//

Қош бол, оп-по-зиция!

1861 рет қаралды
16

Өткен аптада тiлге қатысты дауға Сенат спикерi араласты. Қайрат Мәми Конституцияның 7-бабының 2-тармағы алынып тасталмайтынын, тiл мәселесiне қатысты Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енбейтiнiн кесiп айтты. “Қазақ тiлi – мемлекетiмiздiң негiзгi тiлi, бiрақ ұлтаралық келiсiм тәуелсiздiктiң ең басты жетiстiгi екенiн ұмыт қалдырмау керек. Ал бiздiң жағдайда ұлтаралық келiсiм көптеген қазақстандықтың орыс тiлiнде сөйлеу мүмкiндiгi мен құқығына негiзделедi. Сондықтан парламент биылғы жылы да, келесi жылы да бұл мәселе бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзудi қарастырмайды”, – дедi ол.

Оппозиция ма, саяси қуыршақ па?

Ал енді зиялы деп жүрген ағаларымыздың бұл бастамасына қол қойған 138 адамның біразы кейіннен істеген істерінен тайқып шыға келді. Мемлекеттiк тiлге қатысты ашық хаттан бас тартқан 138-дiң бiрi Болат Әбілов.

Қош бол, оп-по-зиция! Бұл өздерін Қазақстанда оппозиция бар деп жүрген «Азат» деп атаған ЖСДП партия басшысы Белгілі саясаткер, Болат Әбіловтың өз істеген ісінен бас тартқанына қарап айтылған сөз. Себебі, басқа мемлекеттердегі ұлт мүддесі үшін күресетін ешқандай оппозиция өзінің істеген ісінен бас тартпайды. Өйткені, олар көбінде өздері қателік жібермейді керісінше үкміеттің биліктің қандай қате жасап отырған саясатына баға беріп түзетіп отырады. Биліктің айнасына айналады. Немесе тіптен билікті орнынан алып тастауы да мүмкін.

Енді Болат Әбілов мұндай қадамға не себепті барды деген сұраққа келер болсақ? Біріншіден, саяси сахнадағы басшылар қысымы болуы бек мүмкін. Олай дейтініміз көпшліктің пікірінше Болат Әбілов басқарып отырған Азат партиясы  аты затына сай емес. Оппазициялық партия болғанымен биліктің қолындағы қуыршақ. Екінші жағынан, Әбілов мырза Президенттің соңғы сайланған мерзіміне байланысты кезіндегі Президентпен бірге жүрген Алтынбек Сәрсенбайұлы, Ғалымжан Жақиянов, Ораз Жандосов сынды жастардың арасындағы шәкірттерінің бірі ретінде қайтадан Президенттің көзіне түсу амалы да болу мүмкін.

Осы арада айта кету керек, сайлау кезінде Президенттің өзі мемлекеттік тілден сынақ тапсырып жатқанда, депутаттыққа кандидаттар мен үкімет мүшелерінің, Ақордадан ауылға дейінгі мемлекет қызметкерлері, ұлттық компаниялар мен көпшілікпен жұмыс істейтін барлық мекемелер қызметкерлерінің әлі күнге дейін, 22 жылдан бері қазақ тілін табанға таптап жүруі өзін сыйлайтын намысы бар ешбір елде кездеспейтін сорақы да, аянышты жағдай. Турасын айтқанда бейшаралық!

Досқа күлкі, дұшпанға таба

Тіл мәселесіне байланысты Италияның кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин арнайы Қазақ тілінің жағдайы жайлы өз ойын ашық айтқан сөзі бар: “Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде, өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар” – деген екен.

Енді Өз істеген ісін мойнымен көтере алмағандарға келсек. Олардың арасында КСРО және ҚазССР халық әртiсi Бибiгүл Төлегенова да бар. Халық әртiсiнiң сөзiнше, ол хатқа қол қоюға келiсiм берген мезгiлде Түркияда болғандықтан, ашық хаттың мазмұнымен таныс болмай шыққан. “Маған қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтерудi қолдайсыз ба?” деп хабарласты. Қазақстанда тұрып жатып, оған кiм қарсы болсын?”- деп жауап қатқан әнші. Бірақ сөзінен бас тартып “Ештеңеге қол қоймағанын, хат мазмұнымен келiспейтiнiн” тағы бiр қадап айтқан Б.Төлегенова өзiнiң интернационалды отбасынан шыққанын сөз еттi. “Менiң әкем – қазақ, анам – татар. Мұны еш уақытта жасырған жоқпын, керiсiнше, мақтан тұттым. Қазақ, орыс, татар тiлдерi – менiң ана тiлдерiм. Олардан еш уақытта бас тартпаймын. Тiптi Конституциядан алып тастаса да. Көп ұлт бар отбасыммен қай тiлде сөйлесемiн? Тек қазақ тiлiнде ғана ма? Туыстарымнан бас тартуым керек пе ендi? Бiз өнер адамдарымыз, тiл мәртебесiн өз шығармаларымыз арқылы көтеруiмiз керек” деді.  Жас Алаш №75 (15637) 20 қыркүйек, сейсенбі 2011.

Қалай айтасақ та Бізде тіл мәселесіне келгенде ресми тілдің мысы басым. Қазақ тілінің мәртебесін көтерейік деген бастамалар көтерілсе болды, Билік жапа тармағай Ұлтшыл атанып мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерін ренжітіп аламыз -деп өре түре келеді. Осындай да Өз тіліңе ұлтшыл болып жаның ашымаса кімнің жаны ашиды дегенді айтқың келеді! Бірақ, журналист ретінде пікір тықпалаудан аулақпыз. Бұл жерде мысал ретінде француздарды келтіруге болады. Ана тілін ағылшын тілінен 200 жылда Наполеон жоспарындай жоспармен әрең ажыратып алғандар сол өз ұлтына жаны ашитын ұлтшылдар болса керек. Ал, Қазақ – арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей шығудың жолын іздеп әлектеніп әлі келеді. Бұлай басқа ұлттардың қас қабағына жалтақтап отырсақ қазақ тіліне қанша қамқорлық жасадық дегеннің өзінде, Қазақ тілі жер әлемінен жойылып кетпеуіне кепілдік жоқ.

Ал енді Болатымыздың «болмайды мұндай тірлік, менің қолым емесіне» қайта оралайық… Қазіргі кезде партияда бірауыздық жоқ деген де сөз бар… О бастан бері екі-үш рет партия атын ауыстырып, екі-үш рет ажырасып, қайта қосылған тұрақсыз «неке» тағы да сыр беріп қалуы да мүмкін.

Осындай берекесі қашқан оппозиция туралы бір кездері Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Азатқа» ғана емес…қазаққа керек кеңес айтты! Ерекең шынында ер екен: «Билікті сұрап алмайды, тілемейді… Егер ол жұмыс істейтін оппозиция болса, ол билікті өз қолдарына алады. Өз жақтастарын жинап, Шеварнадзені қуған Саакашвили секілді, Қырғызстандағы сияқты, Украинадағыдай… Ющенко мен Тимошенколар дауысты қайта санауға және дауыс беруге мәжбүр етті. Байыпты оппозициялық қызмет ынтамен жұмыс істеуді талап етеді. Ал «Азат» партиясындағы әрекеттің бәрі оппозиционерлердің ролін ойнайтын әртістер жиналған театр» – деп төбеден ұрғандай солқ еткізгені бар бір кездері… («Коммерсанть» газеті). Шамасы, шаппай тұрып, шаршап қалған оппозицияның былқыл-сылқылына күйіп кетіп…Тіпті өзінің оппозиция емес… Президент кеңесшісі екенін ұмытып кеткен болу керек… Сарай бұлбұлын «бос мылжыңдай береді» деп сынаған Болат Әбілов туралы Ерекең: «Оның көздегені Президент болу ма, әлде президент кеңесшісі болу ма, дәл анықтап алсын. Әдетте тәуір Президенттікке кандидат сын садағына Президентті алады… оның кеңесшісін емес…» (Литер газеті) -деп, тіпті соқырға таяқ ұстатқандай етіп сойып салды. Бірақ Ерекеңнің өзінің осы 20 жылдағы қазақшасы шай алып ішуге жарар ма екен. Себебін білесіз, құлықсыздығы мен тіл туралы заңға әлі өзгеріс енгізілмегендігі.

Қорытындыға белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлының Қазақтарға қатысты айтқан сөзін келтірсек: «Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.»

Мақсат Раджұлы

Парақшамызға жазылыңыз

16 Comments

  1. Өте тамаша мақала екен. Шындықты да, сұмдықты да көріп отырмыз. Шынымен-ақ, нағыз оппозиция болса билікті тартып алсын. Бізде ондай дүние жоқ. болған емес, болмайды да. Енді қазақтың хандық тарихында билікті аудару болды. ержүрек жігіттер еді ғой олар… Кенесары соның соңғы ұшқыны… Кенеден кейін қазақтың бойында түк қалмады, тек борбайына жіберіп қоятын ынжықтар мен құлқұн қамын күйттейтін күшіктер қалды.  Мәселен,  бүгінгі билікте сондай  қорқақ,  әлжуаз кейіпте, жан-жағына жалтақтап келген болатын…. (1991)  Ертісбайевтың ешкімгеде күлетін жөні жоқ…. Бізденгілердің бәрі солай…. Бір-бірімізге айтар сынымыз бар, алайда, сынға көрсететін үлгіміз жоқ.

  2. Кеше оппозиция болып жүріп, бүгін мемлекеттік қызметтің тізгінін қуана ұстаған азаматтар лөп қой арамызда.

  3. Жарайсың Мақсат, жақсы жазғансың! Біздегі шындықты осылай көзге шұқып көрсетпесең “патшаның жаңа киімі” дегендей бәрі өтірік әртіс болып жүре береді.

  4. Бас көтергеннің бәрін қырып отырса, оппозиция қалай болсын еді. Оппозиция деп жүргендердің бәрі НӘН-нің өз адамдары емес пе…

  5. Болат Әбіловты оппозицияның өкілі ретінде қарастырғн ерсілеу, мойнына қарғы бау таққан биліктің “тазысы” деген нанымды болар. көздеген нысанадан мөлт кетпейтін әлде кіңмдердің оқтаулы мылтығ ы.
     ашық хатқа “қол қойып бас тартқандар” жайына келсек, біздер біле бермейтін “жұмбақ сыры” болуы бек мүмкін. кейде журналистер де ат үсті қызу қандылықпен асығыс пікір айтуға құштар келеді. қалай болмасын Бибигүл апамыз “ән бұлбұлы” ғой, қазаққа еңбегі аз сіңген жоқ. туған еліне берерін берді. екіжастың біріне келіп, төрінен көі жуықтағанда жағасына жармасып кінәлағанымыз қалай болар екен.

  6. Мақсат, мақалаң өте жақсы екен.  Жеке пікір тықпаламай, эмоция көтермей, дәйек пен дерекке жүгініп, жап-жақсы-ақ жазыпсың.
    Біздегі оппозиция оппозиция емес, демократия жемакратияға айналғалы қашаааан…

  7. Пікір-таластарың өте дұрыс, Бірақ менің сендерге бір айтар назым бар. Болашақ сендердің қолдарыңда, солай. Соның ішінде тіл тағдыры. Сондықтан бір сөз жазсаңдар да тілдік нормалар мен тіл мәдениетін сақтап, қатесіз жазсаңдар екен. Жоғарыдағы бірнеше пікірді қайталап, бір оқып шығыңдаршы! Қатеден көз сүрінеді. Ал Мінбердің адамдары мұны қарамай ма? Рахмет!

  8. Byl bala osylai jalgastyra beretyn bolsa, bilyktyn nazaryna tez tysedy. Byrak bilyk olardy ozine kalai karatyp aly kerektygyn jaksy biledy.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері