///

«Қазағым – елім»

1172 рет қаралды
4

Бар мен жоғымызды түгендеп, жұмыр жер бетіне тарыдай шашыраған қазақ баласына құшағын ашқан Қазақстан тәуелсіздігіне жиырма жыл. Ата жұртқа алғашқы болып ат басын бұрғандардың бірі, дәулескер күйші Еркін Ергенұлы. Белгілі күйші ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, 29-қазан күні сағат 18.30-да Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жеке есеп беру концертін өткізбекші екен. Аз-кем әңгімеге тарттық…

– Жалпы осы күй деген құдіретке қанша жасыңыздан әуестендіңіз? Алғашқы ұстазыңыз кім болды?
– Домбыраның шанағынан төгілген тәтті күйді 4-5 жасымнан бастап-ақ
радиодан естіп, қатты құмартушы едім. Күй күмбірлей бастаса, аузым ашылып, радионың алдынан кетпейді екенмін. Соны байқаған әкем көрші ауылда тұратын ағасының үйіндегі аршадан шапқан домбыраны әкеліп беріпті. Сол домбыраның құлағымен жағаласып жүріп, бірер әннің басын қайыратын, бірте-бірте күй де тартатын болдым. Алғашқы ұстазым радио болған-ау шамасы. Есейе келе ауылда «домбырашы бала» атандық. Қытайда әр ұлт арасында өтетін мемлекеттік конкурстарға қатысып, жүлделі орындар бұйырды. Іле қазақ облысында «Көркем өнер мектебі» деген болушы еді. Сонда білімімді жетілдірдім. Нотаны үйрендім. Ол мектепте Ахмет Жұбановтың оқулығы, бағдарламасы негізінде сабақ жүретін. Жүмәлік Жақыпбекұлы деген ұстазымыз болды. Көп нәрсені сол кісіден үйрендік.
– Атажұртқа қай жылдары келдіңіз? 
– Алғаш тәуелсіздік алған жылдары қазақстан – қытай екі ел арасында мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға байланысты біраз шаруалар атқарылды. 1992 жылы сол мәдени іс-шараның аясында атажұртқа ат басын бұрдық. 1997 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түстім.
– Шығармашылық кешіңіз өткелі жатыр екен… 
– Иә. Аралас-құралас ағайындардың қолдауымен қазан айының 29 жұлдызы
Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында есеп беру концертім өтеді. Бұл концертте өзімнің біраз ән-күйлерім орындалады. Елімізге танымал өнер жұлдыз­дары өнер көрсетеді. Атап айтсам, өзім алты жылдай еңбек еткен Қазақ мемлекет­тік академиялық Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі, Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әншілері және Роза Рымбаева, Қанат Құдайбер­геновтер, Рамазан Cтам­ғазиев, Жанар Айжанова, Тоқтар мен Бей­біт, т.б. өнер­паздар қаты­сады.
– Кешіңізге сәттілік тілейміз! 

Есбол Нұрахмет

“Қазақ әдебиеті” газетінен

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

Бір бала жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар