//

Дара «Дарабоз» әділ өте ме?

1133 рет қаралды
5

Қазақ балалар әдебиетінің маңдайынан сипап жүрген «ZHERSU» Корпорациясының президенті Бауыржан Оспановқа мың алғыс дейікші, әуелі. Жыл сайын (биыл 7-рет өтеді) «Дарабоз» бәйгесін өткізіп, ақын-жазушылардың шығармашылығына шабыт қосып, азын-аулақ қаражатпен болса да жігерлендіріп жүр. Бұл да болса, өскелең ұрпаққа жасаған шапағаты ғой. Әйтпесе, бізде ақшасын қалтасына сыйдыра алмай жүрген бай көп. Бірақ «ұлт», «келешек» деген қаиетті ұғымнан жұрдай. Мұны айтып күйіп кетсек те, жанып кетсек те жайымыз осы. Негізі, айтпағымыз бұл емес.

Былтырғы жылы бас бәйгеге 1 миллион теңге тігілген. «Біткен іске сыншы көп». Дегенмен, сол жүлде «әділ берілмеді» деп күңкілдеп жүргендер де жетерлік. Балалар басылымында жүрміз ғой. Өткен жылы орын алған талдықорғандық Жеңісбек Дулатбекұлының (жүлде тапсырыларда келмеген бұл кісіні «бар адам ба, жоқ адам ба?» деген сөзді де естідік) «Жанталас» атты хикаяты «Ұлан» газетінде жарияланғанда оқыдық. Құны 1 миллион теңге тұратын дүние емес.

Бәйгені ұйымдастыруда басы-қасында жүрген жазушы Шәкен Күмісбайұлы: «Бұл жабық бәйге. Мұнда бәрі әділ өтеді. Барлық шығарма бүркеншік атпен келеді. Кімнің жеңімпаз болғаны конвертті ашқанда ғана белгілі болады», – деп айтудан жағы талмайды. Ол кісінің сөзіне дауымыз жоқ. Бірақ әлгіндей сыпсың әңгімелер өріп жүрсе, не дейміз? Шығармаларға қазылық ететіндердің кім екені жабық бәйге болғандықтан, алдын ала ешкімге белгісіз. Шәкен аға: «Жыл сайын қазылар ауысып тұрады» дейді. Сондай-ақ, қазылық еткен адамдарға да Бауыржан Оспанов тәп-тәуір қаржы ұстатын көрінеді. Бізге кім қазы болса да, кімнің шығармасы топ жарса да бәрібір дей алмас едік, бірақ.

Жанашырлығымыз деп қабылдар. Қай автордың шығармасы бәйге алғаны анықталып болған соң, неге қазылар алқасының құрамында кімдердің болғанын жарияламасқа? Бәйгенің қортындысында «осындай себепті, мына шығарма жүлде алды, мынадай шығарма жарамсыз деп танылды» деп бір-екі мысалмен дәйек келтіре кетсе, қазылардың шапанын ешкім шешіп алмайды. Сонда кім қаншалықты әділ болғанын біліп отырар едік.

Жадыра Нармаханова

Дереккөз: zhasorken.kz

Сурет: baq.kz

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Өз басым сенбеймін. Былтырғыларының бірде біреуінің шығармасы лайықты болған жоқ.

    • “Жаужурек мын бала” фильмы унаса, 211 ж. гран-при алган “Жанталас” айгак далел болар

  2. Әдеби сыйлықтардың шын талантқа берілгені бар ма шіркін, анау “Алаш” сыйлығын иттің итақайы алып кетті ғой соңғысын.

  3. Алаш халықаралық сыйлығы туралы пікірге қосыламын. Былтырғы сыйлықты елуге тарта адамға берді.Оны жариялауға жазушылар одағының дәті бармады. Өйткені сыйлық алғандардың 70 пайызы көңіл жықпастықпен алған болатыг. кім бәгі алғаннын Алматы ақшамы газетінде жарияланды. соны оқып жағамды ұстадым. түңілдім.

  4. дарабозды халықаралық бәйге, оған кез келген үміткер қатыса алады дейді…бірақ орынды белгілі адамдар алады…мен де биыл да былтыр да өз шығармамды жібергем….былтырғы өлендерімді балдырғанға жібердім…биылғы ертегімді уланға жіберіп көремін…”жалғасы бар ертегі..” деген ертегі. басылып жатса, окып көрерсіздер…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі