/

Көңіл айтамыз

1231 рет қаралды
13

«Мінбер» ұлттық интернет газетінің  ұжымы белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлына қызы Айторының мезгілсіз қаза болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз! Бар-жоғы жиырма жасында қыршын кеткен жастың топырағы торқа, иманы жолдас болсын!

 

«Мінбер» ұлттық интернет газетінің  ұжымы

Парақшамызға жазылыңыз

13 Comments

  1. Апа жоқтауынан

    Жаратқанның ұстасы-ай,
    Жібімей жатқан қыс басы-ай!
    Гүлімдей жайнап өсіп ең,
    Гүл өмірдің қысқасы-ай…

    Қарқарадай қарғамай-ай,
    Қалықтап ұшқан арман-ай.
    Құлыным, жөн ед орныңа,
    Құдайым мені алғаны-ай!

  2. Қазаның арты қайырлы болсын! Өмір бар кезде, өлім де бар. Тосын хабар екен. Аллаһ тағала артында қалғандарға сабыр берсін! Өздеріңізге бекем болғайсыздар. 

  3. “Түркістан” газетінің ұжымы тұрақты авторымыз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлына қызы Айторының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады

  4. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы белгілі ақын Бақытбек Бәмішұлына қызы Айторының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтады. Марқұмнның жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын.

  5. Қазақстан Жазушылар одағының секретариаты белгілі ақын Бақытбек Бәмішұлына қызы Айторының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

  6. –       
    Сабыр-сабыр,-
    дейді жұрт,–
    Сабыр түбі сары алтын.
    Көкірегімде қайғы – құрт,
    Жан алқымға аласың.

    Лапылдап жанған ішімде өрт,
    Жалыны суға басылмас.
    Саулығым жоқ күшім – дерт,
    Суалды, солды асыл тас.

    Адалға құрық салдырған,
    Ажалға айтам лағынет.
    Айторым мұзды жандырған,
    Алаулап тұрған шағың ед.

    Неге-неге, беренім,–
    Алыстадың, арманым?
    Көп еді ғой берерің,
    Жоқ еді ғой алғаның?

    Ғылым іздеп кетіп ең,
    Сүйегіңе жолықтым.
    Менсіз өсіп жетіп ең,
    Сенсіз қарғам, зорықтым.

     

     

     

  7. Бәке! қайғыңа ортақпын, болған іске болаттай берік бол, досым! 

    Қуандық Ш.

  8. Өмірді тауыстың
    ба,

    Бақиға ауыстың
    ба,

    Құлыным?

    Атаңмен табыстың
    ба,

    Апаңмен қауыштың
    ба,

    Құлыным?

    Боз айғыр
    кермемде,

    Боздайды шерменде,

    Құлыным!

    Қайғы-дерт
    өңменде,

    Қалмады жер
    менде,

    Құлыным!

    Түн басқан
    күніміз,

    Зар, мұңды
    үніміз,

    Құлыным?

    Сүреңсіз сіріміз,

    Әзірге тіріміз,

    Құлыным.

     

    Атаңмен табыстың
    ба,

    Апаңмен қауыштың
    ба,

    Құлыным?

     

  9. Менде барды біреу емес, жүз үміт,
    Сұм тағдырдың болар ма екен сызы ұмыт.
    Сыңар тізгін қай бағытқа әкетер,
    Қос тізгінім бірі кетті үзіліп.

    Үзілгенді болады ма жалғауға?
    Күні-түні әзәзіл кеп арбауда.
    Сұры тұман ішіменен сырғытып,
    Көк ат кетті алып ұшып жарлауға.

    Болжап болмас бақ пен сорды ілгергі,
    Мына жалған жылатпаған кімдерді?
    Бірде шалып,бірде алып бергенін,
    Неше мәрте мені сынап үлгерді.

    Жаутаңдайды көктеміме күз күнім,
    Алла дағы алар дейді үздігін.
    Жауап таппай жаратқанның ісіне,
    Жүрегіме мұңлы-зарлы сіңді үнім.

    Аспан ашық, көзім алды бұлыңғыр,
    Көз ұшында құлдыраңдап құлын жүр.
    О Тәңірім, ағызған жас сөзімнің
    Нұрыменен құлынымды жылындыр!

     

  10. Талаптың мініп
    пырағын,

    Мұхиттан асты
    шырағым.

    Місе тұтпай оны
    да,

    Биіктеп кетті
    бұла ағын.

     

    Бір міні жоқ
    расынада,

    Сәулесі мол басында.

    Айторым өтті
    өмірден,

    Жиырмаға толған
    жасында.

     

    Өлімнің қорықпай
    нарқынан,

    Өмірдің шығып
    шартынан.

    Аптаға толмай
    арасы,

    Апасы кетті
    артынан.

     

    Ботадай көзі
    мөлдіреп,

    Босатып бойды
    телміред.

    Айтуға қимай өлді
    деп,

    Бауырым барад
    елжіреп.

     

    Запыран қайғы
    алымды,

    Жайлап-ақ алды
    жанымды.

    Солатұғын түрім
    бар,

    Шығармасам зарымды.

     

    Айып етпе,
    ағайын,

    Аңырап біраз
    алайын.

    Бұндай қаза
    көрмеп ем,

    Көрсем де тағдыр
    талайын…

     

    Сор басты көңіл
    әйнегін,

    Кигенім емес жай
    кебін.

    Аман жүрсе
    Айторым,

    Алдында ед талай
    бәйгенің.

     

    Өмірдің көрсе
    қызығын,

    Өмірдің татса
    шыжығын.

    Болмас еді менде
    арман,

    Бітірсе сосын сызығын.

    25.03.2012.

     

     

     

  11. Тобылғы түсті торым-ай

    Тоқсан күн болды толғанып,
    Тоқсан күн толды тоңғаным.
    Тобылғы түсті торым-ай,
    Тон екенсің, қорғаным…

    Ақпан айда ақ бұлттан,
    Жасын түсіп жайрадым.
    Қыстың күнін жайлатып,
    Жоқтау айтып сайрадым.

    Тебірендім, теңселдім,
    Тентіреп кетті қайдағым.
    Төңкеріліп төрімнен,
    Төгілді шара айраным.

    Тобылғы түсті торым жүр,
    Бүйірімде бүлтиіп.
    Жүрегіме кеттің-ау,
    Жібімейтін бұлт үйіп.

    Тоқсан күн толды жылымық,
    Сезілмейді қыраттан.
    Қайғыға тосқан қалқанын,
    Қарағайды құлатпан.

    Тоқсан күн болды жырақтап,
    Тобылғы торы кеткелі.
    Ұшып жатыр бір-бірлеп,
    Көңілімнің кептері.

    Ақ қоянның азалы,
    Аяқталды көктемі.
    Тобығыңнан келмеді-ау,
    Тобылғы-ғұмыр көшпелі.
    25.05.2012ж

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі