«Жалын» журналы рухани серігіңіз болсын

4024 рет қаралды
2

Құрметті оқырман 2012жылға «Республикалық әдеби-көркем «Жалын» журналына жазылу жүріп жатыр. Ұлттық рухпен, әдеби туындылардың асыл жауһарларымен сусындағыларыңыз келсе, жазылудан кеш қалмаңыздар!

«Жадымызда қалған жайсаңдар», «Қалам ұшына тұнған ой» «Бүгінгі сын», «Дін және қоғам», «Көкейтесті», «Мәдени мұра», «Поэзия», «Проза», «Тарих және біз», «Әлем әдебиетінің классиктері» айдарларынан Сіздер өздеріңізге қажетті рухани бай мұраны таба аласыздар

 Вебсайты: http://zhalyn.kz/

«Жалын» журналы «Қазпочтаның» з-қосымшасына енген

Журналдың жазылу индексі – 75548

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Маған Осы журнал ұнайды , оқып тұрамын. Жалынның одан әрі дамып өсуіңізге тілектеспін. Сіздерге бір мақаланы жолдағым келіп жүр. Болмаса Астанада бөлімшелеріңіз бар ма? рахмет.

  2. Қазір қандай өнер саласында болмасын, «жаңа тақырып жоқтың қасы…» сынды пікірлер көбейіп кеткені рас. Мен бұнымен толық келіспеймін. Біздің бүгінгі күнделікті өмірімізде үлкен орын алып жатса да, тиісті дәрежесінде не бұқаралық ақпарат құралдарында, не шығармашылық өрісте көрініс таппай жатқан тақырып баршылық.
    Шамамен 15 жыл бұрын «электроника кезеңі» деп атауға келетін ғасыр да емес, тұтастай бір мыңжылдық, бүтін бір дәуір басталған тұғын. Бүгінгі «Нетбук» сынды ықшам компьютерден бастап, ең жаңа планшетке дейін қаншама ақпараттық-техникалық жаңалықтар бізді өз саналуандығымен жылдан жылға қуантып келуде. Тіпті, кеше жақын ғана таңсық болған «интернет» деген ұғым бүгінде «микротолқынды пеш» немесе «теледидар» сияқты үйреншікті заттардың бірі болып кетті. Қазіргі таңда, осындай өмір сүрудің формасының көбінесе жағымды жақтарын атайды. Ол, ең алдымен, жылдамдық пен ыңғайлылылық. Алайда, бұл біз ойлағаннан немесе ойлағымыз келгеннен әлдеқайда терең әрі нәзік мәселенің екінші тұсы да бар. Кез-келген құрал (әсіресе бүгінгі жаһандану аясындағы қуатты ақпараттық-электронды жүйе) өткір пышақ іспеттес. Оны сақ пайдаланбаса қауіп туғызуы мүмкін.
    Менің айтқым келгені, өнерде болсын, баспада болсын әділетсіз түрде назардан тыс қалып жатқан бір тарихи ақиқат бар. Ол 90-шы жж. бірінші жартысында Қазақстанда туылған ұрпақтың (жаһандық үрдіске ілескен елдер арасындағы) «электронды емес» дәуірді көріп үлгерген «соңғы буын» екендігі. Неліктен осы маңызды жайт өнер саласында оригиналды шығармалар мен тың идеялар ретінде көрініс таппай жатыр? Сюжеттердің көбісі таза мелодрамалық немесе «батыстық» үлгідегі экшн сарынына еліктеу бағытында болып тұр.
    Құрдастарым еске түсірсе, біздің балалық шақ әлдеқайда табиғи және баяндырақ еді. Осыдан 15-20 жыл бұрынғы есік алдар ине шаншар жері жоқ автотұрақтан гөрі саялы баққа немесе балабақша алаңқайына көбірек ұқсас болатын. Ол кездің жастары қазіргідегідей ғаламтордағы дайын өнімді ойланбастан көшіре салмай, қажетті ақпаратты сөредегі оқулықтардан зейін сала іздеуші еді. Ал рухани азықты 100-ден астам «коммерциялық» арнасы бар теледидардан емес, көбінесе ата-анасы сақтаған көркем әдебиеттен іздеуші еді. Жалқылыққа және «қанішерлікке» баулыған виртуалды ойындардың орнына таза ауадағы салауатты ойындар мен үстелде ойнайтын интеллектуалды ойындар пайдалы да қызықты еді. Әрі ұжымда қарым-қатынас жасауға және достыққа тәрбиелеуші еді. Уақыт-сағатымен ғана бағдарламалар көрсететін бар-жоғы 5 арнада бір күнде бір рет кеңестік болса да, «мейірімді» мультфильм көрсетуші еді. Ешқандай «ұсқынсыз әрі ақымақ теңіз өсімдіктерін» кейіпкер етіп алған шетелдің 24 сағаттық арналары әлі жоқ болатын. Бос уақытта және мерекелерде ата-әжеге, туыстарға және барлық көршілерге қонаққа немесе солармен бірге қыдыруға бару сияқты жақсы «дәстүрлер» болатын. Міне, осындай «виртуалды емес» өмір болған кезең, сол кезде болған адамдар неліктен бүгінгі өнерден тақырып ретінде әлі толық табылмай жатыр?..
    Ең бастысы, ол кезде адамның (әсіресе, жастар мен балалардың) жеке уақыты мен кеңістігі, жеке назары мен қызығушылығы өзінің ғана «меншігі» іспеттес болатын. Ал қазір сол «меншіктің» көп бөлігін электрондық-ақпараттық техникалық құралдар: ұялы телефондар, интернет, әлеуметтік желілер, спутниктің телеарналар, айфондар және т.б. «ұрылауда». Және бұл мәселе күшеюде. Демек, біздің замандас адамның бейнесі 15 немесе 20 жыл бұрынғы адам бейнесінен гөрі ой-сана, психикалық (тіпті физикалық) және ақпараттық иммунитет жағынан әлдеқайда әлсіз және қорғансыз болып көрінетіні түсінікті. Осының барлығы болашақ әдеби, драматургиялық, театр немесе кино сюжеттер үшін аса құнарлы өріс.
    Соынымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: әзірше бұл мәселені шеше алмасақ та, уақытты артқа жылжыта алмасақ та, лажы болмаса осы шындықтарды негізге ала отырып, тақырып ете отырып, өнер туындыларын неге жасамасқа!? Және неғұрлым қызықты, нақты және ерекше жағынан неге осы ойды жеткізбеске!? Тілшілер айтар… ұмытылар. Саясаткерлер айтар… ұмытылар. Өнер адамдары айтар… мәңгі бақи ел есінде қалар

Ахмет жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері