/

Көңіл айтамыз

2729 рет қаралды
7

«Мінбер» Ұлттық интернет газетінің ұжымы белгілі ақын һәм жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлына анасы Қамшыбай қызы Күлиманның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз! Асыл ананың топырағы торқа, иманы жолдас болсын!

Құрметті аға Бақытбек, Алланың әміріне шара бар ма, болаттай берік болыңыз!

  «Мінбер» Ұлттық интернет газетінің ұжымы

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Берік болыңыздар! Қаза қайырлы болсын! Өмір де, өлім де Алланың жазуындағы іс. Құдайым ендігі ұрпаққа ұзақ ғұмыр берсін! Марқұмның жаны жаннатта болсын!

    • Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретариаты белгілі ақын Бақытбек Бәмішұлына анасы Күлиман Қамшыбай қызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

      • Есенгүлге.
        Қаламдас қарағым ЕСЕНГҮЛ, аяулы Анаңнан көз жазып қалыпсың, Гүлекеңнің тағдыры солай ұйғарған соң, айтар бар ма, бекем бола біл. Санаңның саралығымен, қаламыңның қарымымен замандастарыңа ой тастап, жақсы сөз айтып жүрген саған Анаң да риза болып: “Құдайдың бергеніне шүкір” деп өткен шығар. Марқұмның алды жарық, иманы жолдас болсын! Гүлекеңнен қалған дастархан сендердің біріне бірі ұласар тойларыңа жайылуын тілеймін! Ғаббас (Қабышұлы). 10.03.2012 ж.

  2. “Түркістан” газеті тұрақты авторымыз,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлына және газетіміздің қызметкері Есенгүл Кәпқызына анасы Күлиман Қамшыбай қызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

  3. Есенгүл Ханым!
    Анаңыздың арты қайыр болсын! Сайтты енді ашып байқадым. Бақытбек ағамызға анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, Рақымы мол Алладан сабырлық тілеймін. Бәрімізге ортақ анамыздың жатқан жері жайлы болсын! Алла Жұмақтың төрінен берсін! Мәлік бауырларыңыз

  4. Есенгүл,Бақытбек! Қайғының арты қайырлы болсын! Сайттан енді көріп, біліп отырмын. Бәкең анасынан, артынан қызынан айырылғандығы жайлы суық хабар жүр екен.  Қандай өкінішті! Қайғыларыңа ортақпын! Марқұмдардың жаны жанната, топырағы торқа болсын!  Алла сендерге сабыр берсін! Жаңыл Әпетова.

  5. “Қазақ газеттері” ЖШС және Серіктестікке қарасты басылымдардың еңбек ұжымдары “Түркістан” газетінің қызметкері Есенгүл Кәпқызына және ақын Бақытбек Бәмішұлына аналары Күлиманның қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі