//

Кеденді жайлаған кесел

694 рет қаралды
2

Ақпан айының басында елімізде тағы бір үлкен даудың шеті шықты. Бұл жолы әдеттегі медицина не болмаса білім саласы емес, сәл де болса саябырлағандай көрінген кеден мәселесі. «Қорғас» кеденінің бастығы Б.Жұмабековтің заңсыз әрекеттерінің әшкереленгеніне көп уақыт бола қоймаса да, еліміздегі бұл сала әлі де болса бір қалыпқа келер емес. Ақпанның 3-де «аса ірі көлемде пара алды және қызметін асыра пайдаланды»-  деген күдікпен еліміздің бас кеденшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ Мұрат ЖҰМАНБАЙ былай деп хабарлады:

– 2012 жылғы 3 ақпанда агенттікпен ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовке қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Аталған күні Баймағамбетов ұсталып, Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Ағымдағы жылы 5 ақпанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының санкциясымен ол қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Кедендік комитеттің енді бұрынғы басшысы Серік  Баймағамбетов бұл орынға 2011 жылдың 6 мамырында отырған болатын. 2009 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі Істер министрі етіп тағайындаса, екі жылдан соң Баймағамбетовты Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «еліміздегі Бас кеденші» атандырды. Оған дейін бұл лауазымды 4 жыл бойы Қозы-Көрпеш Кәрбозов иеленген.

Енді дауға негіз болған жоғарыдағы «ірі көлемдегі параға» келсек. Бас кеденшінің қанша нөлі бар соманы қалтасына басқаны белгісіз. Ресми емес дерек көздері болмаса, қаржы полициясының баяндамаларында нақты сандар айтылмаған. Есесіне жетпей тұрған сан есімнің орнына «өте үлкен сома» деген  бір ғана сын есім айтылады. Қаржы министрлігінің алқа жиынынан кейін орнынан түскен Баймағамбетов туралы алып-қашпа сөздер өте көп.Әсіресе, орыс тілді ақпарат құралдары бұл мәселені ерекше белсенділікпен зерттеуде. Оның барлығын айтып жатудың керегі жоқ, тек бейресми ақпарат көзі болса да сандарды сөйлетейік. Экс бас кеденшіге артылған айыптардың бірі – лауазымды орындарды сатқандығы. Мысалы, Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы лауазымы 300 мың долларға сатылған. Сондай-ақ, Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығының орны 700 мың доллар тұрады екен. Төрағаның орынбасарларының креслолары ның құны 600 мың доллардан басталады. Бұл мәліметтер  www.time.kz және www.bnews.kz секілді сайттардың пікір бөлімінде қалдырылған. Аталған сандардан бөлек сол лауазымды сатып алған адамдардың тізімі  толығымен жарияланған. Одан бөлек бірнеше танымал тұлғалардың есімі де кездеседі. Атышулы ақпаратты бейресми дерек көздері таратқандықтан, сену қиын. Десек те, жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды…

Кеден, шекара  – кез келген мемлекет үшін ең маңызды салалардың бірі екені тарихтан белгілі. Ежелгі қағандар мен бұрынғы басшылар, әскери қолбасылар мен танымал мықты деген мемлекет басқарушылар ең алдымен осы бір мемлекеттік құрылымды  реттеп отырған. Сондықтан кеден – қай кезде де ең маңызды мәселе болған. Солай бола тұра көлеңкелі табыс көзі де. Себебі шекараның бергі беті мен  арғы жаға арасында ақша айналымы үзілмей, үнемі жүріп отырады. Ол дегеніңіз – көз алдыңда ағып жатқан балыққа бай өзен сияқты. Қармағыңды қалағаныңша сала бер. Тек сол аймақта рейд жасап жүретін тексерушілердің қолына түсіп қалмасаң болғаны… Бірақ, біздің Бас кеденшілер балық аулаудың қызығына түсіп кеткен балықшы сияқты. Дер кезінде қармағын жинай алмай, үнемі дау-дамайдың ортасында жүреді. 2010 жылы «Қорғас» кеденінің бастығы Б.Жұмабеков қылмыстық тобымен ұсталған болатын. Дәл сол «Қорғас» және «Қалжат» бекеттері 2011 жылы Қозы Көрпеш Кәрбозовтың орнынан дау-дамаймен кетуіне себеп болды. «Кедендік салада тыныштық орнатамын» деп сенімді түрде серт берген Серік Баймағамбетов болса, қазіргі таңда тергеу изоляторында.Бұл аталған тұлғалар кеденді жайлаған кеселді құртамыз деп келсе де, түрлі себептермен ойыннан тыс қалып жатыр. Осы тұста қазақтың мына бір сөзі ойға оралады: «Жаяудың шаңы шықпас» – деген. Бұдан түйгеніміз,  қазіргі таңда еліміз үшін маңызы өте жоғары кеден мәселесін шешу – бір адамның қолынан келмейтін іс. Оған тұтас мемлекет араласу керек. Басқа шешім жоқ.

Несіпбаев Нұршапағат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Бұлардың әдеті болды ғой… Ашкөздердің Алла жазасын берсін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі