///

Деңгене(бәс) жеу

2614 рет қаралды
2

Ертеде ауылдың зеріккен жігіттері әзіл-қалжыңдары жарасатын ауқатты бір үйге түсіп: «Деңгене» жегелі келдік,-дейді, кей жерде оны «бәс», кей жерде «бәсіре» дейді. Үй иесі олардың қалауы бойынша не құнан қой немесе бір семіз қозысын сояды да түгел асып сорпасымен қосып түгел алдарына қояды.

Деңгене ертедегі қазақ азаматтарының бір түрлі бәсеке, жарыс ойыны, оның шарты: «деңгене» сұраушылардың талабы бойнша үй иесі мейлі ірі қара, мейлі ұсақ мал болсын, ең семізін сойып, етін түгел асып сорпасымен қосып алдарына түгел қояды. Егер оны олар түгел жеп үйден құспай шығып кетсе жеген малы не болсада сұраусыз, ойына келгенін айтып алуына болады. Егер жей алмаса немесе табалдырықтан аттанбай жатып құсса, бір малдың орнына үй иесіне екі мал төлейді және үй иесінің талабын орындайды.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Өте қызық екен! Мұндай салт болғанын білмеппін! Рахмет!

  2. Өте қызық екен! Мұндай салт болғанын білмеппін! Рахмет!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар