//

«Руханият» партиясының мәлімдемесі

761 рет қаралды

 Бүкіл әлемнің назары Жаңаөзенде болып жатқан қайғылы оқиғаға ауып отыр. Ғаламдық ақпарат құралдары бейбіт халықтың жанын түршіктіретін деректер таратуда. Алайда,  Қазақстан  билігі тарапынан ақпаратқа шектеу қойылыуына орай қарапайым халық осы уақиға туралы толық әрі анық мәлімет ала алмай отырғанын мәлімдейміз.

Өкінішке қарай, Қазақстан ақпарат құралдары Республиканың бас прокуроры  мәліметіне сүйеніп 10 адамның қаза болғанын жарияласа,  кейбір Ресей ақпарат көздері 70 адам қаза тауып, 500 адам жараланды деген деректер таратуда. Басқа дерек көздерінде Ақтау қаласына ондаған самолетпен 1500-ге жуық ішкі әскери күштердің жеткізілгені айтылуда. Сонымен бірге ақпарат құралдарында ашық айтылмаудың салдарынан бейбіт халыққа кім оқ атты, адам шығыны қай жақтан болды, жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің іс қимылы заңға сәйкес келді ме? – деген сұрақтар халықты мазалауда.

«Руханият» партиясы осы күрделі мәселелердің анық-қанығына жету үшін құрамында ереуілге шыққан мұнайшылардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, биліктің өкілдері бар бүкілхалықтық қоғамдық комиссия құруды талап етеді!

Қымбатты Жаңаөзендік бауырлар! Ұлтымыздың басына түскен осындай қаралы күндерде біз сіздермен біргеміз! Бұл қантөгіске, қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда қаралы күн жариялануы тиіс!

«Руханият» партиясының атынан:

Мұхтар ШАХАНОВ, «Руханият» партиясының

қоғамдық көшбасшысы және рухани лидері;

Серікжан МӘМБЕТАЛИН, «Руханият» партиясының төрағасы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар