//

ДОСТАСТЫҚ «ДОС» БОЛМАДЫ

1372 рет қаралды

Санкт-Петерборда өтіп жатқан Достастық Кубогында Қазақстанның жастар құрамасы ширек финалда сүрініп, жарыстан тайды.

Слободан Крчмаревичтың шәкірттері Беларусь құрамасынан 2:3 есебіме жеңілді. Отандастарымыз матчтың алғашқы минуттарынан басымдылыққа ие болған. Сергей Хижниченко шапшаң қыймылдарымен беларустарды әбігерсе салды.

Крчмаревичтың командасы шабуылға бар күшін салды. Беларустар да әлсін-әлсін қарымта қайтарып тұрды. Бірақ қарсыластардың шабуылы Антон Сароканың алыстан бағыттаған соққыларымен шектеліп тұрды.

Есеп алғашқы тайм аяталарда ашылды. Қазақстандықтардың жылдам шабуылын Бауыржан Джолчиев сәтті аяқтады. Беларустар екінші тайм басталысымен алға ұмтылды. Қарсыластарға қолғанат болған төрешілердің күмәнді әрекеттерін айтып өтпеу мүмкін емес. Қазылар Қазақстан құрамасына пенальти тағайындайды. Антон Сарока мүмкіндігін пайдаланып кетті. 1:1. Қазылар он бір ойыншымыздың екеуін алаңнан қуып, беларустардың «жүгін» жеңілдетеді.

Он минуттан кейін Сарока дубль жасап командасын алға шығарады. Тағыда он минуттан кейін қақпамызға 3-і гол кіреді. Авторы Артем Теплов. Соңғы ысқырыққа дейін екі минут қаларда Евгения Горячидің тырысуымен есеп қысқарады. 2:3. Осы нәтиже ойын соңына дейін өзгеріссіз күйі қалды.

Қазақ футболшыларының аяғына доп тисе қарсы жел бетке  ұрып қасарысып шыға келетін әдеті бар емес пе…

Олжас НҰРАЗХАН


Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар