//

Алуан түрлі ауа-райы

2308 рет қаралды
2

Қазақ халқы ерте заманның өзінде-ақ аспандағы айға, жұлдызға қарап ертеңгі ауа-райын болжап отырған. Оған дәлел ретінде «Сүмбіле туса су суыр» немесе «Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірер»-деген мақал-мәтелдердерді келтіруге болады. Дегенмен, қазіргі заманауй технологиялардың дамып тұрған заманында, ауа-райының болжамын гидромед орталықтары зерттеп, халықты күнделікті ауа-райы мәліметтерімен құлақдар етіп отырады. Бұл мәліметтер баспасөз беттерінде, радиода, телеарналарда, интернет сайттарында таратылады. Осыған байланысты, әрбір азамат ауа-райын өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерден ала алады. Бірақ, сол ақпараттың қаншалықты нақты екендігіне келгенде, «әттең-ай»-лап қалатын жағдайларға кезігесіз. Себебі, қазақстандағы ауа-райы мәліметтері әр арнада әртүрлі таратылатынын халық көп жағдайда біле бермейді, білсе де көп жағдайда оған назар аудармайды. Осы мәселені зерттеу мақсатымен Казгидромед орталығына ат басын тіредік. Мұнда гидрометеарологиялық және экологиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Гүлнұр Мусралиновамен сұхбаттастық. Оның айтуынша: «Қазгидромет» орталығымен күнделікті байланысып отыратын санаулы ғана арналар бар. Олар: «Қазақстан ұлттық арнасы», «Хабар», «СТВ», «31» және «Қазақ Радиосы». Бұл арналар біздің орталықпен тікелей қызмет атқарады. Бізде, ақпарат ақылы және ақысыз түрде беріледі. Телеарналарға біз ақпарат көздерін ақылы түрде береміз. Кейде, өзара келісіп, олар біз жайлы ролик түсіреді, біз оларға ақпаратты тегін береміз. Ал, сот бөлімшелеріне, әкімшіліктерге, төтенше жағдайлар қызметіне, әскери бөлімшелерге біз ақпаратты ақысыз түрде таратамыз. Себебі, олар халықтық  қауіпсіздікке жауапты қызметтер. Басқа жағдайда таратылып жатқан «Ктк», «Нтк», «Хит Тв» сынды арналардың таратып отырған ауа-райы мәліметтеріне біздің ешқандай қатысымыз жоқ. Егерде біз жайлы немесе бүгінгі  ауа-райын білгіңіз келсе  біздің www.almatymeteo.kz сайтына кіріп тегін ақпарат ала-аласыз.»-деді. Бұл маманның пікірі. Ал қарапайым бұқара бұған не дейді?

Кенбаева Мәкен, жоғары білімді кітапханашы:

–         Мен өз басым «КТК» телеарнасын үзбей көремін. Өйткені, бұл ащы шындықты шыңғыртып айтатын бірден-бір арна. Ауа-райы болжамына келер болсам, өз басым арнадан беріліп жатқан мәліметтерге сенбеймін. Ең дұрысы, таңертең ерте тұрып күн райының жылы немесе салқын екенін біле салған ыңғайлы. Кейде жаңа туған айға қарап осы айдағы ауа-райының қандай болатынын іштей біліп отырамын. Егер жаңа туған ай шалқасынан түсіп жатса, ол айда жауын-шашын мол, жайсыз болады. Ал керісінше, оңынан туылып тұрса, ол ай халыққа жайлы, жылы болады деп өзімше ой түйемін.

Садықова Райхан, мұғалім:

–         Біздің отбасымызда түгеліміз Қазақстан ұлттық арнасы мен Хабар арнасын қараймыз. Күнделікті ауа-райы мәліметін де содан алып отырамыз. Себебі, бұл арналар күн райының болжамын айтпас бұрын, ең алдымен «Қазгидромедтің хабарлауынша» деген кіріспе тіркесті пайдаланады. Осыған байланысты біз ол мәліметтің нақты әрі сенімді екенін білеміз.

Илесова Сұлушаш, зейнеткер:

–         Мен бала күнімнен ауа-райын аспандағы жұлдыздар арқылы біліп отыратынмын. Аспанда жұлдыздар саны көп болса, ертеңгі ауа-райы да жылы әрі шуақты болады. Егер жұлдыздар әр жерден бір сығалап тұрса, онда ауа-райы салқынырақ болады. Аспан төрінде мүлдем жұлдыз болмаса, онда күн суытады. Немесе күннің батып бара жатқан шағында көкжиек қызарса, ертеңгі күн шуақты әрі жайлы болады деді.

«Халық айтса,қалып айтпайды»-дегендей, халық пікірінің ауанын да білгендей болдық.

17 сәуір күнгі ауа-райы

Келесі кезек арналарымыздың еншісінде. Қалта телефонын алып «КТК» телеарнасының анықтама бөліміне хабарластық. Тұтқаны Сая есімді жас ару көтерді. «Сіздер ауа-райы мәліметін қайдан аласыздар?»-деп төтесінен қойылған сұраққа , аруымыз кідірместен  «вик айдиа груп» компаниясынан деді.

– Неліктен Қазгидромедпен байланыс жасамайсыздар? Себебі, біз «вик айдиа груп» компаниясымен келісім шарттамыз. Компания бізге нақты әрі тексерілген ақпарат береді.

– Неге «вик айдиа групп» пен Қазгидромедтің берген мәліметтері бір-біріне сәйкес келмейді?

– Ол жағын біз білмейміз, оны компаниядан сұрап біліңіз, – деп, ару бізбен қоштасты.

Қарап отырсаңыз бұл мәселеде кінәлілер жоқ. Ақпаратты таратуын таратып, жауапкершілікті басқа біреулердің мойнына арта салады. Міне, қазақ телеарналарындағы басты проблема осы. Дегенмен, бұл басқа мәселе. Ауа-райы мәліметі құбылғанымен, ішіңіздегі жан дүниеңіз құбылмасын.

Мадамарова Аруна

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі