//

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Қытай телеарнасына берген сұхбаты

1102 рет қаралды
3

Қытай журналистері дайындаған Қазақстан туралы сюжетте Кәрім Мәсімовтің ұлты “ұйғыр”  деп  таныстырылады. Сюжетте К.Мәсімовпен сұхбат та беріледі, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы журналистке майын тамыза пікір берген Қазақстан премьер-министрінің ұлты қытайлар үшін неге маңызды болды екен? Ойлантады. Төменде сіздер түсіну үшін сюжеттің қытай тілінен қазақ тіліне толық аудармасын әрі дәл осы сюжеттің интернеттегі сілтемесін ұсынамыз.

Бейнесюжеттің 04 минут, 05 секунтында қытай тілшісі К.Мәсімовті ұйғыр ұлтының өкілі ретінде таныстырады. 

  

«Шілденің бірі, екісі күндері Орталық Азияда экономикалық талқылау, көлемі бойынша ірі мемлекеттердің бірі Қазақстанда өтті. 68 елден келген 3000 уәкіл Астанада бас қосты. Экономикалық дағдарысқа қарсы дөңгелек үстел өтті.

Бұл жиналыстың негізгі мақсаты, болашақта дағдарысқа қарсы экономиканың тұрақты дамуын талқыға салу. Азияның қауіпсіздігін сақтау және экономиканың көп салалы болуы.

Дүние жүзілік экономикалық ауыр дағдарыстан кейін Қазақстан өкіметі экономикалық механизмі толық және сыртқы инвестицияны тарту, жолға қою арқылы экономикасын көтерді. Биылғы жылдың алғашқы бес айында мемлекеттің GDP 8, 3 пайызға көтерілді.

Қытай мен Қазақстан түйіскен шекарасының ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Қазақстан мен Қытай көршілес елдер болуымен қатар, Қытай Қазақстанға ең көп инвестиция салушы мемлекет. Қытай Қазақстан экономикасының өсуіне басты себепкер болды. Қазақстанның кең байлығы мен энергиясы Қытайдың тез қарқынмен дамуына себепкер болды.

Қазақстан  ЕҚЫҰ ның төрағасы болуымен қатар , Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болды, енді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етпек. Қазақстан Орта Азияның қауіпсіздігі және дамуына түпкілікті себепкер болады. Соның ішінде Қазақстан мен Қытайдың өзара және өзге де топтар арасындағы дамуы талқыға түспек.

Өткен он сегіз аптаның ішінде Қытайдың Қазақстанға деген инвестициясы он бес миллион доллардан асты. Қытайдың соңғы ең үлкен инвестициясы Қытай Мұнай Газ компаниясының құбыр тарту жұмысы. Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Екі мемлекеттің жоғары лауазымдарының кездесуі экономикалық дамуының тұрақтылығын күшейтті» деген болатын.

Журналист: Дүние жүзілік экономикалық дағдарысқа қарамастан Қытай мен Қазақстан сауда, қаржы, энергия сияқты салаларда өте күшті байланыста болды. Ал сіз Қытай мен Қазақстанның стратегиялық байланысына қандай баға бересіз?

К.Мәсімов: Қытай мен Қазақстан байланысы өте жақсы. Биыл Қытай төрағасы Ху Джин Тау Қазақстанға келді. Ол менің президентіммен көптеген мәрте өте маңызды жұмыстармен сауда, ақпараттық, достық аясында келісімге келді. Мен Қытаймен болған компаниялық селбестіктері артқандығына өте қуаныштымын.

   Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің ұлты ұйғыр. Ол бұрын Қытайдың ұлы құрылығы мен ГонгКонгта білім алған. Қытай тіліне жетік. Оның Қытайға деген терең түсінігі Қытай мен Қазақстан байланысының артуына түрткі болды.

Журналист: Сіз осыдан жиырма жыл бұрын қытай тілінің керек боларын біліп Бейжің, Ухань сияқты маңызды оқу орындарында білім алыпсыз. Қытай тілін жетік меңгердіңіз. Бұл сіздің болашақты болжай алатын қасиетіңіз бе?

К.Мәсімов: Сіз дұрыс айттыңыз. 1988 жылы алғаш рет Қытайға бардым. Ол кезде Совет өкіметінің студенті едім. Сол кезде қытай тілі өте қиын деп ойладым. Ал, қазір ол мен үшін өте маңызды тіл. Қытай қазір алып ел. Қытай мен Қазақстан көршілес елдер. Сондықтан біздің қатынасымыз өте маңызды. 1980 жылдары Қытайда оқығандығыма өте қуаныштымын.

Табиғи байлығы мол болуы екі ел арасындағы қатынастың күшті болуына себеп және экономикалық селбестіктің артуы бүкіл Орта Азия елдерінің дамуына елеулі үлес қосты.»

Мұратбек ОРАЗ

Дереккөз: janaozen.net

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қытай интернет энциклопедиясында Кәрім Мәсімовтің ұлты қазақ деп көрсетілген. Бұл істің астарында саясат жатқан болуы мүмкін. Абай болайық ағайын, қытайлар ұйғұр мәселесінің “отты қазанын” Қазақ еліне қарай бұрғысы келіп отырған болуы мүмкін.

  2. Казахтан садага кетсын! Агайын уйгыр торымызде отыр! Осы мурттынын аркасында кытайлар былым алып быздын есы жок бастыктарга пара берып балаларын ЦОН жане баска манызды мекемелерге жумыска кыргызып жур. Дуние тарихында ешкандай мемлекет ешкандай уйгырды окымет жумысына отыргызбаган. Айтеуыр тубы не болады. Айтеуыр АЛЛАХ туп кайырын берсын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі