//

Жәмиға миллионер ақын атанды

1570 рет қаралды
6

Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, белгілі айтыс ақыны Жәмиға Дәулетқызы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін қанжығасына байлап, 3 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақыға ие болды.

Кеше(4 желтоқсан) Елорда төрінде 3 күн бойы жалғасқан айтыс аламаны өз мәресіне жетті. Алты алашқа сауын айтқан жыр додасына өңкей кіл мықты, көмейінен жыр төгілген, «сен тұр, мен атайын» дейтіндей атағы алашқа кеткен айтулы ақындар жиналған болатын. Айтыс тарихында алғаш рет өтіп отырған, бар қазақтың басы қосылған алаш айтысының неше күннен бері қазақы жүректі дүйім жұртты толқыта елеңдетуі де сондықтан болса керек.

 Енді міне, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыналған шаңды бәйгеден бабы да, бағы да жанып, қара үзіп келген ақындардың есімі де елге белгілі болды. Айтыстың бас жүлдесі Қытайдан келген белгілі ақын Жәмиға Дәулетқызына бұйырса, бірінші орын алған Әлібек Серғалиев, екінші орынды  Еркебұлан Қайназаров пен Мұқтар Ниязов, үшінші орынды Айнұр Тұрсынбаева، Сара Тоқтамысава және Қырғызстандық Аалы Тұтқышев жеке-жеке қанжығаларына байланды. Сонымен бірге осы жолғы ақындар айтысына қатысқан барлық ақындар да тиісті жүлделерден құр қалмады. Арнайы марапаттаулардың бірі Сара Тоқтамысава мен Қытайдан келген айтыс ақыны Күлсінай Тоқанқызына 500 мың теңге сыйақы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өткен болатын. Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, үлкен сахнаға енді шығып жүрген жас дарынды ақындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысты. Оған  Мырзатай Жолдасбеков, Бекболат Тілеухан, Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов,  Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Сейіт Қасқабасов, Өмірзақ  Айтбаев сияқты өнер қайраткерлері және айтыс жанашырлары қазылық еткен еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Міне, қазақы қаймағы бұзылмаған елдің қызы ер екендігін танытты. Оған бас жүлдені қанжығасына байлап, Қазақстан мәрт екендігін танытты деген осы. Қазақ қайда жүрсе де қазақ.

  2. Қытайдағы қазақ өкіліне бас бәйгені бергені дұрыс болыпты. Ал оларды қытайланудан қорғап қалу мәселесін де Қазақстан ойланғаны жөн. Қытайдағы қазақтар жоғалды деген сөз, қазақтың әдемі тілі жоғалды деген сөз.

  3. Жәмиға айтыстан соң біздің үйге қонақ боп кетті. 🙂 Біраз ұят жағдайлардың болғанын айтты. Жалпы айтыстың қасиеті жайлы да әңгімелер болды.

  4. Ол жағын ашып айту біздің Тәуелсіз ел болып отырғанымызға намыс болатын жағдайға саяды…

Сәрсен жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері