//

Жезқазған қаласындағы Сәкен Сейфуллин ескерткіші

3372 рет қаралды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Жезқазған қаласында қоғам қайраткері, сұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші жаңадан бой көтерді. Осыған дейін 1994 жылы С.Сейфуллин ескерткіші қаланың ортасында қойылғанмен оның сынға ұшыраған болатын. Қала әкімі белгілі саясаткер Б.Әбдіғалиұлы қаланы дамытудың 20 бағдарламасы аясында ескі ескерткіштің орынына ақынның нағыз бейнесін ашатын жаңа ескерткіш орнату идеасын ұсынған болатын. Енді міне Жезқазған қаласының құрылған күніне орайластырылып, өр Сәкеннің қоладан құйылған еңселі ескертікші қаланың қақ ортасынан бой көтерді. Қала әкімінің басшылығымен осы ескерткішті жасау жайында алдымен қаламызда арнайы комиссия құрылып, Сәкен Сейфуллинге орнатылатын ескерткіштің ең үздік жобасына арналған республикалық ашық конкурс өткізудің тәртібі жарияланған болатын. Осы конкурста республикалық «ҚазАртСистем» ЖШС жеңімпаз атанды. Жалпы бұл ескерткішті Астана қаласында жасады. Идеяның авторы ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, мүсінші –Бақытжан Әбішев. Ескерткіштің биіктігі 7,5 метр. материалы таза қоладан құйылды, тұғыры мрамор тастан. Тұғырының ені – 4 метр.

Автор Сәкен Сейфуллиннің  ақындық келбетін және басқа да қыр-сырын толыққанды аша білген. Ескерткіштің ауқымдық құрылымы мен физикалық өлшемдері Арқаның ауа-райына сәйкестігі бір жан-жақты қарастырылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына алыс-жақынан елімізге белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері және ақынның туысқандары, жақындары қатысты.

Ескерткіш «Ғарышкерлер» бақжолы «Сарыарқа» мәдени-сауықтыру кешені алдына орналастырылды.

Е.Қуатайұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар