//

Құттықтаймыз, құттықтаймыз, исі қазақ баласын!

614 рет қаралды
1

Армысыз, Алты Алаштың асыл затты ардақты ұл мен қыздары! Бүтін қазақтың бүкіл баласын Ұлыстың Ұлы Күні – Ұлы Жеңіс Күні – Ұлы Күн – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! От басыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, өмірлеріңізге бақыт-береке тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр бір шаңыраққа бақ пен құт, байлық берсін!

Тәуелсіздік күні қазақ баласының көзінің жасы тиылып, көкірегінің шері еріген күн! Сондықтанда әр бір алаш баласы бұл күнді – Ұлы күнді асыға күтеді!

Көзіммен көрдім,

Құлағым:

Естіді еріп жыладым.

Қазағым Ел боп жаққанда

Тәуелсіздік шырағын, деп жүрегі жарыла қуанған күндеріміз көз алдымызда!

Тәуелсіздік – менің үздік арым, жаным, ұл-қызым,

Қайта таппас, түсті айнымас армандаған жолға ұзын.

Көсегем көк, күндіз түні көгімдегі көгілдір,

Аспанымнан ақпайтұғын, батпайтұғын жұлдызым.

 

Тәуелсіздік – тап-таза су, із түспеген ақша қар,

Сендік барым, сүйген жарым, тең келмейтін басқа пар.

Қас сұлудың бота жанар қарасындай, қарағым,

Алыстарға, жарыстарға шақырады ақ сүт шашан ақ сапар.

 

Бағзы жазу, сөйлей енді бәдізделген іздегі,

Аспанымда, жас қанымда ақ қаздардың тізбегі.

Дербестігім екі шегін дүниенің жалғаған,

Кербестінің жақсын кімге кісен, ноқта үзгені

 

Қаламымды, қайратымды, қанатымды ұштатқан,

Үш тұғырым, тойтаратын, торып жүрген күшті ақпан.

Тәуелсіздік тұмар таққан құсым менің киелі,

Киесіне ұшырайды, иесі бар құсты атқан!!! (Б.Б.)

Иә, бүгін сол Тәуелсіз Ел болғанымызға да жиырма жылдың жүзі болыпты. Құтты болсын мерекелеріңіз, Ағайын!

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Көлімінен ұзап ұшпайтын,
    Көңілім жүр ұшақта.
    Дауылдан қара ықпайтын,
    Қауымымды құшақта.

    Пейілім кетті далиып,
    Болысып тұр күш аққа.
    Қайрайды тісін,
    Қаны ұйып,
    Ұстаған күрмеп, тұсап та.

    Ірілер мен інілер,
    Теңесті, тәубә!
    Сай халық!
    Көгіме мәңгі ілінер,
    Көгілдір Туым жайқалып…

    Желбіреген кекілі,
    Жетілер желге,
    Жым сақта!
    Тәуелсіздік кепілі,
    Күште емес,
    Ынсапта!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі