///

«Ордабасы» 2011 жылғы Қазақстан Кубогының иегері

1163 рет қаралды
5

 Шымкенттік «Ордабасы» Алматының орталық алаңында қостанайлық «Тобылдан» басым түсті. Жалғыз голдың авторы – Мұхтар Мұхтаров.

Алматы төрінде кездесскен қос команда да еврокубокқа жолдаманы маусым барысында алуға дәмелі еді. Алайда жол болмады. Үміттерін үкілеп келген екі командаға бүгін соңғы мүмкіндік берілді.

«Тобыл» негізгі күшін голды алғашқы болып соғуға жұмсағаны бірден байқалды. Бірінші минуттардан ақ бірден «іске кіріскен» қостанайлықтар толассыз шабуылға көшкен. Бірақ әрекеттері қауіпсіз болды. Сәтті қорғана білген «Ордабасы» қарсыластардың шабуылдарын асқан шыдамдылықпен қайтара отырып, өздері әлсін-әлсін шабуылдай бастады. Қайрат Әшірбеков қарсыластар алаңына құйын желдей ойнақ салып, «Ордабасы» 2 минутта 4 бұрыштама орындады. Азат Нұрғалиевтің қақпаға бағыттаған добы әлсіздеу келді, Дәуренбек Тәжімбетовтың соққысы қақпадан қиыс кетті. «Тобыл» қауіпті шабуылмен жауап қайтара білді, Гридинге гол соғуға сәл жылдамдық жетпеді. Кезек шымкенттіктерде Артем Касьянов допты аласалысымен айып алаңының бергі жағында тұрған Александар Трайковичке жеткізеді, Трайкович ортада ашық тұрған Мұхтар Мұхтаровқа баспен бағыштаса соңғысы допты қақпаға бірақ сүңгітті – 1:0. Артынша үрдіс баяуламай шымкенттіктер тек шабуылаумен болды. Сәттілік жетіспеді.

Екінші тайм бастала салып Тәжімбетов қарсы алаңда Ярослав Багинскиймен жалғыз қалды. Алайда қобалжуын жеңе олмаған Тәжімбетов допты ақырын теуіп алып қақпашыға оңай жем болды.

«Ордабасы» ұйымдастырған сәттерінің жартысын да іске асыра алмады. Бірде қарсыластарды қақпа бағаны құтқарса кейде шабуылшылардың өзіне дәлділік жетіспеді. Тағы бір фактордың есімі Ярослав Багинский болды. Бүгін «Тобыл» қақпашысы ең жұлдызды ойнын өткізген шығар, сірә.

Қостанайлықтар тек ойынның соңынде есіне келгендей болды. Қосымша минутта Богданов алыс қашықтықтан жойқын соққы жасады. Голкипер «сиқырлы» сейв жасап командасына жеңіс сыйлады.

Төрешінің биылғы маусымдағы соңғы ысқырығымен қоса, толағай табыс, өкінішті құлдыраулар мен таудай әсерлер артта қала берді…

«Ордабасы» — «Тобыл» 1:0 (1:0)

Гол: Мұхтаров 40 (1:0)

Ескертулер: Нұрғалиев 35 — Джолчиев 55, Бекрич 64

Алаңнең қуылды: Шливич 70

Олжас ОҚАСОВ

Мінбер-спорт

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Жарайсындар Шым кала окилдери. Біз сендерменбіз. Шымкенттін жігіттері шымыр екен демекшы, Нағыз күшті корсетипті. Еврокубок ұту керек. Біз ен мыктымыз!!!

  2. Шымқала, біздің қала ерледі!!! Бұл матч “Ордабасының” өмірін, қазақ футболының өмірін өзгертетін матч боларына сенейік!!! Олжас сен де жарайсың!!!

  3. Жарайсыңдар ойыншылар!
    Жақсы ойын көрсеттіңдер деп сенемін.

    Оқасов мырза, мақалаңыз қызықты шықты

  4. “ордабасыдан” енді еурокубок ойындарында үлкен жетістік күтеміз! Болашағы бар команда!

Фарииза жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар