/////

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” VI-том

1518 рет қаралды
3

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз!

Майдан орталығындағы кісеннен мен құтылып қайтып келгенде, қылмыстан ашығып су қоймасы жатыпты. Қалған-қатқан бірер шайнам бірдемең бар ма дегендей шиқ-шиқ етеді.

Қарауындағы шынсыңдардың[1] үйтілетін бастарын үйітіп, шағылатын қол-аяқтарын шағып болған Саучыңсаудың өзін қылмыс жұтып әкеткен соң, Қылқара жендеттің мойыны тіпті қылқиып, кеңірдегі ғана қалыпты. Саяси нұсқаушы болып жаңа келген мына жуан, май басты офицер қылмыс табуға әлі төселе қоймаған, олақтау мүрит сияқты. Қылқараның көрсеткенін тарпа бас салса да жәркемдей алмай, айырылып қалады екен(Фамилиясы Уаң болғандықтан оған лауазымын тіркеп, Уаң зыдауян атамаса, мұның да шытынай қалатын мансапқорлық мінезі жетерлік көрінеді). Әтіреттің қалған тірілерінен сөйтіп еш нәрсе таба алмай, қу сүйек кеміргендей күйге түсіпті де, күрестің оғын өлген қылмыскерлерге қаратыпты. Лиңбяуға үш мың жыл бұрын өткен Кұңзыны қосақтап сындап жатыр екен. (Тіршілігінің соңғы кезінде Лиңбяу Кұңзының «өзіңді тежеп, жөнге қайт» деген өсиетін өз кереуетінің тұсына жазып қоятын болған екен. Бұл өсиет, науқан күресінің отын өшіріп, «мәдениет төңкерісін» тоқтатып тастайтындай кері төңкеріс болып көрінгендіктен, Лиңбяуға Кұңзының өзін қосақтап соққылау науқаны басталыпты.) Көп халық үш мың жылдар бойына әлпештеп келген Кұңзыны «сындап шіріту» үшін жесір әйелден некесіз туылғандығын да әшкерелемесе, қылмысына ол «мойындар ма». «Арамнан болған Кұңлауар[2] жоғалсын!», «төңкерістен бет бұрған, опасыз сатқын таз Лиңбяу жоғалсын!» деп ұрандатып жатқанда келіппін.


[1] Шынсың (ханзуша) – жаңа туылған (түрмеден шығып, өмірін жаңадан бастаушы мағынасында)

[2] Кұңлауар – Кұңзының жанама аты. (ағайынды Күңдердің екінші үлкені деген сөз.)

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

Шымкенттен жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар