//

Пептің қолы

919 рет қаралды
3

«Барселона» мен Хосеп Гвардиола арасындағы келісімшарт 2012 жылдың жаз мезгілінде аяқталады. Сондықтан Каталонияда осы күндері келісімшартты жалғау турасында қызу әңгімелер туындауда.

Мәселен, қақпашы  Виктор Вальдес Пептің «Барселона» тізгінінде қалуын қалайтыны жөнінде ниет білдірді: «Гвардиоланың бапкерлігімен «Барселона» үздіксіз даму үстінде. Оның арқасында біз ойыннан ойынға қосып келеміз» деумен қатар «Барселонаның» жаңа эпохасы Гвардиоланың есімімен байланысты. Сондықтан ол «Барсада» әлі талай жылдар жұмыс істесе екен деймін» деп ағынан жарылған екен.

Өз кезегінде клуб президенті Сандро Россель «Барсамен» бірге 12 жүлдені еншілеген тренердің клубтан кетпей, қалуы үшін бар жағдайды жасайтынын айтты. «Хосеп үшін басшылық есігі әрқашан ашық, біздің жаңа келісімшартымыз да дайын. Қашан қол қоям, қанша жылға қоям десе де өз еркі» деп оң ниетті екенін байқатты.

(Хосеп Гвардиола – Испания чемпионы (3 рет), Испания Кубогы (2 рет) мен Суперкубогының (3 рет) иегері, Чемпиондар  Лигасының жеңімпазы (2 рет), Еуропаның Суперкубогын (2 рет) жеңген, клубтар арасындағы әлем чемпионы.-авт.) 

Ал БАҚ арасында Гвардиола жұмыс орнын ауыстыру жайында терең ойланып жүр деген алыпқашпа әңгімелер қаңғып жүр. Тіпті ауысу жөнінде «Интер» президенті Массимо Мораттимен кездесу өткізген деп айтылып жүр. Бірақ Массимо Моратти бұл сөздерді түгелдей жоққа шығарды.

Хосеп Гвардиола қай клубпен келісімшартқа отырса да, ол жерде мынадай қолтаңба тұрары анық…

 

Олжас ОҚАСОВ

Мінбер-Спорт

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Алла разы болсын, сауатты спорттық сараптаманы көбейте түсіңіздер!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар