//

16 желтоқсан – Ұлы Жеңіс!

865 рет қаралды
5

Алдағы алты күннен кейін Алаш баласы бодандықтан бостандыққа жеткен Ұлы жеңісінің 25 жылдығын, Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлайды. СССР атты, Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрескен қазақ халқының сан жылдарғы күресінің шешуші майданы – 1986 жылдың 17 желтоқсаны еді. Бұл – Мұздай қаруланған, темір тормен тас құрсауланған қатыгез империяның қысқа, шолақ болса да адамзат тарихында адам қанын аяусыз шашқан асқынған, астамшыл саясатының ақырғы күндері. Ол Жеңіс – бұл күнде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталады! Алайда, 1986 жылдың 17 желтоқсанындағы жеңісті тас бүркеп, тарихтан сызып, жауып тастау сұм сайқал жүйе көздесе де қазақтың қаһарман ұлдары сол империяның өз төрінен әлемге паш етті. Мұндай батырлық ешбір империяның тарихында болмаған еді. Айбары әлемді тітіркенткен СССР – дың бас қаласы Мәскеудің қызыл кірпішпен қаланған қорғаны Кремль төрінде тайсалмай тік тұрып, отаршыл езгіге, басқыншы, содыр, шектен шыққан билік жүйесіне қақырық жерге түспес аязда қызыл қолмен қарсы тұрған бейбіт көтерілісті қанға бөктірген держава қылмысын қазақ баласы қаймықпай аян етті! Сөйтіп адамзат баласы тағы бір қанды шеңгелден азат етілді.

Ата-бабаларымыз жаттың басқыншы-отарлаушыларына қарсы ел мен жердің азаттығы үшін тоқтаусыз күрес жүргізді. Мұндай халықтық көтерілістің бәрі де халық жадында мәңгілік қалған. Оларды кейінгі келешек еш ұмытқан емес! Ұмытпайды! Ал империя үшін ерікті, еріксіз күрескендерді өле-өлгенше атын атап, түсін түстеп, «ардагер» атап, «игілікке» бөлеу арғы ақ патша мен бергі қызыл империяның ойлап тапқан әдіс айласы еді. Осындай сұрқия саясаттың сарқыны әлі де жалғасып отыр. Елінің азаттығы, жерінің бостандығы жолындағы әділетті күресте еш кім, ешкімнен мақтау мадақ, ардақтау, ақы-қақы күтпесе керек! Демек, 16 желтоқсан қазақ халқының Жеңісі – оның ақтауы – Көк Байрағын Көк аспанға көтерген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі! Қазақ тарихына 16 желтоқсан Ұлы Күн – Ұлы Жеңіс Күні болып алтын әріппен жазылды. Алаш баласына Азаттық алып берген Арыстарға Бас иеміз! Ұлы Күн – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен барша Алаш баласын Құттықтаймыз! Аспан да алтын Күн, төменде қара жер, жер бетінде Адамзат баласы, Алаш аман болсын мәңгілік!

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Желтоқсанның мұзға жаққан алауы мәңгі сөнбесін. Ол үшін әр қазақ қазақ болуы керек. Мен осы тәуелсіздіктің Рухы арта түссін деймін. Алла жар болсын!

  2. СССР іріп-шірімесе қазақ баяғы да құрып кетер еді. Құдай сақтады. Қазір де орыстың ТЖ-сын жалап жүргендер аз емес. Қазақтың ойланатын уақыты енді келді. Елді, жерді сақтайық. Өз байлығымыздың қадыр-қасиетін өзіміз көрсек. Өзгеге жем болып отыра береміз бе? Қазақ неге кедей?

  3. Иә, ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ жақындап келеді, ал, біздің ел болса баяғы жартас күйінде мелшиіп қарап отыр….

  4. Ей, қазақ, сорлы қазақ, тым болмағанда Еліңнің Еркіндік алған күннін тойлайап, дұрыс насихаттай алмадың-ау! Кәрі бастарға айтарым жоқ, шикіл бастарға не болған?! Оларда біреудің артына кіргілері келе ме? Уй, жастар, сендер осы құлдық сана, құл дегеннің не екенін білесіңдер ме?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі