/

Көмек қолын созыңызшы, ағайын!

654 рет қаралды
2

Құрметті редакция!

Сізге хат жолдау себебім, қызымның бүйрегін тез арада трансплантация жасатуымыз керек. Ол операция тек шет елде 50 000 АҚШ долларына жасалады. Менің отбасымның ондай қаржы табуына жағдай жоқ. Сіздердің портал  арқылы демеушілер табуыма көмектесуіңізді сұраймын. Яғни, сайттарыңыз арқылы  хабарландыру берсеңіздер.

Менің қызым,  Сымбат Махамбетова, жасы 16-да. Сымбаттың диагнозы: Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі, Терминалды сатысы, Созылмалы гломерулонефрит фонында.

Қызым алты жасынан бастап бүйрек ауруына шалдықты. Басында ол білінбейді тек анализдері  нашар болып шығып жатты. Біз 2003 жылы Тараз қаласындағы үй-жайымызды сатып осында көшіп келдік. Келгеннен Сымбатты Ақсай балалар ауруханасына жатқызды. Міне, содан бері 8 жыл өтті дәрігерлер Сымбаттың бүйрегінің өмірі үшін күресіп келе жатыр. Бірақ еш нәтиже жоқ, себебі ол аурудың өзінің табиғаты сол әлем бойынша ешқандай емі жоқ екен. Енді 07.09.2011ж. қолына фистула салды, бұл – гемодиализге дайындап жатыр деген сөз. Дәрігердің айтуынша, егер бізде мүмкіндік болса, диализге дейін басқа бүйрек салып үлгерсек организмге де жеңіл болады екен. Яғни шет елге баруға қаржы табуымыз керек. Барып келген ата-аналардан сұрап білген едік  50 000 АҚШ долларынан аса қаржы керек екен.

Мен өзім үш баланың анасымын. Сымбат балаларымның үлкені, оның қатар-құрбылары  коледжде оқып жүр, оның да арманы модельер – дизайнер болу, бірақ денсаулығына байланысты оқи алмай отыр. Дәрігерлер айтып отыр трансплантация жасатсақ, егер алла бұйыртып сәйкестігі көп болса, ол да оқуға барып мамандық алуға мүмкіндік алар еді  дейді. Сымбаттан кейінгі ұлым – Самат колледжде оқиды, бірінші курс, ал кіші ұлымыз Асылжан бірінші сыныпқа биыл барды .Әрине жолдасым  жұмыс жасайды, дегенмен осынша қаржыны тауып беруге шамамыз жетпей жатыр.  Банктерден кредит алуды да ойластырдым ол да жетпейді екен, жетіден бір бөлігін ғана.

Менің айтайын дегенім  қол ұшын беріп көмектесулеріңізді сұраймын. Теледидардан қайырымдылық көмегі туралы көргенде көңілім қуанып отырушы еді. Енді өзім де сол халге түсіп отырмын. Шынымды айтсам, не жазарымды білмеймін. Қол ұшын береді деген үмітпен,

Сымбаттың анасы Назира  Жарылқасынова.

382-48-31, ұялы телефон 8-701-317-92-30

Көмек көрсетем деушілерге есеп шот:  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,

АО «Народный банк Казахстана»

РНН : 600200048129

БИН: 940140000385

БИК: HSBKKZKX

ИИК:KZ766010002203065577

Жарылкасынова Назира Пернебаевна

KZ 2360100020002364219

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Алла Тағала Сымбатқа қуат берсін. Студенттер қауымы қалталы болмаса да, “кедей – жомарттықпен” мың теңге айналасында көмек бере алады деген сенімдемін. Ақ ниетті, игі пейілді азаматтар қолұшын берсін илайым!

  2. Здравствуйте, уважаемый(ая) Назира! Сейчас на телеканалах Казахстана есть программы милосердия которые помогут вам помочь, для этого подайте заявку или на сайте министерство здравоохранения рк по адресу — http://www.mz.gov.kz

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі