қоғамда беделі жоқ» деп өз сөзін түйіндеді.

«Алматы» телеарнасы

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. сенаторды жын урган ау

    кезинде туркияда да турикше азан шакыртып еди

    не болды?

  2. Жынды болмаса сенатта журе ме, ол тек жындылар баратын жер гой, сау адам жок ол жакта

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар