//

Жаңаөзен тағы бүлінді

1956 рет қаралды
12

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлау – дәл бүгінгідей бүліктен басталады деген үш ұйықтаса түсімізге кірмеген еді. Жеті ай бойы ереуілдетіп жатқан жаңаөзендік мұнайшылар мен құқық қорғау органдары өкілдері арасында аяқ асты қақтығыс болып, ресми мәліметтер бойынша, он адам қаза тапқан. Кейбір ақпарат көздері қаза болғандардың санын бірнеше ондыққа жеткізіп жатыр.

“16 желтоқсан күні таңертең сағат 11.30-да Жаңаөзен қаласында Тәуелсіздік мейрамын тойлау шаралары кезінде бір топ адамның қылмыстық әрекеті кесірінен бұқаралық қақтығыс орын алды. Жаңаөзен қаласының орталық алаңына Тәуелсіздік күнін тойлау мақсатынла жиналған бейбіт азаматтар бүлікшілердің шабуылына ұшырады. Тәртіп бүзушылар қоғамдық тәртіпті бұза отырып, полицейлерге шабуыл жасап, жаңа жылдық шыршаны, киіз үйлер мен сахнаны бұзып, полицей машинасын өртеп жіберген. Бүлікшілер бейбіт халықты ұрып-соғып, алаң маңында тұрған машиналарды қирата бастаған. Құқыққорғау органдары өкілдерінің бүлікті тоқтату жайлы ескертпелерін құлақтарына ілмеген олар қаруларын тартып алу мақсатында  олардың өздеріне шабуыл жасаған. Сол себепті де оларға қарсы атыс ұйымдастырылды” деді шұғыл брифинг өткізген Бас прокурор Асхат Дауылбаев.

Астанада өткізген брифингте Асхат Дауылбаев Жаңаөзендегі қалалық әкімшілік пен “Өзенмұнайгаз” мұнай газ компаниясы және қонақ үй ғимараттарының өртенгендігі жайлы ақпаратты растаған.

Жаңаөзендегі оқиға жайлы «К-плюс» телеарнасының бейнекөрінісі:

Мinber-Ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

12 Comments

  1. Жаңаөзендегі жұмысшылардың жағдайын түсінеміз. Бірақ тәуелсіздіктің 20 жылдығында бүлік салғаны дұрыс болмады. Тәуелсіздік біздің барымыз бен нарымыз еді.

  2. Қайтсін, жандарына аштық пен әділетсіздік батқан ғой. Қазақтың мұнайы, астығы, байлығы, тек ат төбеліндей топ пен шетелдіктерді шылқытқанымен, қазақ кедей күйінде қалды.

  3. Мұнай қоры жағынан Араб елдерімен теңеседі екенбіз. Бірақ, адам саны жағынан Араб елдерінің шаңына ілеспесек те, байлық жағынан тілімізді тістейміз. Қазақтың байлығы қашан өзіне тиесілі болаыд екен.

  4. мұнда бір гәп бар. біздің билікте алты ай бойы аш-жалаңаш алаңда жатқандардың айқайының мәнін тексеріп, тектеп, тиып, келімге келтіретін аузы туалы бір қайраткердің болмағаны ма? ашына-ашына арты ашу-ызаға ұласады. ол далаға жайылады. билік соны күтіп аңсап отыр ма? ана Мәсімов неге бармайды? ана депутаттар неге бармайды? мемлекеттік сыйлықтың иегерлері ақын-жазушылар неге бармайды? мыналардың тілегі мынау екен деп солар неге халыққа түсіндіріп айтпайды? өңкей қиқым болғанымыз ба? бір ереуілді тыныштандыратын бір кісісі жоқ билік несіне билік болып отыр? масқараа болмай кетпей ме! ел іші кеніш емес пе!

  5. Мұндай қақтығыстарды шет елдерден көрушы едык.Жаңаөзендегы оқиға жанымызды түршіктірді.Жұмысшылардың жағдайын түсінеміз.Бырақ басқа жолмен де шешуге болар еды.Дәл Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлап жиналған халықтың мазаларын алғандыры дұрыс болмады.Қаншама бейбіт адамдардың қаза болғанын,жарақат алған адамдардың не күняәсы бар еды.Кінәлі адамдар қатаң жазасын алсын!Өз елімізды, жерімізді қорғайық!

  6. Биліктің күш қолдануы дұрыс емес, бұған дейін не қарап отырған. Әлгі халық қалаулылары қайда? Олар неге Жаңа өзенге бармайды. Мына хастарды тағы да қанға бөктіріп қоймақ па? ертең, жыл өткен соң бәрі батыр, балуан болып шыға келеді.

  7. Бауырлар! Сабыр сактайык. Мемлекеттiгiмiзден айыргысы келетiндердiн азгыруына ермендер. Кандай котерiлiсте де сорлайтын кара халык болган, солай бола бередi…

  8. Жаңаөзен халықтарын түсінемін жалақыларын ала алмағандықтан осындай бұзақы іске барды бірақ оларыда дұрыс болмады қайтсін енді еңбек ақы үшін кім аянады жан ұя бағу керек халық өзіне тиесіліні алсын сонда ғана мынандай дау болмайды қарны тоқ болса қараптан қарап ел шу көтермейтін шығар қанша ақымақ болсада! бауырлар тек сабырлықпен ауыз біршілігіміз кетпесін ондай сұмдық енді қайталанбасын тілерім осы

  9. Бұл оқиға күллі қазақтың жанына батып отыр.Бұл ереуіл мәңгүрт, білімі таяз, сауатсыз топтың ісі деп бағалауға ғана тұрарлық іс. Қасиетті күн, тәуәлсіздік күні аш өзегі ішіне түсіп кетсе де алты аласы, бес бересі болса да сабыр қылуға болар еді, бүгін Аллаға тәуба қазақта аштан өлейін деп отырған ешким жоқ қырғызстан халқымен мүлдем салыстыруға келмейді олар тңып секірген ал біздікілер тойып секіріп отыр немесе біреудің аудауында кетіп барады. Айналайын бауырлар ким қанша беремін деп алдағанын білмеймін бірақ намыс қайда, қазақи жіген қайда, ұлтыңа ұлтарақ болсаңшы. СССР-ді таратқан айдачарларға да керегі осы емес па.Жау жоқ деме жар астында сақ болыңдар тат-бабаңның қарғысына ұшырап қалмаңдар ағайындар. Талай ғасыр жылаған қазақ даласына тағы бір қасірет сүйретіп келіп жүрмеңдер. Тарихты оқып көздеріңді ашып егемендіктің қалай келгенін ұғынып істеген әрекеттерің үшін қазақ даласынан, бүкіл қазақ баласынан кешірім сұраңдар. Меніңше КНБ сақ болуы керек еді осыған жеткізбей ұйымдастырушыларды кісендеу керек еді, ал қатысқан топ сауатсыздардан құралған мұрындықталған атан деп бағалаймын. Бауырлар Көкірегіңді оятып, көзіңді аш қасиетті Қазыбек бидің топырағын былғама, Исатай мен Махамбеттің аруағын жылатпа. Алла берген сабырды жолдас қылыңдар.

  10. ДАЛАДАҒЫ НАЛА

    Далада нала…– ежелден бізге таныс бұл:
    Қасалы Жебе құсалы Елге тағы ұшты!
    Ұшқынынан жүрегі күйіп ышқынды
    Арқалы ақын, Найзалы батыр, Намысты ұл!

    Талқыға түсті білекті менен білікті,
    Уақыт-қазы үкімін ішке бүгіпті…
    (Тарихтың кейде қайталанарын кім ұқты?!)
    Тағы да солай: – Жазалаушы топтың қырына
    Тағы да солай: – Жазықсыз жандар ілікті.

    Тарих, сенің қатпарың қилы, мың тарау,
    Мың қилы әнді шын дүлділ әнші шырқар-ау.
    Тағы да солай: – Домбыра сынып дойырдан,
    Тағы да солай: – Боздақты кәззап құртады-ау!

    Киелі жұрттан көрінді тағы қою шаң…
    (Тоқтар ең кәззап, тап осы шаңға тойынсаң!)
    Жоқтайды Ана мезгілсіз өшкен боздағын,
    Жоқтайды Ана – өзгеге бұрмай ойын сәл…

    Алауын жағып – замандастарын маздатқан,
    Жалауын жығып… – (сорлы Ананы боздатқан),
    Жанып-өшкен қыршын жастың рухы
    Шаршытоптарда қол бастар әлі сөз бастар.

    Қалғыған ұлтты балқытпай – мақтап, көлгірсіп,
    Бауырым, оят есті ісіңменен, көр түртіп.
    Жаңаөзенді еске ал: – Моласын құшып ұлының –
    Ананы көрсең көз жасын тұрған жел сүртіп…

    СӘНДІБЕК ЖҰБАНИЯЗОВ

  11. Қасалы жебе деген қандай жебе? Қаса – еркек жылқының жыныстық мүшесі емес пе?

  12. Интернет арқылы іздеп көр! Мүмкін, табылып қалар. Немесе Жағда Бабалық атамыздың кітабында да бар. Ұшына от байлаған жебені баларымыз “қасалы“ депті. Онымен жау қамалын өртеп, іріткі салу көзделген. Ұпай жинап, ұтысқа ие болуды көздейтіндерді қасалы жан дейді. Әбдіжаппардың тұқымы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі