///

Оқушылар мен студенттерге арналған онлайн-аударма байқауы

1333 рет қаралды
2

Аударма жасау бойынша «Lingvo 2012 кубогы» халықақалықаралық ашық чемпионаты  студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларын шақырады.

Бесінші рет өткізілейін деп жатқан турнир жыл өткен сайын қатысушылар арасында танымал болып келеді, сонымен бірге онлайн-аударма бойынша ең ауқымды байқау екенін дәлелдеуде.

Ағылшын, неміс, француз, испан тілдерін жетік меңгергендерге «Lingvo 2012 кубогы» кәсіби аудармашылардан қызықты тапсырмалармен қатар, түрлі сыйлықтар ұсынады.

Жарыс екі кезеңде өткізіледі: 2012 жылдың 11-12 сәуірі мен  16 мамыры.

Марапаттау осы жылдың маусымында өткізіледі.

Ең басты сыйлықты ұтып алған жеңімпаз екі апталық саяхатқа барады. Бұл саяхат жеңімпаздың үйреніп жатқан тіліне байланысты, Ұлыбритания, Франция, Алмания немесе Испанияда өтеді. Бұл саяхатты  ITEC компаниясы ұсынып отыр.

Жарысқа жасы он алты жастан жоғары мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аспиранттар қатыса алады.

Өткен жылы бұл жарыс 36 елден 5700 қатысушыны қамтыды, оның ішінде Ресей, ТМД және Еуропа елдері, сонымен қатар Австралия, Бруней, Индонезия, Иран, Канада, Қытай, Нигерия, АҚШ және Оңтүстік Корея болды.

«Кубок Lingvo 2012» чемпионатына қатысу үшін 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін тіркелу  қажет.

Толық ақпаратты байқаудың сайтынан оқи аласыздар: http://kubok.lingvo.ru/

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Сәлеметсіздерме мен студентпын жасым 16да ағылшыннан қандай конкурстар бар

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі